Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Педагогикалық іс-әрекет. Мұғалімнің этнокөркем және психологиялық мәдениеті

Жас ұрпақтың тәрбиесін тыңғылықты жолға қою үшін, сол тәрбиені жүргізуші мамандардың бойында этникалық көркем мәдниетті қалыптастыру шарт. Біздің қозғап отырған мәселеміз мәдениет жайында болғандықтан, мәдениет ұғымы жөнінде айтып өту орынды деп санаймын.

Мәдениет ұғымына берілген анықтамалар жетерлік, тек ағылшын тілді әдебиеттердің өзінде 160-астам, ал жалпы батыс европада 250-астам анықтама берілгені мәлім.

«Мәдениет» термині қазақ тіліне арабтың «маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезіндегі қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні – мәдениетпен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне замандағы «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б. э. д. 45 ж) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдіреді. Уақыт өте келе еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі кездегі сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген.

а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (полеолит мәдениеті, критмекен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж. т. б. );

б) мәдениет – адамдық өркениеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж. т. б. );

в) агромәдениет, көркем мәдениет т. б.

Мәдениет — жалпы алғанда материалдық және рухани болып екі бағытта қарастырылады. Бізге қатысты – рухани мәдениет. Рухани мәдениет – адамның, бір этностың бүкіл өмір сүру тәжірибесі барысында жинақталған құнды қасиеттер.

Көркем мәдениеті, рухани мәдениетке жатқызу дәстүрі өнердің барлық көріністерін қамтымайды деп есептей отырып, М. С. Каган мәдениетті үш салаға бөледі: материалдық, рухани және көркем. Онымен қазақстандық ғалым М. Х. Балтабаевта келіседі.

Ал, америкалық мәдениеттанушы Л. Уайт мәдениетті бір тұтас жүйе ретінде қарап, оны үш салаға бөледі. Бірінші – технологиялық сапа. Яғни, материалдық игіліктер мен оны жасайтын құралдар арқылы адамдар өзара және табиғатпен байланысқа түседі. Екінші – әлеуметтік сапа. Бұнда адамдар арасындағы қарым-қатынас, экономикалық, саяси, этникалық, кәсіби және т. б. Үшінші – идеологиялық сапа. Бұған идея, діни сенім, білім нысанының (символдық) түрлері, мифология, ғылым, халық даналығы т. б. жатады.

Сонымен, жоғарыдағы анықтамалардан кейін мынадай ой қорытуға болады: мәдениет – қоғамның бір саласы немесе бір бөлігі емес, сол қоғамның бір тұтас айғағы, әрбір ұлттың бітім-болмысы және әрбір ұлттың ұлт ретінде тіршілік етуінің тікелей дәнекері.

Көркем мәдениет – адамзат көркем шығармашылық өнерінің жиынтығы. Т. Тәжібаев 60-жылдардың басында жазған «Ауылдағы қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстан мектептері» атты мақаласындағы қазақтардың мәдени өміріндегі фольклор, музыка өнері, қолданбалы өнері және халықтың тәрбиелік дәстүрлері басты рөл атқарғанын ескертеді.

А. Сейдімбек өз еңбектерінде «…көшпелілердің ең алдымен сөз өнері, музыка өнері, қол өнері мәдени-рухани құбылыс ретінде дамыған және олар үшін өнер тек ана рухани-эстетикалық ләззат беріп қоймаған, сонымен бірге ел қамы, халық тағдырына да қатысты істерге қолқанат болып, саяси-әлеуметтік мәселелердің шешудің құралы да бола білген. Өнер көшпелілердің өмірінің реттеушісі» деп түйіндейді. Бүкіл дүниенің тұтастығын сақтап ұстап тұрған – әсемдік, сұлулық екені баршаға аян ақиқат. Егер адамзат әсемдікті, сұлулықты сезініп, оны қажетсінуден қалса, бәрі де хайуанданып кеткен болар еді; ал әсемдік те,  сұлулық та әр ұлттың өзінің көркем мәдениетінде екені де белгілі нәрсе. Халқымыздың «Қаз болам деген қарға оңбайды, қарға болам деген қаз да оңбайды» деген даналық көп қырлы сөзінің бір қырынан қарағанда, әр ұлт өзінің төл мәдениетінің аясында тәрбиеленуі керек екендігін дәлелдейді.

Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны оқушыларға адам, табиғат, оның әсем сұлулығының қоғам құбылыстарының тығыз байланыстығын меңгертуде, олардың дүниетанымын, эстетикалық көзқарастарын қалыптастырып, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуде барлық білім салаларымен әсіресе өнер пәндері өзара тығыз байланысуы қажет. Өнер пәндерінің сәйкестігіне байланысты мына пәндерді біріктіру (Аспапты музыка, ән өнері, сәндік- қолданбалы өнер, би қимылдары, сөз өнері) тұғаның этнокөркем мәдениетін қалыптастырудың төте жолы. Бұл жөнінде профессор М. Х. Балтабаев өз ғылыми мектебінде 1-4, 5-6, 10-11 сыныптар үшін тұжырымдаиалық жобасын жасады. Бұл жоба біздің ойымызша, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінен басталып, үздіксіз, жүйелі түрде жоғары арнаулы білім беру мекемелерінде жалғасын табуы керек.

Білімнің негізі бастауыш мектепте  қаланатыны белгілі. Демек, біз жоғарыдағы мәселені шешу үшін, кадр мәселесі яғни, болашақ музыка пәні мұғалімдерінің және көркем-эстетикалық циклдағы пәндерді оқытатын мұғалімдердің этно-көркем мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл үшін көркем өнерімізді жеке-жеке емес, біртұтас дүние ретінде оқытуымыз керек.

Осыған орай мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика ғылымында алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен түрлі әдіс-тәсілі С. Гусев, П.Груздев, С. Иванов, А. Моисеев, М. Рубенштейннің, педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми негіздері Н. Александров, В. Ильин, И. Огородников, А. Пискунов, Н. Кузьмина, және т. б. зерттеулерінде кеңірек орын алған.

Педагогтың білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және психологиялық мәдениетті меңгеруі міндетті.

Психологиялық мәдениетке адамның психологиялық саулығы мен өзін-өзі және басқа адамдарды тануы, өзін-өзі ұстау және қарым-қатынас жасау мәдениеті жатады. Психологиялық құзырлыққа педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби міндетті шешуге қажетті психологиялық білім мен іскерлік кешені кіреді.

Қазіргі таңда осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстары қызу түрде жүргізілуде (О.Абдуллина, Б.Айтмәмбетова, В.Сластенин, А.Щербаков, Н.Хмель және тағы басқалар).

loading...

Педагогикалық іс-әрекет мәнін ашуда біз, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен жалпы іс-әрекет мәселесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл іс-әрекеттің жалпы теориясы М.Демин, Н.Гордеева, Б.Зинченко, Г.Батищев, М.Каган, А.Леонтьев, т.б. ғалымдарды еңбектерінде қарастырылады.

Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықталады. Білім берудің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениеттанымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандарының жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, біріншіден, оның мәдениетіне байланысты деп санайды.

Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымдар пікірінше.

Үшіншіден, қазіргі маман – ол ойлау жүйесінде қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениетті тұлға.

Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін қалыптастыру үшін әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп есептейді.

Бесіншіден, болашақ мұғалімдер дайындау көтеру үшін «жалпы мәдениет деген не?» деген сұраққа жауап беруіміз керек. Қазіргі ғылымда нақтылы мәдениеттің анықтамасы қалыптасқан жоқ. Себебі, мәдениет жан-жақты қарастыруды керек ететін ілім. Ал философияда бірнеше пікір қалыптасқан. А. Здравомыслов, А. Ядов, О. Дробницский мәдениет тұлғаның іс-әрекетін қалыптастыратын әмбебап механизм деген анықтама берсе, мәдениет – материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деген пікірді  В. Пираранов, Ю. Ефимов, И. Громов, А. Арнольдов, Н. Чавчавадзе, т. б. білдірген. Ал мәдениет – қоғамдық өмірдің әлуметтік және рухани ортасында тұлғаның шығармашылық қырын көрсетеді деген ойды В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильясова айтып жүр. Э.Маркаряннің пікірінше, мәдениетті жасайтын күш. Белгілі американ психолог-гуманисі А.Маслоу «мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек», дейді.

