Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамыту

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады. Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту.

Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап,көріп тануынан тұрады.Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты.

Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді. Жаңа технологияларды күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші өзінің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат -мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.

Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруіЖаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз — балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез- келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқамаса, ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білуі керек. ҰОҚ қызықты өткізу үшін, тәрбиешінің өзі даярлануы керек. Балабақшамызда ҚМҰҚ –дан деңгейлік тапсырмалар, ауызша логикалық есептер, Дьенештің «Логикалық блоктарын», Кюизенер «Түрлі түсті таяқшар», В.В. Воскобович «Геоконт» , «Чудо соты», «Чудо цветик» , клемшесін , сонымен қатар әр бала ноутбуктарда түрлі тапсырмаларды қызыға орындайды.

«Қостанай қаласы әкімдігінің №13 бөбекжай бақшасы»

Ересек «Гүлім» тобының тәрбиешіcі: Акауова Арайлым Куанышбаевна

комментария 2 Пікір қосу

  • Жаңа технология дейміз, соны зерттеу барысында 3-5 жас арасындағы балалардың есте сақтау қабілеттері ең жоғары болады екен. (Метатану). Яғни бақша жасындағы балалар.

  • Жаңа технологиямен баланың ой-өрісін дамыту,есте сақтау қабілетін арттыру, бала бойындағы қабілетті уақытында байқау. Әрине бұл бақша жасындағы балаларға пайдалануға өте тиімді

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017