Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Астана-әсем қала

Мақсаты:  Астанадағы барлық ғимараттардың ерекшеліктерімен таныстыру. Ұрпақтан ұраққа жалғасып келе жатқан ұлттық мәдениетімізге құрметпен қарап, егеменді елімізге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту. Балаларды өз отанын сүюге, елордасы Астанасын мақтаныш етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, Астана қаласы туралы суреттер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: балалар шеңбер болып отырады. Содан соң бір-біріне жақсылық тілейді.

-Қайырлы таң балалар!

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң ұстазым

Қайырлы таң достарым!!!

Тәрбиеші: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында

Өзіміз тұратын мекенді  тағы қалай атауға болады?

— Отан, Атамекен, Туған жер…

 

Тақпақ айту:

Айша:       Отан жерім, отан-суым

Отан-қуат, Отан нәр

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденер

 

Ақнұр:      Алтын ұяң-Отан қымбат

Құт-берекең-атаң қымбат

Аймалайтын –анаң қымбат

Мейірімді апаң қымбат

Кіндік кескен жерің қымбат

Ұят пенен ар қымбат

 

          Мақал-мәтел

Туған жердей-жер болмас

Туған елдей-ел болмас

ӘН: Менің Отаным

Отан- менің ата-анам

Отан -досым бауырым

Отан- өлкем астанам

Отан- туған ауылым!

 

Отан-тарих, Отан-тіл

Жасаған елім, өз халқым

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

 

Сендер ҚР Рәміздерін білесіңдерме? Қане, кім айтып береді?

Ту,Елтаңба, Әнұран

Аян:                    Рәміздерім-елдігімнің белгісі

Білу керек-бала-дағы ең кіші

Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Әнұран айту:

Туымыздың түсі қандай? –көгілдір. Көгілдір түс нені білдіреді-бейбітшілікті, аспанымыз ашық болып, ешқашан соғыс болмасын дегенді білдіреді екен.

-Туымыз әрқашанда қайда ілініп тұрады?

Аяулым С: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Елтаңбаның түсі қандай: сары-алтын түстес.байлықты білдіреді екен.

Әдемі:        Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада –аспан әлемі.

loading...

Аяулым А: Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім-Елтаңбам!

 

— бағана айтқанбыз,ҚР тұрамыз деп.

— Қазақстан Елордасы қай қала?-

— Қазақстанның елордасы –Астана қаласы.

Астана қаласы-әсем қала.

Балалар,енді біз Астана қаласына саяхат жасаймыз.

— Қане, кім Астана қаласына барды?

«Қазақстанның бас қаласы-Астана қаласы-көрікті, әдемі,, жаңа қала». Астанада үкімет үйі, Елбасының қызмет орны-Ақ орда, ескерткіштер,  театрлар, саябақтар, жасанды мұхит-Думан океанариумы, Бәйтерек бар.

-Астанада нелер бар екен?

-Бәйтерек, Думан, Ата-мекен кешені, Салтанат сарайы, Опера және балет театры, аквапарк, Қазақстан спорт сарайы, Бейбітшілік пен келісім сарайы және өте көптеген ғимараттар бар екен.

Рахмет, жақсы мен түсіндім. Сендер Астананы өте жақсы көреді екенсіңдер

Астана, Елорда туралы тақпақ кім біледі?

 

Ақнұр:      Астана-арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да.

 

Әдемі: Астанам-менің мақтаным

Сенен мұнда бақ қалың

Куәгері болармыз

Ең тамаша шақтардың

ӘН: Жайна ЖАН ГҮЛІМ орындайтын Сайлаубек Ақнұр

Аружан:    Отанымның төрінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам Астанам! 

Елбасшымыз кім?-Н.Ә.Назарбаев.Көптеген мектеп, балабақшалар салғызып жатыр, білім алсын деп. Елбасы сендер секілді бала болған, сабақты тек «5»-ке ғана оқыпты.Кітапты көп оқыған, қане кім кітап туралы тақпақ айтады:

Қуат:Кітап-өмір айнасы

Күнде тиер пайдасы

Өмірдің ол-шырағы

Тәлім беріп тұрады

Оқу туралы мақал-мәтел: Оқусыз-білім жоқ,     білімсіз күнің жоқ.

Оқу білім бұлағы, білім-өмір шырағы

Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың өлеңі:

 

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрсеге асық бол

Бес нәрсеге қашық бол

Адам болам десеңіз

Еріншек шекер мал шашпақ

БИ: ҚАРА ЖОРҒА

Балалар, бүгін біз не туралы тақпақ, ән айттық. Отан, Астана, Елбасы

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Рахмет

СЛАЙД: КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментария 4 Пікір қосу

  • группаласка калайсыз?жосарыныз оте керемет!

  • калайсыз?мен сыздын группаласыныз Арай жоспарыныз оте керемет жазылыпты!

  • Рахмет Арай! Хабарлас!

  • Еңбегің жемісті болсын, әріптес!

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016