Сәлем сөздің анасы!

Тақырыбы: Сәлем сөздің анасы!
Құрметті апайлар, қонақтар! «Балбөбек» балабақшасына қош келдіңіздер! Сіздерді қуана қош аламыз. Баршаларыңызға дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз
Қош келіпсіз, қадірменді қонақтар. Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
«Балбөбекте» балдай тәтті балалар.
Армысыздар,қонақтарым қымбатты
Сіздер үшін ашамыз сан жұмбақты.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді
Балалардың сәлемдері тым тәтті. Сіздердің алдарыңызда «Сәлем – сөздің анасы» атты сәлемдесу рәсімін қабыл алыңдар!
Айша.
Біз бүгінгі кіп-кішкентай баламыз, Апайларға сәлемдесіп аламыз. «Айналайын» деген сөзден нәр алып, Күні ертең –ақ күндей болып жанамыз.
Ернар Балабақшам базарлы үй Ауылдағы ажарлы үй Күлкісі бар шуақты, Өз үйіміз сияқты

сәлемдесу сабағыЖайдары Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Тақпақ жаттап, ән айтуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол бақшадан
Ерасыл Зияш
«Балбөбек» біздің әсем бақшамыз, Апайларды қуана қарсы аламыз. Елбасының кезектен тыс сайлауын, Баршамыз бір ауыздан қош аламыз.

Арай Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
«Тоныкөк абыз» кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – «Мәңгілік ел» боп қаламыз.»
Ерасыл Н 70 жыл — бейбір көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Ашылды содан бері — Құтты болсын Ұлы жеңіске 70 жылдық -парақтарың
Нұрсәт
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар. Қазақ хандығына — 550 Құтты жыл болар.
Айқын:
Ардақтаймыз апайларды аялап
Ұстаздар ол біздің үлкен сая бақ.
Барша жанға тілейтінім тек қана
Адамзаттық үлкен жүрек шапағат.

Ән: «Біз бақытты балдырған»
Еңлік
Төрімізден сый құрмет Көрсетеміз сіздерге.
Сабина
Ұсынамыз гүл шоғын, Риза болшы біздерге
Гүл тапсыру.
Қорытынды. Құрметті ұстаздар , бүлдіршіндердің дайындаған «Сәлем – сөздің анасы» атты сәлемдесу рәсімі аяқталды. Ыстық ықыласпен сыйлағалы тұрған гүлімізді қабыл алыңыздар. Сіздерге кішкентай жүрегімізден ескерткіш болсын! Баршаларыңызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Бала тәрбиелеуде еңбектеріңіз жана берсін!

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017