Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ою-өрнек сыры


Мақсаты:Балалардың қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы білімдерін кеңейту.Ою өрнектің түрлерін атап дұрыс орналастыра білүге үйрету өз ұлтына деген сезімдерін ояту,әсемділікті ,сезімділікті сезіне білуге қалыптастыру.Мақал-мәтелдер,тақпақтар арқылы баланың ойын сіңіру.

Көрнекіліктер:Ұлттық киімдер,ою-өрнектер түрі,жиhаздар және бұйымдар,қиылған ою-өрнектер.

Балалар шаттық шеңбермен бүгінгі күнге сәттілік тілейді
Қайырлы таң болсын!
Қайырлы күн болсын!
Бәріміз тату болайық!
Бәріміз дос болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Достарымыз көп болсын!
Елімізде тыныштық болсын!

-Балалар ою өрнектер туралы не білесіңдер?
(Балалар атап береді)
Т.-Балалар ою-өрнек ғасырдан ғасырға ,ұрпақтан ұрпаққа келе жаққан қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі.Ал ою өрнек қайдан шыққанын білесіңдерме?
Қолданбалы ою-өрнек туралы балаларға сөз берейік;

Ою өрнектің түрлері.

-Көне заманнан казірге дейін келе жатқан өнердің бір түрі –ол қолданбалы ою өрнек өнері.Қолданбалы өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді.үй ішін,уй тұрмысына қажетті заттарын,ұлттық киімдерді,тері бұйымдарды әшекелейді.Негізгі мәнерлі өнер әдісі –ою өрнек салу.
Т.-Әр ою-өрнектің түстері бір мағынаны білдіреді
-Бояу түстерінің мағынасы туралы айтып берсем
Ақ түс-әділеттілік.шындықтық,тазалықтық:
Қара түс- жердің,берекенің
Жасыл түс – күннің,оттың;
Сары түс даналықтың,білімділіктің;
Көк түс-судың,ашық аспанның символдарын білдіреді.

Т. –ия тагы не білесіңдер?
Ою өрнектер жасалануына қарай 4 топқа бөлінеді екен,Енді ою өрнектердің қиыстыруы туралы айтайық;
Халықтың арасына әр түрлі қиыстыруларда кездесетін:

Зооморфты ( аң пішіндес ) қошқармүйіз,қыңыр мүйіз,қаз мойын,түйе табан,бота мойын,құс қанат.Ол оюлар киіз бұйымдарда көбірек орын алады.Тоқылған кілем,алаша,сырмақ,текеметте кездеседі.Ұлттық бұйымдарда кеңінен қолданылады.

Өсімдік пішіндес оюлар түрін атап кетсем: ағаш, жапырақ,үш жапырақ,гүл,уш гүл,жауқазын.Ол оюлар көбінесе кестелерде, төсек жапқыштарда ,тыс тәрізді тұрмыстық заттарда кездеседі.Бұл оюлар өте сирек кездеседі.

Геометриялық пішіндес оюлар.Атап өтсем :ирек су, қармақ,балта,тарақ,жіліншік,бестаңба,тұмарша,ботакөз.Ол оюлар негізгі тоқыма бұйымдарда көбірек орын ала- ды. Оған мысал ретінде түрлі тоқылган кілем,ши,мата, киіз басқұрлары мен бауларында болады.

Космогониялық пішіндес өрнек әуендерін атап өтсем: шеңбер, щимай ,бітпес ,жұлдыз, айшық.төртұшқы.Осы оюлар құрақ көрпелерде, кесте бұйымдарда,тұскиіз,кі- лемдерде кеңінен таралған.

Т-Олай болса балалар осы оюлар туралы тағы не білесіңдер?
-Шебердің қолы алтын.
-Ою ойған сызу да сызады.
-Өнерді үйрен де жирен.
-Өнерлі бала сүйкімді.
-Өнерлі өрге жүзеді.

