Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Төрт түлігім- тірлігімнің ырысы

Уа, жарандар,жарандар!

Бәрің бері қараңдар

Наурыз тойы басталды

Бір сәт зейін салайық

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сән ғұрып

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып!

Армысыздар, қадірменді ұстаздар, құрметті ата-аналар және кішкентай бүлдіршіндер! міне, сағғынышпен күткен нұрлы көктем мезгілі де босағамыздан аттады. Көктем бізге өзінің шуақты шапағатымен бірге көп қуанышты мереклерін ала келді. Күн мен түн теңелген шақта халқымыз өзінің дәстүрлі Жаңа жылы- «Ұлыстың Ұлы» күні-Наурызды ақ тілек, нұрлы үмітпен қарсы алайық.

Армысыздар халайық

Наурыз тойын тойлайық

Тойымызды бүгінгі

Шашумен бастайық.

inavtor

Жүргізуші: Бүгінгі біздің мерекмізге қош келдіңіздер! Мына балалардың сіздерге арнаған ән шашулары бар екен. Олай болса соларға кезек берейік.

1 бала: Кел, балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық.

2 бала: Наурыз келді тамаша

Апам, атам той –тойлап

Қуанып жүр балаша

3бала: Наурызды халқымыз

Жыл басы санайды

Көнермей салтымыз

Көп елге тарайды.

4 бала: Наурызды күлімдеп

Күн көзі жылынды

Өзгеше бүгін леп

Қыстауға жылынды.

Жүргізуші: Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Бұл түн «Қыдыр түні» деп аталады. Наурыз мерекесінде дастархан жайылады, міндетті түрде «Наурыз көже » таратылады.

5бала: Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

6 бала: Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем Наурыз көжеге

7 түрлі ас салды.

7 бала: Бидай, күріш, тары бар

Бар сүр ет пен шұжығы

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырзығы

Жүргізуші: Жыл сайынғы 22 Наурыз бәрімізге белгілі. Күн ментүн теңелген шақта төрт түлік мал төлдейді. Әр түліктің тоқталып тақпақ айту және оның пайдасын айта кету.:

8 бала: Сидау жерге тоқтаған

Сиыр деген мал екен

Зеңгі баба баласы

Сыймай бассын үйіңді

9 бала: Ауылдардың қойы бар

Қойы бардың тон ы бар

Сауса тәтті сүті бар

loading...

Сойса тәтті еті бар.

10 бала: Бота ойнақтаса-молшылыққа

Тайлақ ойнақтаса- тоқшылыққа

Кәрі түйе ойнаса- жоқшылыққа

11 бала: Кендірмен байлама, жыңғылмен айдама

Кендірмен байласаң, жыңғылмен ойнасаң

Мал бітер деп ойлама

Ән: «Төлдер»

Жүргізуші: Ия, қазақ халқымыз мал шаруашылығымен айналысқан халық. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйіз сүйегі адамға, яғнибізге өте пайдалы. Кисе-киім, жесе-тамақ,, ішсе-ем. «Малым-жаным садағасы, жаным-арымның садағасы» деген ата-бабамыз мал таулының қадір қасиетін жетік біліп, сахараны 4 түлікке толтырған. Ендеше ата-бабамыздың , қазақтың негізгі күн көрісі малмен байланысты болған.

12 бала: Жылқы атасы- Қамбар ата

Сиыр атасы- Зеңгі баба

Түйе атасы- Ойсыл қара

Қой атасы- Шопан ата

Ешкінің иесі- Сексек ата

13 бала: Мал өсірсең қой өсір

Торалады толады

Қойдың нағыз ненсі

Шопан ата болады

Құт санаймыз сиырды

Сүттен бұлақ ағызған

Бұзауы мұрнын шүйірді

Ойнақтап келіп аңыздап

Зеңгі баба сияқты.

14 бала: Жылқы ердің қанаты

Батырлар баптап мінетін

Қамбар ата пір аты

Бүкіл халық білетін.

15 бала: Бір өркешті түйе нар

Боз інген болып боздаған

Екі өркешті түйе бар

Дауысы боздан озбаған

Құмды, шөлейт далада

Ойсылқара ойнаған.

Ән: Қошақаным

Жүргізуші: сендердің аналарың сияқты малдың төлінде енелері болады екен. Сендерді де аналарың жақсы көріп , еркелеткенде «ботам, құлыным, ботақаным, құлыншағым» деп жатады.

* Ал малдар да өз төлдерін еркелетеді екен.

Қой сүйеді баласын «қоңырым » деп

Ештеңені білмейтін «момыным» деп

Сиыр сүеді баласын «лағым » деп

Қараңғыға баспаған «қорқағым » деп

Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп

Тастан- тасқа секірген «шұнағым » деп

Жылқы сүйеді баласын «құлыным » деп

Тұлпар болып жүгірген «жұрыным » деп.

4 түліктің белгісі: Түйе –байлық

Қой-мырзалық

Ешкі- жеңілдік

Жылқы- сәндік

Жұмбақ: Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар (түйе)

Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)

Би: «Қыздар» биі

Ойын: «Арқан тартыс»

Жүргізуші: Наурыз тойы құтты болсын,

Дендерің сау мықты болсын

Аман-есен болайық

Баршамызға тілегім осы халайық!!!


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016