Сергіту сәтінің жинақтары

Саусақ жаттығулары «Бес саусақ»
Бас бармағым-атам,үйдің данасы,балаң үйрек-әжем,ошақ анасы. Ортан терек-әкем,отау панасы,шылдыр шүмек-шешем,шаңырақ ажары. Титтей бөбек-мен,бәрінің базары. Педагог балалардан ата-аналарының аты-жөнін сұрап,өз туыстары мен жақындарын қалай жақсы көретінін айтып беруді сұрайды .Педагог әрбаланың ата-анасының аты-жөнін сұрап,баспаәріптермен жазып,шквафтарға іліп қояды.Бұл педагог пен ата-аналардың бірбіріменеркін қатынасқа түсіп,жақынырақ болуға ыңғайлы.

«Шебер және батыл қолды мүсіндейік»
Балалар «мүсінші» болып,саусақтарымен топырақты,уыстағандайқысып,
ермексазды ширатқандай алақандарын бір-біріне үйкелеп,ашып-жұмып қолдарына жаттығу жасайды.Балалар бір-бірлеп саусақтарын ашып,санап,әр саусаққа сипаттама береді.

• Бас бармақ-өте күшті,қайырымды,бәріне негізгі,нағыз тірек болуы керек(Бұл әке).
• Балаң үйрек-қатал,тәртіпке қатаң қарап,қадағалайды(Бұл ана)
• Ортан терек -ата-ананың негізгі көмекшісі (Үлкен аға)
• Шылдыр шүмек-көп сөйлемейтін,бірақ өте еңбекқор(ортаншы аға)
• Кішкентай бөбек-ең титтей,бәрінің сүйіктісі,кішкентай көмекші.
• Осындай жұмыстан соң «мүсіншілер» жұдырықтарын жұмып,жасағандарын бағалайды. «Тек осындай мықты,берік жанұяғана алдында ьұрған мәселелер мен қиындықтарды сенімді
түрде жеңе алады.

Ойын жаттығуларымен жылулық шеңбер үлгілері

«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы
Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»

сергіту сәті«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.

«Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері. «Мен және аспан»

Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымшыққа,бүркітке т.б.айналады.

«Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері
Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.

«Мен табиғатта қонақтамын» жылулық шеңбері
Балалар көздерін жұмып,табиғат туралы әуенді тыңдайды.Педагог үстіне әдемі жамылғы жамылып,орман Флорасының періштесі болып,балаларды өзінің хандығына қонақққа шақырады. «Казір,мен-Флора періштесі,сендерге сиқырлы таяқшамды тигізсем,менің патшалығыма тап боласыңдар!»
-«Флора» деген сөзді қалай түсінесіңдер?(Флора-өсімдіктер әлемі)».
Флора періштесі өзіңің қол астындағылардың бәріде үш табиғат сыйларның; күн,су,ауаның арқасында тіршілік ететінін жөнінде түсіндіреді. Балалар су- реттегі өсімдіктер,ағаштар,ағаштың дінінде,астында,жерде, топырақ астында, қай жәндіктер тіршілік ететіні жөнінде әңгімелеседі.
Педагог ағаштың суреті салынған плакатты көрсетіп,ағаш суды тамырымен сіңіріп,діні мен бұтақта- рын суаратынын туралы әңгімелейді,ағаштармен гүлдердің атын естеріне түсіреді. Балалар флора періштесінің хандығында өздерінің алған әсерлерімен бөліседі.

«Достық шеңбері» жылулық шеңбері
Балалар шеңберге жиналады.Педагог ортаға орындық қойп,кез келген балаға отыруды ұсынады (ұялшақ,өзіне сенімсіз,жасқаншақ баланы шақырғаны жөн).Педагог «Күлгін көзілдірікті» киіп «күн сәулесін қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды),ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады да,ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін айтады.Балалар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп,ортадағы баланы мадақтайды.
сергіту жаттығулары
«Өз күлкіңмен бөліс!» жылулық шеңбер
Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-біріне жылы сөздер айтып,әдемі күлкілерін сыйлайды.педагог үй жануарларын атап шығуды және неліктен үй жануарлары деп аталатынын естеріне түсіруін сұрайды.

Шаңырақ сергіту сәті

Балалар шеңберді айнала ұстап,төбелеріне көтереді.Олар «уық»сияқты қолдарымен, «шаңырақты» мықтап ұстайды да,түндіктен «көк  аспан мен жұлдызды» көреді.

Көтеріліп шаңырақ,керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,бәріміз жүрсек айналып, киіз үй боп көрініп.

«Жылы сөз» жылулық шеңбер

Педагог баланың назарын терезеден түскен Күн сәулесіне аударып.төмендегі «Тіршілік атаулыға қайырым жас» өлеңін оқиды.
Шашы алтын,көзі –от,шыға ғой Күн тезірек!
Шуақ берші,жылу бер-маған,қозы,лағыма,тағы,тағы,тағы-да!
Балалар тәрбиешіге еліктеп,әр сөзді онымен бірге қайталып және қолдарын бірде жоғары Күнге көтеріп,біресе қиялдарында тұрған қошақан мен лақты көрсетіп ойын қимылдарын жасап отырады.

