Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Цирктегі жануарлар

MM

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Цирктегі жануарлар.

Мақсаты: Ұзындыққа бір орында тұрып,аяқпен неғұрлым күшті серпіле секіруге үйрету. Шектелген алаңмен тепе-теңдік сақтай жүруді бекіту. Сап-тізбекке бойына қарай тұру. Дене түзілісінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Аяқ бұлшықеттерін дамыту, музыка ырғағына сәйкес табиғи, еркін қимыл жасауға талпындыру. Көрнекілігі: Ойыншық жануарлар, Қолданылатын әдіс – тәсілдері Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері Шеңберге тұру.. Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.. Жылулық шеңберін жасайды.

Әдеттегіше жаттығулардан бастаймыз. Кіріспе бөлім. Бас, мойын, қол, бел, аяққа арналған жаттығуларды орындау. Топпен қатарға тұру. Сап –тізбекте бірінің артынан бірі көрнекі бағыт бойынша жүру. Жалпы дамыту жаттығулары Жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.Педагогты мұқият тыңдайды. Жаттығулар орындау, дұрыс орындағанын қадағалау. Тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады

Ұйымдастырушы-іздестіру Жаңа оқу іс-әрекетінде: Біз «жануарлар әлеміне» саяхатқа шығамыз.Міне балалар біздер жануарлар әлемінде саяхаттап жүрміз. Бұл жануарлар хайуанаттар бағынан келіп , циркте өнер көрсетіп жүр. Біздер бүгін «Цирктегі жануарлар» тақырыбында танысамыз.Осы жануарлармен бірге бізде циркте боламыз.

loading...

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: Цирктегі жануарлар.Біз цирктегі қандай жануарларды білеміз. (бейнетаспадан тамашалау) Жануарлардың жүрісін бейнелеу.

Біз аяқтың ұшымен жүреміз. Содан соң өкшемен жүреміз, Түлкіше жайлап жүреміз. Маймақ аю сияқты, Қорқақ қоян сияқты

Сұр қасқыр сияқты, Мысық сияқты жүреміз.Зал бойына түрлі бағытта, ырғаққа сәйкес жеңіл жүгіру. Сап тізбек бойына қарай тұру.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: -Ирелең жолмен жүру; -Ұзындыққа бір орында тұрып секіру ( арақашықтығы 40 см)

«Актерлар»- қимылы аз ойын. Ойынның мақсаты – қатысушылардың ой – қиялын дамыту және шапшандыққа баулу.

Жүргізуші тәрбиеші, қатысушылар актерлер болады. Жүргізушінің бағытымен ойынға қатысушылар әр түрлі эмоциялық жағдайларды қимыл- қозғалыстармен көрсетеді. -Ұйқыға кеткен аю; -Ұйқыдан оянған аюды; -Қыста қатты тоңған аңдар; -Қатты қорыққан қоян; -Ашуланған жолбарысты; -Қатты күліп жатқан маймылды. -Көңілді түлкіні.

Рефлексивті- коррекциялаушы Қорытынды бөлім. «Жануарлар циркті аяқтап,хайуанаттар бағына өз орындарына баруға дайындалып жатыр» бейнетаспа тамашалау.Бізде «жануарлар әлемі» атты әнімізді айтып, балабақшаға қайтамыз. Біз қайда саяхаттап келдік?

Бекіту, мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Орындайды: Ұзындыққа бір орында тұрып, аяқпен неғұрлым күшті серпіле секіруді. Түсінеді: секіру кезінде қолдарын екпінді қимылмен жаза білу керектігін. Қолданады: Жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016