Суреттерді оюлап Қуырщақтың камзолын
Өрнектерді салайық Кестелейін өрнектеп
Тамсанып көрсін достарым Қолға алсам карандаш
Бояуменен бояйық Сурет салып үйренем

Т- Мен сендерге ертеде болған бір аңыз айтып берейін:
Баяғыда алысқа қыз артында қалған аулына кестелеген орамал кешірім ретінде беріп жібереді,орамалдың бетінде құспен жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бей- неленіпті.Мұны көрген қыздың ата-анасы: «Е-е қызымыз әуедегі құстай емін-еркін жайраңдап өмір сүріп жатыр екен»-деп мәз болады. Бір-екі жыл өткесін өткесін керуеншілер әлгі қыздан тағы бір бет орамал әкеледі.

Онда орамалдың шеті бүрмеленіп, ортасында тұрған ер адам мен жүресінен отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті.Мұны көрген ата-анасы : «Е-е қызымыз бұрынғы сауық сайраннан,бас бостандығынан айырылып торға түскен торгайдай болыпты,бейшараның күйеуі қатал адам екен.Өзінен төмен ұстайды екен» -деп жорамалдап-ты.
Көрдіңдерме балалар әр кестенің астарында алуан мағына бар екен.Біздің үлкен әже,апаларымыз осылай көңіл күйін матаға,киізге кестелеп оюлаған.

Т- балалар қай ою қандай бұйымдарда колданады?
(Балалар бестаңба,жіліңшік,балта,қошқар мүйіз,тарақ,ботакөз, омыртқа,ирек су,гүл оюлары туралы айтып суреттерін көрсетеді).

Т- енді осы оюларды әуенмен қимыл-козғалыс түренде көрсетейік.

Осы кезде бір дауыс естіледі:-
«Мені шығарыңдар,босатыңдар»
Дорбаның ішінен кіп кішкентай бала көрінеді
-Сен кімсің?Өзің сондай кішкентай екенсің көзге әзер білінесің.

Бала- « Менің кім екенімді өздерің тауып алыңдар. Ал мен басымнан кешкендерімді айтып берейін. Бір күні жапырақ түбінде ұйықтап жатқанымда түйе мені жеп қойды.Әкем мен шешем түйені сойып,ішек қарнынан мені таба алмады,Өйткені мені бүйенмен бірге лақты- рып тастаған болатын.Сонан соң мені бүйенмен бірге қасқыр жеп қойды.Ой сондағы қызықты айтсаңдаршы, неше күн бойы қасқырды аштан қатырдым.

-Мені енді таптыңдарма балалар?
-Ия сен құлақсың
Құлақ: Мен сендердің дауыстарыңды естіп дорбаның ішіне кіріп кеттім.Манадан бері шақ шыдап жатырмын

Т-Ия құлақ келсең төрге шық
Құлақ-Мен бос келген жоқпын сендерге ою өрнектерін ала келдім сендер осы ұлттық бұйымдармен заттарды әшекейлеп беріңдерші маған.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық
Ою өрнек құрайық
Қошқар мұйіз,ботакөз
Тұмарша мен құс тұмсық
Құс қанаты ,ирек су
Ою өрнек әлемі
Қолға қайшы алайық
Сәнді өрнек салайық
Үстел үстінде жатқан киімдерге,бұйымдармен заттарға ою-өрнекпен әшекелейді.



комментариев 6 Пікір қосу

  • Өте жақсы. Керемет!

  • Ою -өрнек ұлтымыздың, салт- дәстүріміздің, ұлттық мәдениетіміздің жарқын көрінісі.Оқушыларға сапалы білім беруде ұлттық құндылығымыздың ,ұлттық тәрбиенің орны ерекше. Бұл сабақ ұлт мәдениетіне негізделген екен,балаларға бабалар мұрасын үйрету,оқыту өте жауапты іс.

  • Өте жақсы, маған ұнады, толық ақпарат берілген деп ойлаймын.

  • Қазіргі таңда ұлттық нақышта киімдер қайтадан сән үлгілері шығуда. Бұл тарапта балаларды біздің ұлттық мәдениетімізді дәріптеу. Сабақ барысында тақырып толық ашылған. Өте керемет деген баға қоямын.

  • Өскелең ұрпаққа ұлтымыздың салт — дәстүрін мәдени мұраларын бойына сіңіру,дәріптеу ол баға жетпес құндылық.

  • Сабақ тақырыбы қатты ұнады, толық ашылған.Балаларды ұлттық қолөнерімізге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке баули білуіміз қажет.Ұлтын сүйетін ұрпағымызды осыған жақсы тәрбиелесек деймін.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017