Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ертегілер ізімен

Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы.Құлан ауылы. «Балауса»балалар бақшасының тәрбиешісі: Мансурова Әмина Шакиртовна

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер ізімен» Мақсаты: Балаларға ертегілер жөнінде айтып түсіндіру.Ертегілер елінің жағымды жағымсыз кейіпкерлерін атап айтқызуға үйрету,балаларды рөлдерге ойнауға үйрету.Балаларды сонымен қатар жақсылыққа,достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Сабаққа сай безендірілген

Тәрбиеші: (Шаттық шеңбері)

Арайланып таң атты Алтын сәуле таратты, Жарқырайды қаламыз Жайнай түсті даламыз, Қайырлы күн балалар, Қайырлы күн достар!

-Балалар сендер таңертең тұрғанда терезеден нені көресіңдер? -Біз күнді көргенде қалай қуанамыз? -Балалар сендер ертегілер білесіңдер ме? Қандай ертегі білесіңдер? Ертегінің басы қалай басталады? -Балалар бүгін маған Ерден атадан хат келіпті.Ол хатта көптеген тапсырмалар беріліпті. 1Тапсырмасы:Алдар көсенің бір ертегісін орындап беріңдер,және әдептілік жайында тақпақтар айту керек депті.Орындаймыз ба? (Балалар «Алдар көсе мен бай» ертегісінрөлге кіріп сомдайды)

Берік: Күнің барда күліп жүр Жан-жағыңды біліп жүр Ғибраты мол сөздерді Құлағыңа іліп жүр!

2.Тапсырма: Балалар келесі тапсырма Қасқыр мен түлкі ертегісі жайында екен. -Түлкі қандай аң? -Қасқыр қандай аң? Олай болса «Түлкі мен қасқыр»ертегісін рөлге кіріп ойнаңдар депті Орындаймыз ба? «Достық туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?»депті Аружан: Әрқашан тілектес, Досыңа көмектес. Айбек: Өзің жақсы болсаң Досың көп болады. Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық Үлкен шеңбер құрайық Үлкен шеңбер құрған соң Алақанды соғайық

loading...

3.Тапсырма:Балалар бұл тапсырма математика оқу іс-әрекетіне байланысты. «Қоян мен аю» ертегісінен.

mansurova

Балалар аю ұйықтап жатқанда қояндар тыныштық бермей секіріп қоймапты.Ұйқысынан оянған аю қояндарды ұстайын десе ұстай алмай жығылып қалымты.Олар шыршаның түбіне жасырынып қалыпты.Қане,қанша қоян аюдан жасырынған екен,санайықшы.(Суретін көрсету)

Балалар ертегі кейіпкерлерін атайықшы.:түлкі,қасқыр,Алдар,қоян,арыстан. Ендеше балалар біз Ерден атаның тапсырмасын орындадық.Енді аңдар айтысын ойнаймыз ба? Олай болса,маған : қоян,түлкі,қасқыр,аю,,тиінболған кейіпкерлер ортаға шығып тақпақтарын айтсыншы.

Кәрі еменнің түбінде, Кәрі аюдың інінде, Бас қосыпты көп аңдар, Айтысыпты қараңдар

Қоян: Мен қоянмын,қоянмын Жорыққа түнде шығамын Қалдырмаймын ізімді Өйткені мен қорқамын

Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін. Біреуді алдаймын Екіншіңді арбаймын

Қасқыр: Мен қасқырмын,қасқырмын Аң ішінде асқармын Талай қойды әкеліп Үйге әкеліп асқанмын

Аю: Менің атым аю Оңай маған баю Бал ішінде жүремін Балды иісінен сеземін

Тиін: Мен ақ тиінмін Кисең киіммін Аңшы көрсем бекінем Талдан-талға секірем

Барлығы қосылып: Ал,қыс түсті Қиын болар қар түсті Жортуылға шығайық Тамақ тауып алайық


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016