Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Мүсіндеу Тақырыбы: « Аққала»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Мүсіндеу Тақырыбы: « Аққала»

Мақсаты: Балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру; домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту; Қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, үлгі, ермексаз, тақтайша, сулық.

Қолданылатын әдіс – тәсілдері: Түсіндіру,көрсету, көрнекілік. Сөздік жұмыс: қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады. Билингвальды компонент: аққала-снеговик.

MM

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастырушы-іздестіру

Рефлексивті- коррекциялаушы

Балалар бәрі амандасады, өлең тыңдайды.

Балаларға қыс туралы өлең оқу.

Қыс келді, қыс келді, Ақтарып ақ қарды.

Жол аппақ түске енді, Аралап қайтайық,

Ақ күміс бақтарды.

Ә. Ысқақбаев

-Неге жердің бәрі аппақ? Жердің бетін қар жапқан

Қар ұлпалары неге ұқсайды? Жұлдызшаға ұқсайды

Қар ұлпалары қандай керемет, өрнектері бар екен.Ал мына қарлар еріп, жабысып,

домалақтанып қалыпты. Кәне, осы қарларды тездетіп, екіге бөлініп, жинап тастайық.

–Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі

Енді осы қыс мезгіліндегі көріністерді бақылайық.

loading...

Жаңа оқу іс-әрекеті: «Аққала» тақырыбы. (түсіндіру) Сұрақтар кояды.

Бейнеролик «қыс қызығы» әңгімелету.

Билингвальды компонент: аққала- снеговик.

Жауған қардың суретін көрсету.

Сергіту жаттығуды әуенімен, қимылымен жасайды, тынығып алады.

Қардың жауғанын қимылмен көрсету.

Қар туралы түсініктер беру.

Сөздік жұмыс: аққала

Өз бетімен жұмыс жасау. Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

–ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу;

-бөліктерді алақан арасына салып домалақтау;

— үлкен бөлігі-астына, ортаншы бөлігі ортасына, кіші бөлігі үстіне қою;

— -бөліктерді біріктіру, қолын таяқшалардан жасау;

Ендеше жұмысқа кірісейік. Мүсіндеудің әдіс-тәсілімен танысады.

Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.

«Аққала» –досына ат қойдыру

« Досың кім» ойыны. Ойынға қатысады.

Педагог сұрақтарына жауап береді. Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.

Аққала неше бөліктен тұрады?

Үш бөліктен тұрады. Мұрнын, көзін неден жасайды? Сәбізден, көмірден жасайды. Түстері қандай? Қызғылт сары, қара. Аққаланы неден жасайды? Қардан жасайды.

Балалар, бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін.Балалар жұмыстарын

талдау, оларды мақтап, мадақтайды.

Балалар жасаған аққаламен ойнайды..

Күтілетін нәтиже: Жасайды: Әртүрлі көлемдегі домалақтарды біріктіред, ұсақ элементтерін толықтырады; Түсінеді: аққаланың қыста болатындығын; Қолданады: әртүрлі көлемдегі дөңгелектерді алақан арасына салып домалақтау тәсілін.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Сәттіліктер серік боп,
    Бұлт баспасын көгіңді.
    Тілегіміз қабыл боп,
    Биіктерден көрінші.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016