Ардақты анашым

«Ардақты анашым» 8 наурыз сценарийі
(балалар музыка әуенімен залға кіреді).

Жүргізуші:
Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.Айнала толған қызылжасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз….
(музыка әуенімен көктем кіреді)

Көктем ханшайымы:
Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. Менің ғажайып гүл бағыма қош келдіңдер.

Жүргізуші:
Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.

Көктем ханшайымы:
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Тақпақтар:
Аруана: Ана олбіздің елде ардақты адам
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған
Өзінің аяулысыОтанды да
Анадеп біздің халық текке айтпаған.
Сұлтан.С:Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай,
Үмітіңдей көзіме,
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзімде,
Еміреніп тұр күліп.
Әлихан: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Әлпештеген баласын,
Анабақыт, анакүн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!
Батырхан: Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам барма екен.
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен тарайды.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.

8 наурыз сценарий балабақшаға.Хор: «Ақ мамам«.
Көктем ханшайымы:
Балалар!Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл, барлық тілектерімізді орындайды. Ол үшін гүл желектерінен сұрайық
1.Біз бірінші гүл желегін жұлайық,
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға,
«Көктем» әнін сыйлайық!

«Көктем» әні:
Көктем ханшайымы:
2.Ұш, ұша түс гүл желек,
Бақшамызға қон желек.
Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық біз тілейді.
Қазір шығып ортаға,
«Гүлдеріміз» би билейді.

Би: «Гүлдер»
Көктем ханшайымы:
3.Біз үшінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық…..

Тақпақтар:
Айлин. Ержетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы
Иіскеп маңдайынан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.
Алина: Менің әжем жақсы адам,
Қорғайды мені әрқашан.
Міндетім ғой ол менің
Артық көру басқадан.
Арманжан: Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Анамыздың қасында,
Жұлдыз болып жанамыз!
Асанәлі: Өзіңнің ерке балаң бұл,
Арнайды бүгін саған жыр.
Жақсылық тілеп жаныма,
Әрқашан ана аман жүр.

Көктем ханшайымы:
Аяулы аналар! Сіздердің қамқорлықтарыңызда шек жоқ. Әрқашан аялы алақандарыңызбен ыстық бауырсақтарыңыз бала үшін дайын.Бүгін балаларыңыздың қалай тамақ пісіретіндерін көрейікЕндеше кезекті ойынға берейік
Ойынымыз «Көмекшілер» деп аталады.

Көктем ханшайымы:
5. Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық
Ананыңбіз гүліміз,
Анабіздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің биіміз!
Би: Чунгачанга.
Көктем ханшайымы:

Әнімізге ән беретін, кешімізге сән беретін аналарымызбен бірге ойын ойнайық.
Ойын: « Ананы сәндейміз» (ұлдар)
Көктем ханшайымы:
6.Гүл желектің біреуін,
Қане, жұлып көрейік.
Сізге бүгін сыйқұрмет,
Жан аналар мерейім.
Келіпті бізге қонаққа,
Сән үйінен сұлулар,
Осы нұрлы көктемнің
Сән үлгісін көрсетпек….
(Музыка әуенімен мода көрсететін қыздар кіреді)

Меңгеруші:
Апайыма ұқсаймын
Үйретемін тәрбие.
Балабақша ұстаймын,
Меңгерушімін әрине.
Тәрбиеші көмекші:
Мен, көмекші бала үшін қуанып,
Күніне 100 тарелка жуамын.
Бала деген болашақ ұрпақ үшін,
Шаршасам да ұмытып кетіп жатамын.
Музыкант:
Күмбірлетіп күй де тарта аламын,
Мың бұралып биде билей аламын.
Аспаптарда ән де айта аламын,
Өйткені мен Музыка жетекшісі боламын.

Батыр ана:
Мен анамын,батыр ана атанған,
Балалары ана үшін шаттанған.
Дәмді етіп пісіремін тағамды,
Оқытамын тәрбиелеп баланы.
Сән үйінен келдім міне,
Көрсетуге модаңды

Әже:
Мен әжемін, маған сөз бере ме?
Балаңнан да тәтті дейді немере,
Гүл сияқты алақанмен аялап,
Күн сияқты көтеремін төбеме.
Әжемін мен, ырысы мол береке.
Айналайын, құтты болсын мереке.

Оқушы:
Әлдилеп білім бесігін,
Мектептің ашам есігін.
Бестік баға аламын,
Оқушы менің есімім.
Көктем ханшайымы:
Сән үлгісін көрсеткен аруларымызға қошемет көрсетейік….
Хор. Анаға сыйлаймыз.
Көктем ханшайымы:
Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,

Берші анама бар жақсылық, тәңірім!! – деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік
(сыйлықтарын аналарға береді)
Көктем ханшайымы:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!

Ұқсас материалдар

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017