Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Қош бол сүйікті балабақшам!

Тәрбиеші: Армысыңдар құрметті қонақтар,ата-аналар,әріптестер.Бүгінгі балабақшамызбен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.
Салмақты жігіт Қазыбек пен ақылды қыз Аружан.
Ақ көңіл қыз Бақдәулетпен биязы қыз Мейірім. Өнерлі жігіт Әділет пен сұлу қыз Райхан.
Тәрбиелі жігіт Алихан мен көрікті қыз Мөлдір. Сері жігіт Алишер мен мейірімді қыз Нұрай.
Сүйкімді қыз Жансая мен нәзік қыз Аяжан
Инабатты қыз Алина мен көркем қыз Нұрай.Аяулы қыз Ақнұр.
Тәрбиеші: Бүгін бізде үлкен мереке балабақша табалдырығын тәй-тәй басып,кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне бүгін балабақшамаен қоштасқалы отыр.Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің «Қош бол сү»ікті балабақшам» атты ертеңгілігімізді көріп тамашалаңыздар.
Сөз кезегін «Балауса»балабақшасының меңгірушісі:Надира ААғабекқызына беріледі. Келесі сөз кезегі «Балауса»балабақшасының әдіскері: Оспанова Гүлзапира Дүйсенқызына беріледі.
Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылады.
1.Қазақстан Республикасының Президенті Кім? 2.Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады? 3.Балабақшамыз қалай аталады? 4.Тобымыз қалай аталады? Тәрбиеші: Тыңда балам ертегі Ертегі сыр шертеді. Ерте-ерте-ертеде Бір кемпір мен шал болыпты.Бір күні шал кемпіріне былай депті: Әділет: Кемпірім,кемпірім маған бауырсақ пісіріп берші. Аружан: Көп болдығой үйде ұн жоқ Әділет:Әй,кемпір сен қамбаны сыпырып,қалған құтқан ұнды жина Аружан: жарайды.
Тәрбиеші: Бауырсақ тегіс домалақ сырты қызыңқырап әдемі болып піседлі.Кемпір бауырсақты суытуға терезенің алдына қояды.(бауырсақ әдемі болып піседі) бір өзі жатып-жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп домалай кетеді. Осылай домалаған күйі қалың орманға тіреледі.Орманда алдынан қоян кездеседі.
Алихан: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.
Жансая:Қоян,қоян сен мені жемсеші мен саған өлең айтып беремін.Мен апамнан қөаштым,мен атамнан қаштым,енді сенен қашамын.
Тәрбиеші: осылай әрі қарай домалай жөнеледі.Алдынан қасқыр шығады.
Қазыбек: ыр-ыр-ыр бауырсақ мен сені жеймін.
Жансая:қасқырдан да қашып кетеді.
Тәрбиеші: Әрі қарай бауырсақ домалай жөнеледі.Алдынан қорбаңдаған аю шығады.
Бақдәулет:Бауырсақ,бауырса мен сені жеймін.
Жансая: аю-аю сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін. Деп аюдан да қашып кетеді.
Тәрбиеші: осылайша бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.Алдынан түлкі жолығады. Жансая: Түлкі,түлкі сен мені жемеші.мен саған өлең айтып береді. Д.Нұрай: Мен қартайдым,құлағым естімейді,көзім нашар естьиді.көзім нашар көреді.Ке менің қасымыа келші.
Тәрбиеші: Сол кезде бауырсақ түлкінің қасына барғаны сол еді түлкі аузын ашып,бауырсақты жеп қояды.
Д.Нұрай: ап
Тәрбиеші: жарайсыңдар.Рахмет балалар!
Тәрбиеші: Мейірім: Қош балауса бақшамыз, Естен кетпес есімің Қош балауса бақшамыз. Алғаш ашқан есігін
С.Мөлдір: Оқимыз сауқ құрамыз, Болашақ қолын саламыз, бақшамыз бен қоштасып, Біз мектепке барамыз. Аяжан: Ботақандай бөбек деп, Еркелетке ұл қызын, Анамызды ерекше Қуантатын күн бүгін.
Алишер: Қуанамыз сыйлаймыз. Қуавныштың мың гүлін, Бақшамызбен қимай біз Қоштасатын күн бүгін.
Тәрбиеші: Бишілерде өнер көп, Билейді биді мәнерлеп, Көңілді биді көріңіздер, Өнерге баға беріңіздер
Би: «Полька» 1.Нұрхан-Мейірім 2.Әділет-Мөлдір. 3.Бақдәулет-Ақнұр. 4.Әлішер-Нұрай
Тәрбиеші: Армысыздар халайық, Бармысыңдар халайық. Барлық бала шаттана Ән айтады мақтана.
Аружан,М.Нұрайдың орындауында «Ертегілер»әні.
