Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ертегілер еліне саяхат

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, МКҚК «Алтын дән» балабақшасы, Инсебаева Роза Кемелбаевна, аға тәрбиеші.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»
Бөлім: Тіл дамыту, Көркем әдебиет, Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: «Үйшік» және «Шалқан» ертегілерін рөлдерге бөліп ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын байыту, тілдік, дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Балалардың өз бетінше ойлап, әр кейіпкердің өзіндік ерекшелігін ажырата білуге үйрету, ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Достыққа адал болуға, мейірімділікке баулу.

Әдіс –тәсілдер: Сұрақ-жауап, ертегіні сахналау, ертегі кейіпкерлерін сипаттау, мадақтау
Сөздік жұмыс: тықырлауық, бақылдауық т.б
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Армысың алтын күн!
Армысың Жер – ана!
Армысың көк аспан,
Күліп шықты күн бүгін!
Тәрбиеші: — Балалар,

Ертегі — ерекше жанр.Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам сияқты нәрселер істей алуы мүмкін.
– сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар. Қазір ертегіні қалай көп білетіндеріңді тексерейін.
*Кемпір қаптың түбін қағып, шалға не пісіріп береді?
*Бала көшеге шыға беріп кімді шақыратынын ұмытып қалады…..
*Жоқ, жоқ қанша батыл болсам да ыстық суды ішу қолымнан келмес – дейді жолбарыс……….
*Бұрыштан жүгіріп шыққан тышқан жұмыртқаны сындырып тастайды…..
*Мө –мө дейді сиыр тұмсығын көтеріп, қарным аш жасыл жапырақ болса, сүт берер едім………..
Тәрбиеші: Тамаша, білімдеріңді көрсеттіңдер.Ал сендер осы ертегілердің кейіпкерлері болғыларың келеме? Бүгін барлықтарың «Күншуақ» театрының әртістері боласыңдар. — Іске сәт!
(Орындыққа жайғасады). Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталап, көңіл – күй сыйлайды.

«Үйшік» және «Шалқан» ертегілерін рөлдерге бөліп ойнату.Балалар ертегінің атын және кейіпкерлерін атап береді.
— Бауырсақ
— Қайырымды қоян
— Тапқыр қоян
— Шұбар тауық
— Мақта қыз бен мысық
Балалар қуана келіседі.
Ұйымдастыру-іздестіру Негізгі бөлім.
Балалардың ертегі мазмұнын бұзбай, рөлдерді дұрыс ойнауларын қадағалау.

Тәрбиеші балаларға «Шалқан» ертегісін үстел – үсті театры арқылы көрсетуді ұсынады. Б.Мариям:
Сәлем балғын балалар!
Барлығың бермен қараңдар!
Аңдар жайлы ертегі,
Сендерге сыр шертеді.
Ертегіні ең қызық

Сахнаға енгіздік
Баяндайды көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.
С. Сұлтан:
«Үйшік» ертегісін қабыл алыңыздар.

Балалар «Үйшік» ертегісін сахналайды.
Ж.Мариям:
«Үйшік» ертегісінде рөлдерде ойнаған балаларды таныстырып өтеді. Балалар рөлдерді өзара бөлісіп ертегіні көрсетеді.
Тәрбиешінің көмегімен көлеңке театры арқылы әртүрлі жануарлар мен құс, жәндіктердің бейнелерін қолдарымен көрсетеді.

Рефлексивті – түзетушілік Сабақты қорытындылау:
Бүгін сабақта не істедік?
Кімнің тапсырмасын орындадық?
Ханшайым нені жоғалтып алыпты?
Қандай дыбыстар бар екен?
Буынға бөлдік, жарайсыңдар, сауат ашу сабағы аяқталды, білімдеріңді көрсете білдіңдер!!!
Балаларға сыйлықтар тапсырылып, жақсы қатысқандары үшін алғыс білдіреді.
— Сөздерге дыбыстық талдау жасадық.
— Білім
Дауысты, дауыссыз дыбыстар

Күтілетін нәтиже: Жалпы сабақтың мазмұнын түсіне білулері:
Біледі: сөздерге дыбыстық талдау жасауды, әріптердің баспа және жазба түрлері таңбалары туралы:
Игереді: «Сөз», «дыбыс», «буын» және «дауысты және дауыссыз дыбыстар» туралы білімдерін бекіту
Қолданады:
— дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс атауды;

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017