Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Бала тілі –бал!!!

Мақсаты:  Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты

ел екендігін мақтан етуге , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін бала тілімен жеткізу, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, Отан  туралы суреттер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: балалар шеңбер болып отырады. Содан соң бір-біріне жақсылық тілейді.

-Қайырлы таң балалар!

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң ұстазым

Қайырлы таң достарым!!!

— балалар біз осы қайда отырмыз?

— мектепте

— мектептен не үйренеміз?

-оқу, жазу, сурет салу

—  Олай болса МЕКТЕП туралы тақпақ айтайық

Мектебім айтар әнім

Сан рет қайталадым

Өзіңнен алғанымды

Өзіңе  қайтармын.

Махат:       Сәлем   саған мектебім

Алғыстарым көп менің

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің

Мансұр:    Біз балдырған тең басқан

Дос  құшағын елге ашқан

Бір қалада тұрамыз

Бір мектепке барамыз

Балалар, сендер өскенде кім болғыларың келеді?

— қазір қай мезгіл?

— КҮЗ

ХОРМЕН:  Алын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Ән: ҚОШАҚАН

Тәрбиеші:           СЛАЙД ОТАН

— Балалар, Отан дегеніміз не?

— Біз қай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында

Өзіміз тұратын мекенді  тағы қалай атауға болады?

— Отан, Атамекен, Туған жер…

— бәйтереке қай қалада  орналасқан?

— Астана

Тақпақ айту:

Ділназ :     Отан жерім, отан-суым

Отан-қуат, Отан нәр

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденер

Аделя:       Алтын ұяң-Отан қымбат

loading...

Құт-берекең-атаң қымбат

Аймалайтын –анаң қымбат

Мейірімді апаң қымбат

Кіндік кескен жерің қымбат

Ұят пенен ар қымбат 

ӘН: Менің Отаным

Отан- менің ата-анам

Отан -досым бауырым

Отан- өлкем астанам

Отан- туған ауылым!

Отан-тарих, Отан-тіл

Жасаған елім, өз халқым

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

—   Білетін ертегіден көрініс көрсету. «ШАЛҚАН» ертегісі қойылады.

Туымыздың түсі қандай? –көгілдір. Көгілдір түс нені білдіреді-бейбітшілікті, аспанымыз ашық болып, ешқашан соғыс болмасын дегенді білдіреді екен.

-Туымыз әрқашанда қайда ілініп тұрады?

Хормен   : Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Елтаңбаның түсі қандай: сары-алтын түстес.байлықты білдіреді екен.ортасында не деген жазу бар? Қазақстан

Қазақстан Республикасының Президенті   кім?   Н.Ә.Назарбаев

СЛАЙД:    Сендер ҚР Рәміздерін білесіңдерме? Қане, кім айтып береді?

Ту,Елтаңба, Әнұран

Равиль : Рәміздерім-елдігімнің белгісі

Білу керек-бала-дағы ең кіші

Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Әнұран айту: 

Анель:                            Мақал-мәтел

Туған жердей-жер болмас

Туған елдей-ел болмас

Отан оттанда ыстық

Бірлік болмай, тірлік болмас

ӘН: Домбыра  орындайтын Сәдібекова Айзат 

Слайд: « Бауырсақ» ертегісін айту:  Ділназ

Балалар, бүгін біз не туралы тақпақ, ән айттық. Отан, Астана, Елбасы, мектеп

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Рахмет

БИ: ҚАРА ЖОРҒА 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016