Сонымен, мәдениет деген не? Мәдениет пен өркениеттіліктің өзара байланысы қандай? Мәдениет – адам әрекетінің, маналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекеттің қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Адамның дамуы мәдениетке тікелей байланысты.

Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, сол қоғамдағы өндірістік қатынастардың қандай болғанын анықтау, өмір салты мен рухани дүниесі қандай ерекшеліктерімен анықталатынын ажырата білу қажет. Ендеше мәдениетті адамның іс-әрекетін оның қоғамдағы қызметінен бөліп алып қарау мүмкін емес.

Б.Ананьев «Өмірде әрбір индивидке қажетті ойын, оқу, еңбек әрекеттері» десе, Ә.Алдамұратов «Іс-әрекет деп адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған белсенді қылықтары» дейді. Сондай-ақ, оқу үрдісін әрекет тұрғысынан зерттеушілер де (П.Гальперин, Ф.Талызина, А.Маркова, Г.Щукина тағы басқа) оқу әрекетінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көздеген нәтижеге жетуі тек қана оқу мотивтерінің дұрыс тәрбиеленуімен байланысты болатынын тұжырымдайды.

Оқу әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымын, оқушыны дамытудағы атқаратын қызметін білу керек. Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең басты өзгешелігі: оқушының үнемі «Жаңа дүниеге енуімен», әрбір жаңа әрекетің бөліктерін игерумен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты.

Маманның кәсіби тұлғалық  даму деңгейінің бес негізгі критерийі бар: руханилық, кәсіби-біліктілік, кәсіби әрекетке операциялық-технологиялық  дайындығы, шығармашылық белсенділік және бейімделу қабілеттілігі.

Рухани көрсеткіштер мына төмендегілер:

—     кәсіби әрекетке саналы қызығу;

—     қарым-қатынас жасай білу, айналасындағылармен араласу;

—     адамдарды түсіне білуі;

—     адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (ар-намыс, борыш, жауапкершілік);

—     сөзі мен ісі арасындағы байланыс;

—     рухани құндылықтарды бағалау.

Кәсіби-біліктілігінің көрсеткішіне жататындар:

—     болжам жасау қабілеттілігі (жұмысын жоспарлау, қиындықтарының алдын алу, тағы басқалар);

—     әрекетінің жетістігі;

—     әрекетінің саналы деңгейі (ғылыми негізде жұмыс жасау);

—     стратегиялық, тактикалық міндетерін белгілеу;

—     кәсіби әрекетте түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу шеберлігі;

—     күрделі кәсіби міндеттерді шеше білу;

—     әрекеттің мақсаттылық деңгейі;

—     түрлі әдістемелер мен технологиялармен жұмыс істей білу;

—     зерттеу жүргізе білу дағдысы;

—     ұйымдастыру қабілеті.

Шығармашылық белсенділік көрсеткішіне мыналар жатады:

—     кәсіби әрекетте шығармашылық элементтерін қолдану;

—     шығармашылық материалының күрделі деңгейі;

—     өз шығармашылығын балаларға үйрете білу;

—     балалардың шығармашылық қабілетін дамыта білу.

Педагогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық мәдениеттің прагматикалық және рухани бөліктерінің арасында байланыс бар. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.

Педагогтың жеке дара мәдениеті – тұлға әлемі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады, іс-әрекеттің кәсіби және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жағдайында туындайды.

Кәсіби мәдениет – еңбек нәтижесі мен адамзаттың жалпы мәдениетінің өнімі. Тұлғалық мәдениет дегеніміз, әлеуметтік іс-әрекеттің әр түрлі формалары арқылы әлеуметтік шараларды ережеге сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы, ал білім беру жүйесінде педагогтың қызметтік мәртебесіне пара-пар.

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиелеу теориясы мынадай жалпы ғылыми және жалпы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді: ғылымилық, адамгершілік, диалектикалық теория мен жүйелілік, қарым-қатынас пен педагогикалық шеберліктің, білім және басқа да заңдылықтар мен сабақтастығындағы ерекше қасиет.

 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016