Тәрбиеші: Мың бұралып құбылып, Салтанатты шуақпен. Өмірді арнап шаттыққа. Би билейі қуанып.
«Шайхана» биін тамашалаңыздар.Мейірім,Ақнұр,С.Мөлдір,Д.Нұрай.
Тәрбиеші: Қош балауса бақшамыз Қимай сені барамыз, Ашып мектеп есігін, Қоштасамын өзіңмен.-дей отырып балаларымыздың «Қош балабақшам» әнін қабыл алыңыздар?
Ата-аналармен ойын.Сұраққа жауап беру
Тәрбиеші: Балабақшам базарлы үй, Ауылдағы ажарлы үй Шаттығы бар шуақты. Өз ұйымымыз –сияқты дей отырып,келесі кезекті тақпақтарға береміз:
Жансая: Балабақша бесігін Тағы бір той жасайын Ашып мектеп есігін Өзіңмен қоштасайын.
Райхан: Талай қызық той өткіздік, Бірақ орны бөлекше, Бақшамызбен қоштасатын Бүгінгі той ерекше.
Ақнұр: Мектепке енді барамыз, Үлгілі оқушы боламыз Жақсы оқып сабақты Кілең бестік аламыз.
М.Нұрай: Қызық күндер өткіздік, Балабақша бағында, Көп оқыдық,көп білідік. Ел мен Отан жайында.
Бақдәулет:Балабақша есігін, Сәби болып ашқанбыз. Балапандай мәпелеп, Өсірді біздің бақшамыз.
Тәрбиеші: Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй.
Келесі кезекті «Кел билейік» әнін қабыл алыңыздар.1.Жансая,2.Нұрай
«Қуыршақтар»биі
1.Жансая,2.Аяжан,3.М.Нұрай.
Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер, Ер жеттіңдер өстіңдер, Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер.
Т.Әділет: Ана тілін ардақты, Ата салтын біз көрдік, Сурет салып ән жаттап, Оқып,жазып үйрендік. Сүйген өз қызын өз ұлын Бөбегім деп оянбай Балабақшам өз үйім, Апай болды анамдай
Ә.Нұрай: Бұл қуаныш себебін Бізге қарап ұғыңдар. Ер жетті деп бөбегім. Туған дала қуансын.
Нұрхан: Бақша біздің панамыз, Мектеп біздің анамыз Ұлағатты ұстаздан Оқып білім аламыз.
Аружан: Мектепке ертең барамыз, Оқимыз сауық құрамыз. Қашық емес арамыз, Бақшаға келіп тұрамыз.
Алихан: Тәрбие берген ұямыз. Тәртіпті бала боламыз, Қоштасып бала бақшамен Мектепке енді барамыз
Қазбек: Балабақшам қош енді Әркез аман бол деймін. Әкем менен шешемді, Ертіп енді келмеймін.
Алина: Жайраңдап жымиып тұрады, Апайлар әрқашан алдықта, Бақшамыз білімнің бұлағы, Қызықты ойындар бар мұнда.
Тәрбиеші: Бірге болсын тойымыз, Құтты болсын тойымыз. Ұл қызымыз шаттана, Би билейді тамсана.
«Вальс» биі.
1.Қазыбек-Аружан 2Алихан-Нұрай,Әділет-Райхан,Нұрхан-Алина.
Тәрбиеші: Балабақшам бесігім, Қайсысын айтып берейін. Қабыл алшы гүлімді Сіздерге сыйлап кетейін.
Алина: Орын берген бақшадан, МеңгерушіНадира Ағабекққызы жақсы адам, Сондықтан да біз үшін, Артықсыз өзіңіз басқадан.
Әділет: Әдіскер Гүлзапира апай сізге де, алғыс айтып қимай барамыз. Қабыл алып мына гүлді Әрқашан жайнап жүріңіз.
Мейірім: Өнерімізді бағалап, Ән мен би үйретті, Гүлбаршын,Жаңыл апйлар сіздерге Алғысымыз көп біздің.
Ақнұр: Төсек орын тап-таза Аппақ жуған сүлгісі, Несіпкүл,Айгүл апайлар сізге де, Барамыз айтып мың алғыз.
Мөлдір: Тәтті тағам ұсынып, Ақ төсекке жатқызған, Жағдайымызды жасаған. Күтуші Гүлсім апай жақсы адам.
Тәрбиеші: Мектепке енді барасыңдар, Үлгілі бала боласыңдар. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аласыңдар. Көқ жүзінде самғаңдар, Тауды бұзып тас жарып, Мұхиттарды жалғаңдар. Күллі әлемді шарлаңдар. Ғарышқа да самғаңдар.-дей отырып Ақ жол тілейміз.
Тәрбиеші: Сөз кезегін Ата-аналар комитетінің төрайымы:Берденова Роза,көмекші Жоланлва Айгүлге береміз.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016