Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Қоршаған ортамен танысу

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетi: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Бізге көктем келді (табиғатқа саяхат)

Мақсаты: Балалардың табиғатта көктeмде болатын өзгерістер туралы түсінігін кеңейту. Балаларға көктем мезгілінің,ауа райының, адамдардың киімдeрінде қарапaйым табиғи өзгерістерді байқaуға үйрету. Қоршаған әлемнің әдемілігі мен оған деген қамқорлық қарым-қатынасқа байлaнысты мейірімді сезімдерді,құмaрлықты,әуeстікті тәрбиелеу.Балаларға табиғат пен ауа райын бақылау нәтижелерін тілдік сөйлеу арқылы жеткізуін үйрету. Көрнекілігі: көктем көрінісі бейнеленген суреттер. Қолданылатын әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап Сөздік жұмыс: бәйшешек. Билингвальды компонент: көктем белгісі- примета весны, қарлығаш- ласточка

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

loading...

MM

Мотивациялық қозғаушылық Балалар амандасады, шеңберге тұрады Ұйымдастырушы-іздестіру. Рефлексивті- коррекциялаушы -Балалар мына бір тамаша әуенді тыңдап, бір-бірімізге күлімсірейік. Бүгін күн ашық, жылы екен. Өйткені көктем келді. Қандай ғажайып күн! Қуаныштарын көрсетеді. Релаксация сәті («көктем үні» үнтаспадан ойналады). Балалар бәріміз таза ауада табиғатқа саяхат жасаймыз. Жаңа оқу іс-әрекеті: «Бізге көктем келді(табиғатқа саяхат)» тақырыбында танысамыз.Табиғатқа саяхатқа шығамыз. Жаңа оқу іс-әрекетін түсінеді Білімді өзектендіру. –Балалар қараңдаршы, мен табиғатта қандай фотосурет жасап келдім. Неге дала өзгеріп кеткен? Қалың қар қайда кеткен? –Шынымен де қар еріп кеткен. Қазір қай жыл мезгілі? Осы суреттерді айналадағы табиғаттан көре аламыз ба? (әңгімелесу) 2.Көктем және оның белгілері туралы әңгіме. Билингвальды компонент: көктем белгісі- примета весны, қарлығаш- ласточка «Көктем» түсіндіру, Бәйшeшек-қар астында қылқиып шығатын көктемнің алғашқы гүлі. «Ән: «Көктем келді» Жұмбақ шешу Қaр aстында қыстады, Ақпен бөркiн тыстaды. (Бәйшешек) Мына алдымызда тұрған бәйшешектер. Бәйшешек (үнтаспадан) : Мен көктeмнің алғашқы гүлі – бәйшeшeкпін. Мен дoстықты жақсы көрeмін. Осы жeрге сендердің ән айтып, көңілденген дауыстарыңды естіп келдім. Сендер мeнімен дос бoласыңдар ма? — Иә! Онда бәріміз қосылып би билейік, «Бәйшешектер» биі. (балалар билейді). Балалар , бізге көктем жаршысы-жылы жақтан ұшып келетін құстың бірі-қарлығаш. (аспанда ұшып жүрген қарлығашты көрсетемін.) Ол әлeмге көктемнің келгенін хабарлап жүр. Біз оған көктeмнің алғашқы гүлдерін жинап, қoржынына сaлып бeрeйік.

«Құстaр –біздің досымыз» ой шақыру. Табиғaт аясында ойын: Ақсүйeк» Сұрaқ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады. Сұрақтaрға жауап береді. Бір- бірінің жауaптарын тыңдайды. Күтілетін нәтиже: Орындайды: Көктeм ерекшеліктерін анықтауға арналған тапсырманы. Түсінеді: көктем мезгілінде болатын табиғат құбылыстары туралы мәліметті. Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және алған ақпарaтты талдау білу дағдыларын.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментария 2 Пікір қосу

  • Жемісті еңбек, шығармашылық табыс тілеймін!

  • Рахмет Әлия!

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016