Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Бала тәрбиесі

Балабақшада қойылған талаптар үйде де орындалып, сақталуы үшін тәрбиешілер ата-аналарды арнайы ережелермен таныстырады. Мысалы, оларға баланың ас үстінде өзін дұрыс ұстауы, қасындағы адамдарды сыйлауымен, гигиеналық және эстетикалық тұрғыдан тазалықпен байланысты екенін түсіндіреді.

Сонымен қатар ата-анаға ең бастысы бала үшін бойын, жүрісін қалай түзесе дәл солай қимыл мәдениетін үйрету керектігін айту. Бұнымен неғұрлым ертерек айналысса, соғұрлым тиімді болмақ. Егер ым тілі және қимылы баланың ойына сіңіп, әдетіне айналса, оны тәрбиелеу қиынға соғады.

Тәрбиеші ата-анаға бала қимылының жағымды болуының маңызды екенін ескертеді: қыздар – нәзік, шынайы, тартымды болса, ал ұлдар шапшаң, жинақы, шыныққан болуы тиіс. Балалардың жүрісі жеңіл болуы керек, денесі тік, иығы көтеріңкі, ырғақты, қимыл-әрекеті жинақы. Мектеп жасына дейінгі балаға талтайып жүрудің, адамды сұқ саусағымен көрсетудің, біреудің көзінше қасынудың, танауын тарта берудің өте жағымсыз әрекеттер екенін түсіндіру керек.

бала тәрбиесі баяндама.Кей кезде ата-аналар: «Осы балам жаман әдетті кімнен үйренген? Мен оған бұлай үйретпеген едім ғой?» деп қиналады. Бірақ олар сонымен қатар, дәл уақытында дұрыс тәрбие бере алмай қалғандарын ұмытып кетеді. Егер баланың іс-әрекеті шектен шығып бара жатса, және оған үлкендер кешіріммен қарайтын болса, байқаусызда жасалған қимылдар әдетке айналуы мүмкін. Мұндай балалар көп жағдайда біреудің айтқанымен емес, өз білгендерін істеп жүреді.

Жаман әдеттерге қарсы ең тиімді әдіс – оларды қадағалау және ескерту. Егер бала жағымсыз әрекетті үйренсе одан арылту мүмкін бе? Әрине мүмкін, тіпті баланы қойып үлкен адамның өзін тәрбиелеуге болады, ал жастайынан ескерілсе ол тіпті тез түзеледі. Ең бастысы жаман әдетті түзеуде баланың әдетті неге істейтінінде емес, осылай жасауына не әсер ететінінде, яғни не себеп болғанын ескеру керек.

Егер жаман әдеттер балабақшаға баратын балада туындаған болса, ата-ана мен тәрбиеші бірігіп баланы қадағалаулары керек, яғни мұндай әдет неден туындауы мүмкін: бос жүргеннен бе, жоқ болмаса басқа баладан үйреніп алды ма т.б. Ал себебі байқалған кезде, тәрбиеші балаға қалай қарауды біледі. Көп тыйым салмауға тырысады, оны басқа бірдеңелермен айналдырып, қызықтырып, ол әдетті ұмыттыруға тырысады.
Тәрбиешінің шыдамдылығы, ата-аналар тарапынан үйде қолдау көрсетілуі баланың жаман әдеттен арылуына негіз болады.

Әбден үйреншікті болып кеткен әдеттерді түзету өте қиын екені белгілі. Баланы олардан арылту үшін ата-анамен толық келісім керек. Ең бастысы жоғарыда айтқандай әдеттің туу себебін анықтау керек. Мысалы, бала тамақтану үстінде аяғын қозғалта берсе, орындықтың ұзындығы оның бойына сай ма, соны қадағалау тиіс. Баланың іс-әрекет, қимылын үнеміқадағалап отыру керек, аздаған жағымсыз қылық көрінсе ескерту жасау

комментариев 5 Пікір қосу

  • Бала тәрбиесіне барлық адам дәл осылай назар аударса екен, кейбір атта-аналарды бала тәрбиесі аландатпайды мені осы мәселе қатты қынжылтады.

  • баяндама мағыналы түрде жазылған. тооық барлығы ашылған.

  • сәлеметсіз бе! бұл баяндама өте жақсы жазылған маған ұнады

  • баяндамада нақты бала тәрбиесі жайлы көрсетілген, жақсы баяндама.

  • Бала тәрбиесіне байланысты жазылған бұл мақала өте тартымды.Ең маңызды мәселелер көтерілген . Менің ойымша әр ата-анаға пайдалы.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017