«Еркелету» жылулық шеңбері

Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады.балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп,бір-біріне жы-лы сөздер сыйла

Табиғат аясында саяхат атты сергіту сәті

• «Біз казір нұрын төққен,кең даланың ұзын,соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды бастаймыз»(Балалар аяқтарымен тарсылдатады)
• Алдымызда көк майсалы шалғын,аяғымыздың астында жұмсақ шөптер. (Аяқтарымен көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады.
• Міне мен өзен жағалауына да келіп жеттік,аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр,(Алақандарын бір-біріне ысқылайды).
• Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз.(Тізелерін жоғары көтеріп,тізеле-рінің артынан шапалақтайды).
• Өзеннің арғы беті батпақтау екен,бір төмпешіктен екіншісіне секіріп өтейік.(Екі аяғымен секіреді).
• Айналамызда қалың тал өсіп тұр,оның ұзын,майысқан бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп ,ары бері қозғайды)
• Алдымызда үлкен жыра бар,аттап өтейік.(Үлкене адым жасап секреді)
• Оң жағымызбен сол жағымызда алқызыл түске еніп,албырап пісіп,жидектер өсіп тұр,сыйға тарту үшін теріп алайық.(Оңға, солға еңкейіп,отырып тұрады)
• Мына алдымыздағы қалың өскен шалғыннан өтіп көрейік.(Тізелерін жоғары көтеріп жүріп өтеді).
• Міне көздеген жерімізге де келіп жеттік!

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

комментариев 15 Пікір қосу

  • Сергіту сәті мен жылулық шеңбері жинақталып жазылған. Сабаққа пайдалануға қолайлы.

  • сергіту сәттерін әсіресе бастауыш сынып оқушыларына ұнайды. Осы жерде жақсы сергіту сәттеріне арналған жаттығулар топталған екен. Рахмет, Еңбегінің жемісті болсын

  • Оқушыларға білім мен тәрбие беру әр сабақта,тәрбиелік шараларда жүзеге асырылады.Қазіргі таңда оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері,тапсырмалар өте көп, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына осындай сергіту сәттері өте керек-ақ. Өз тәжірибеме пайдаланатын боламын. Көп рахмет.

  • Әрине ұнады, бұл ойындарды тек кішкене балаларға емес сәл өзгертіп оқушыларға да пайдалануға болады

  • Керемет топтастырылған сергіту сәті. Жас бүлдіршіндер үшін таптырмас жаттығулар. Тек бала бақшаға балаларына ғана емес, бастауыш сынып оқушыларынада келеді екен.

  • Сергіту сәті бір жағынан балаға беріліп жатқан тәрбие,балаларды өте қызықтыратын бойына күш беретін сәт.

  • осындай қазақша жинақтарды әдіс алмасу мақсатында сайтқа шығарғаныңызға көптен көп рахмет. күнделікті сабақ барысында қолданатыныма рахмет айтамын.

  • Сергіту сәті балалардың танымдық және тәжірибелік белсенділігін арттырудың аса маңызды құралы болып табылады. Жаттығулардың дене қимылына, саусаққа, тілге, тіл бұлшық етіне арналған түрлері көп. Мектепке дейінгі жаста жаттығуларды өлең, тақпақ түрінде өткізуге болады.

  • Сәлеметсіздерме жақсы жазылған, алайда мектеп оқушыларын қолдануға болады, осындай жинақтар балабақшадағы кіші топтарға болса екен. Размет…

  • сергіту жаттығуларынң балаға берер маңызы өте зор. сіздің сергіту джаттығуларыңыз өте қызықты екен. көп рахмет!сабаққа міндетті түрде қолданамын!!!

  • Мақала керемет.Қызықты.Негізінен дұрыс айтылған сергіту сәті оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыраы.Өте керемет сайт!Жұмысқа өте қажет жұмыстарды табуға болады.

  • Сергіту жаттығулары балаларға өте пайдалы. Мақала өте керемет.Сайт маған ұнады. Қажеттінің барлығын алуға болады.Сіздерге көп рахмет.

  • Сергіту сәттерін керемет топтастырып жазыпсыз, маған ұнады. әсіресе бөліктерге бөліп жазғаныңыз өте керемет! Сәтті шыққан жұмыс! Бұл сайттан өзіме қажетті материалдарды алып отырамын.

  • Өте жақсы сергіту сәттері, сергіту сәттеріңіз мәнді, тамаша.

  • Бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтінің алатын орны ерекше.Сергіту топтамаңыз керемет жазылған.Енді бұл сайттан өзіме керегін алып отырамын.Жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017