Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математика.

Тақырыбы: Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта.

Мақсаты : Геометриялық фигураларды атау және тану, шаршы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Міндеттері: ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-қарсы затты(ұзын-қысқа) салыстыру; қағаз бетінде бағдарлауды жалғастыру (сол жақта-оң жақта); геометриялық фигура шаршымен таныстыру; шаршыны сезім-қозғалыс мүшелері арқылы зерттеу; шаршыны нүкте бойымен салу және көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіну(үлкен-кіші), қағаз бетінде бағдарлай білу. Жаңа геометриялық фигураның суретін салуға қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілігі: «Жауабын кім табады?», «Жол көрсетіп жібер» Қолданылатын әдіс – тәсілдері: салыстыру, түсіндіру, үйрету, ойын түрінде. Сөздік жұмыс: Шаршы. Билингвальды компонент: шаршы- квадрат.

MM

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Ғажайып сәт. Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып олардан: «Бұл өкіріп жатқан не?» деп сұрайды. –Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік. Балалар аю бізге геометриялық фигура – шаршыны ала келді. Аю: -Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? -Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы алып келдім. Қызығушылық танытады.

loading...

Ұйымдастырушы-іздестіру . Жаңа оқу іс-әрекетін түсінеді.

Бүгін «Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта» тақырыбымен танысамыз.

«Шаршыны құрастыр»ойыны.

Жаңа фигура шаршыны құрастырады.

«Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды?» ойыны.

Сөздік жұмыс: шаршы.

Билингвальды компонент: шаршы-квадрат

Сергіту сәті: «Маймақ аю» ойыны

«Жауабын кім табады?» ойыны

2 қыздың суретін көрсетеді. Бұлар апалы-сіңлілі, олардың бір-бірінен

айырмашылығын тек зерделі бала таба алады. Айырмашылығы неде? Ойынға қатысады . Біреуінің бұрымы қысқа, біреуінің бұрымы ұзын. Балаларға көмек береді. Ұзын-қысқаны түсінеді. Жұмбақ жасырады. Жазда қыдырады, Қыста апанда жатып, Тынығады (Аю) Қайталайды. Аю нені жақсы көреді? Балды. -Менің сол жағымда не бар? -Ал оң жағымда не бар? «Сол жақта-оң жақта» түсінді. Аю: Балы бар бөшкені табу үшін мен қалай қарай жүруім керек? Суреттен арқылы табады,заттар қандай пішінге ұқсайтынын табады.

Рефлексивті- коррекциялаушы

Аю риза болып шаршыны сыйға тартады. Қоштасады, кетеді.

-Аю балаларға қандай геометриялық фигура сыйлайды. Шаршы

Бекіту, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: геометриялық фигураларды-шаршыны, шеңберді;

Түсінеді: геометриялық фигураны- төртбұрыштың айырмашылығын;

Қолданады:қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды;

оң жақта, сол жақта орналасқанды анықтауды.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментария 3 Пікір қосу

  • Жұмысыңызға табыс тілеймін!

  • Рақмет, Фарида.

  • ермексаздық ертегі вариативтік компанент керек еді

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016