Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ойыншықтар дүкені

Ересек «Ертегі » тобы үшін білім барысын ұйымдастырудың технологиялық картасы
16.02.17ж Садвакасова Ш. Р.
Білім бөлімі: «Қатынас» — Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені. (Ағаштан, резинадан, пластмассадан жасалатын ойыншықтар жайлы әңгіме құрастыру).

Мақсаты: Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында ағаштан, резинадан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру. Зат есімнің көпше түрінде ілік септігінің жалғауларын жалғай (Ойыншықтардың, машиналардың, доптардың,қуыршақтардың) білуге үйрету.Балалардың сөздік қорларын байыту. Балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі : ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ, синквейн схемасы, лэпбук.
Пән аралық байланыс : қоршаған орта , көркем әдебиет .

Сөздік жұмыс: ағаштан- деревянный- wood (вуут), резинадан-резиновый — rubber (робэ)
пластмастан- пласмассовый-plastic (пластик)

Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері ,тест ,Лэпбук,қошқар, Синквейн схемасы.
Оқу іс-әрекетінің кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың қызметі
Мотивациялық- қозғаушы -Балалар , бүгін ерекше күн ,бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Ойыншық дүкеніне «қошқар» келіп өз достарын іздеді. Дүкенің сөрелері бос, ойыншықтары жоқ. Балалар қошқарға көмектесеміз бе, достарын тауып алуға.

Сәлеметсіздер ме!

Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді құрметтеп ,
Бас иеміз біз!
Әрине көмектесеміз.
Іздену-
ұйымдастырушы
Онда тыңдандар жұмбақтардан бастайық:
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды ?
Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
(Дария қуыршақ туралы тақпақ біледі екен, сол тақпағын тыңдайық).

Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды.
(Аружан да доп туралы тақпақ біледі екен, сол тақпағын тыңдайық).
Жарайсыңдар балалар! Енді мынандай сұрақтарыма жауап беріп көріңдер.

Сұрақ — жауап
Сүйікті ойыншықтарың бар ма?
Қандай ойыншықтарың бар?

Неден жасалған олар? Ендеше осы ағаштан, резинадан, пластмастан деген сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтып көрейік.

ағаштан- деревянный- wood (вуут),
резинадан-резиновый — rubber (робэ)
пластмастан- пласмассовый-plastic (пластик).

Ойыншықтар туралы сабақ.Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Жарайсыңдар , келген қонағымызға қошқарға ойыншықтар туралы әңгімелеп берсек дүкенде ойыншықтар көбиеді. Ол үшін сендерге мына схема көмектеседі- схема бойынша әңгіме құрастырамыз.

1.Синквейн схемасымен жұмыс.
Балалар , мына үстел үстінде жатқан суреттердін ішінен өздерін жақсы көретін ойыншықтарынды тауып алып схема бойынша әңгіме құрастыру керек? Не болмаса тақпақ білсендер тақпақ айтып, суретін тауып алып сөреге қоюға болады.
Не?
Қандай?
Не істейді?
Мен ……. (сөйлем).
Қай топқа жатады? (жануар, жабайы ан, .)

2. Сергіту сәті.
«Көңілді күн» әуен қосылады.
Жарайсыңдар! Енді қошқарға деген көмегімізді жалғастырайық.
4. Қазір біз қошқарға оның достары туралы әңгіме айтып береміз. «Лэпбук» бойынша жұмысымызды жалғастырамыз.

1 тапсырма – түстерін айта отырып , сөйлем құрастыру.( қызыл доп, көк доп…)

2 тапсырма – жекеше және көпше түрінде айту. (Қуыршақ -қуыршақтар …)

3 тапсырма –таңдап алған ойыншыққа сипаттама беру. Ат – ағаштан жасалған – түсі коңыр — жүреді, секіреді, шабады, шөп жейді, жем жейді, су ішеді — ұлдар ойнайды- үй жануары.

