Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

«Аяулы анашым» (ертеңгілік)


Аяулы анашым.
Ән ырғағымен балалар ән-күй залына кіріп,жарты шеңбер болып тұра қалады.
Жүргізуші: Тойлаймыз біз бүгін, Мерекесін біздердің, Айтыңдаршы балалар Ойланбай-ақ балалар. Балалар: Ана!Ана!Ана!-деп бірге айтады.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар,ақ жаулықты әжелер,қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықөаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!Өсіріп отырған балаларыңыздың қызығын көріңіңздер!Сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты балалардың шағын ән сазды тамашасын тамашалаңыздар.

Тақпақтар:
Сабина: Айналайын ана мерекеңмен Сыйлайыншы саған дала гүлін мен Мерекелі күнің қандай тамаша, Кеудеңдегі гүлің қалды жараса

Айғаным: Жарқын жүзді жан анам Сендей болсын бар адам, Сендей болса бар адам Шаттық кетпес баладан
Рахат: Көктем келді қуантып, Күн шуағы нұрланды Аналарға келеміз Құшақ-құшақ гүл алып.
Кристина: Алақаны ақ самал, Мәпелеген жан анам, Көкте күнім батсада Өзің күнсің балаға.
Жансая: Айбат анам ай анам Ботам деген даусыңнан Мәз-мәз болып оянам, Айналайын ақ мамам.
Аяла: Балал,бала бала деп, Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған.
Илияс: Алақай-ау,алақай Үйге келді мамамыз, Сол сәт барлық балақай Мәз-мейрам боп қаламыз.
Әсел: Қадірлі аналар көңілді, Көктемдей жайнап гүл ашты Бақытқа толып өмірі Шаттыққа шаттық ұлассын.
Шырай: Ана біздің күніміз Ананың біз гүліміз Балаларды қуантып Ұзақ өмір сүріңіз.

Ән: «Айналайын мама»
Көктем келеді.
Көктем: сәлеметсіздер ме аналар,әжелер,балалар,қыздар
Мен көгілдір көктеммін Былтыр келіп кеткенмін Орманда бұл-бұл сайраған Көптен күткен көктеммін Әлемдегі ең әдемі аналарды құттықтауға келдім.Сіздерге зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін.Мен осында көбелектерімді көріп тұрмын ғой.Олардың билерін сағындым.Билеп бересіңдер ме.

«Көбелек»биі.
Көктем: Билерің өте тамаша екен .Рахмет сендерге.Менің Карлсон деген досым бар.Карлсонға сендердің көмектерің керек.Балалар ол өзінің әжесін іздеп жүр.Көмектесемізбе?Олай болса бәріміз Карлсонды шақырайық. Балалар: Карлсон! Карлсон!

Осы кезде Карлсон ұшып келеді
Карлсон: Сәлеметсіңдер ме балалар Менің атым Карлсон Мерекелеріңіз құтты болсын аналар,қыздар.Менде өзімнің әжемді құттықтайын десем жоғалтып алдым.Таппады сендер маған көмектесіңдерші.
Жүргізуші: Карлсон қазір бізде әжелеріміз биге шығады Мүмкін соның ішінде жүрген шығар сенің әжең.Тамашалашы.
«Әжелер биі»




комментария 4 Пікір қосу

  • өте жақсы

  • Рахмет сиздерге устаздар мен тарбиешилерге улкен комек корсетесиздер

  • Еңбегіңіз жемісті болсын!

  • Өте жақсы екен.Маған ұнады.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016