Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ата-анамен жұмыс

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, МКҚК «Алтын дән» балабақшасы, Инсебаева Роза Кемелбаевна, аға тәрбиеші.
Ата – аналармен ұйымдастырылған жұмыс
Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл сөзден басталады»

1-ші жүргізуші:
Қайырлы кеш, ата-аналар, балабақша бағбандары, қонақтар!
Бүгінгі «Адамгершілік — асыл сөзден басталады»
атты балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ата-аналар арасында өтетін тәрбиелік кешімізге қош келдіңіздер.

2-ші жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ақ жандар,
Тәрбиесіне баланың жанын салған.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,
Ойын ойнап, өлең-жыр да оқылар.

Бүгінгі кешімізге қатысушы «Күншуақ» және «Ақбота» топтарының ата-аналарын ортамызға шақырамыз…..
1-ші жүргізуші:
Халқымыздың сөз құдіреті қашанда танысудан басталған ғой, ендеше екі топтың өздерін таныстыруларына кезек берсек…

Ата-анамен ортақ жұмыс.2-ші жүргізуші:
Қазақ халқымыздың тіл мен сөз құдіретінің мән-мағынасын білдіретін асыл қазынамыз бұл мақал- мәтелдер. Енді кезекті Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерге береміз.

1-ші жүргізуші:
Бала күлкісі, былдырлаған тәтті қылығы кімнің де болса жан жүрегін елжіретері хақ. Әр топтан «Бала тілі — бал» әңгімелерінен үзінділер..

2-ші жүргізуші:
Бойымызды жазып, сергіп алу үшін «Арқан тартыс» ұлттық ойынымызды ойнауды ұсынамыз..

1-ші жүргізуші:
Ұрпағымыздың иманды, адамгершілік, әдептілік сияқты асыл қасиеттерді бойына дарытып үлкен азамат болып өсуіне ата-ананың, отбасы мен өскен ортаның, туған елдің берер тәрбиесі мол.

Ендеше туған елге, еліміздің жүрегі Астанаға деген патриоттық сезімдерін өлең шумақтарымен білдірмек…
Өлең оқу «Астана туралы».

2-ші жүргізуші:
Сіздерге «Отандастар» және «Қазақстандықтар» екі сөз беріледі, осы сөзден мағынасы бар бірнеше сөз құрауларыңыз керек..

1-ші жүргізуші:
Отаным туған бесігім,
Өзіңмен батар әр кешім.
Еркелеп сенің төріңде,
Бақытты өмір мен кешем..

Енді кезек «Ойлайық та, ойнайық» айдарымен берілмек..
Отан, туған жер дегенде ойымызға оралатын ыстық сезімдерімізді ақ қағаз бетіне түсіреміз..Сөз мағынасын түсіндіріп өтеміз.
Жеңімпаздарды анықтау.
Ата-аналар атынан қорытынды сөз.

Ұқсас материалдар

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017