4 тапсырма- тест орындайды бәрі.(Ұл мен қыздың ойыншықтарын ажыратады).
Бұл телефон.Жұмбақтың шешемін тапқан бала суретті тауып дүкеннің сөресіне қойяды.
Ол тікұшақ Жұмбақтың шешемін тапқан бала суретті тауып дүкеннің сөресіне қойяды.
Ол қуыршақ. (Дария тақпағын айтады) Жұмбақтың шешемін тапқан бала суретті тауып дүкеннің сөресіне қойяды.
Доп жатпайды.
(С Аружан тақпағын айтады). Жұмбақтың шешемін тапқан бала суретті тауып дүкеннің сөресіне қойяды.

Балалардың жауабы.

ағаштан- деревянный- wood (вуут), резинадан-резиновый — rubber (робэ)
пластмастан- пласмассовый-plastic (пластик)
Балалар қайталайды.
Ойыншықтарды ұқыпты үстау керек лақтырмай, сындырмай, жинап жүру керек.
4-5 баланың әңгімесін тыңдаймыз. (Әңгіме құрастырған ойыншықтын суретін сөреге қойяды).Көркем сөз білетін балалар өз сөздерін айтады. (тақпақта айтылған ойыншықты сөреге қойяды).

Теледидарға қарап орындайды.

-түстерін айта отырып , сөйлем құрастыру.( қызыл доп, көк доп…)
-жекеше және көпше түрінде айту. (Қуыршақ -қуыршақтар …)
-таңдап алған ойыншыққа сипаттама беру. Ат – ағаштан жасалған – түсі коңыр — жүреді, секіреді, шабады, шөп жейді, жем жейді, су ішеді — ұлдар ойнайды- үй жануары.
Үстел үстінде жатқан суреттердің ішінен өзіңе ұнайтын ойыншықты тауып алып оның түсін, неден істелгенін, қалай ойнауға болатынын, кім онымен ойнайтынын айтып береді және тиісті қалтаға салады.
Соңында тест орындайды. (Ұл мен қыздың ойыншықтарын ажыратады).

Рефлексивтік-коррекциялаушы

6. Тамаша, қонағымыз қошқар өте риза сендерге. Сендермен бірге бір ойын ойнағысы келеді..Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта»
Ойын шарты; Басталған сөйлемді, балалар аяқтайды .
-Менің ойыншығым …………. / әдемі /.
-Мен қуыршақпен …………./ ойнаймын/ .
-Допты жоғары ………….. / лақтырдым /Қошқар қуанып, риза болғанынан сендерге рақметін айтып сыйлығын береді (шарларын).

Ал енді балалар өздерінді өздерін бағалап смешарик таңдап алыңдар. (өте жақсы, жақсы, тырыс).
Қорытынды. Қонақтармен қоштасу .
Айтылған сөйлемді, әр бала өзінше аяқтайды. ( біреуі әдемі десе, екіншісі сұлу, үлкен, қызық…).
Әрқайсы өз өзін бағалайды.
Күтілетін нәтижесі:
Ұғынады: әр түрлі материалдардан ойыншықтар болады екен.
Түсінеді: сұрақ – жауапқа толық сөйлеммен жауап беріп әңгіме құрастыратынын; ұқыпты, тәртіпті болуды.
Қолданады: ойыншықтарға жанашырлықпен қарап , достарымен бөлісіп ойнау .

комментария 3 Пікір қосу

  • жақсы сабақ, әсіресе үштілдік компонет қолданылды, заман талабына сай сабақ, керемет

  • Жаңа технология бойынша өтілген сабақ жоспары ұнады.Сабақ әрі мазмұнды, түсінікті.

  • Сабақ өте жақсы құрылған. Полилингвальді компоненттер пайдаланылған.Сабақ барысында әр кезеңнің өзінде түрлі әдістер пайдаланылған.Сабақ тартымды.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017