Таза ауадағы қысқы ойындар

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. 5.02.2017 жыл

Білім беру саласы: Денсаулық Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Таза ауадағы қысқы ойындар.

Мақсаты: Таза ауада ойнатылатын қысқы ойындар мен таныстыру. Шапшаңдық пен ептілікті дамыту.Ойын ережесімен таныстыру және оларды орындауға жаттықтыру; жүру түрлерін жаттықтыру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Жалаушалар, шаңғылар.

Әдіс-тәсілдері: Жүру түрлері, жүгіру, ойын іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс -әрекеті.

Балалардың іс – әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық. Алдымен балалар шаттық шеңберін жасады, бір – біріне ыстық ықыласын білдірді. Жалпы дамыту жаттығуларын жасаудан бастады.

қысқы ойындар1.Бір қатар тізбекке тұру. 2. Алаңды айналып жүру. 3.Аяқты қиюластыра жүру (сол аяқты оң аяқтың алдына қою, оң аяқты сол аяқтың алдында қою), әрбір қадам жасаған сайын алға қарай иілу. 4. Қолдарды екі жаққа созып, тізені жоғары көтеріп және қолды төмен ұстап жүру.

5. Жүру, жүгіру, жүру (іс-әрекеттерді алмастырып отырады) Педагогтің нұсқауын орындайды, жаттығуларды қайталайды. Ұйымдастырушы –іздестіру.Негізгі дамыту жаттығуларын үйренді. 1.Шығыршықпен орындалатын ЖДЖ: Б.қ: аяқтарды иық деңгейінде қою, шығыршықты оң қолмен ұстау. Қолды алға қарай созып, түзу стау, шығыршықты екінші қолға ауыстыру, қолдарды төмен түсіру. Б.қ: аяқтар аздап қана алшақ қойылады, шығыршықты екі қолмен кеуде тұсында ұстау. Отырып, шығыршықты еденге қойып, тіктеліп, қолды артқа жіберу, шығыршықты қолға алып, бастапқы қалыпқа келу. Б.қ: аяқтың ұшымен отыру, шығыршықты екі қолмен ұстау. Орындарынан тұрып, шығыршықты бастан асырып көтеру, бастапқы қалыпқа келу.

Б.қ: аяқтар аздап қана алшақ қойылады, шығыршық арқылы секіру. 2. «Шеңбер ішіне дәлдеп лақтыр» ойыны. 3. «Кім бірінші?» ойыны. 4. «Хоккей» ойыны. Жаңа оқу іс-әрекетін түсінді. Жаттығуларды өз бетінше орындады. Ойынға белсене қатысады.

Ойын барысында бірін-бірі итермей, ойын шартын бұзбауға тырысады. Ойын балаларды шымыр, төзімді болуға тәрбиеледі. Дене қозғалысын арттырды. Рефлексивті түзетушілік

Бүгінгі оқі іс-әрекеті ұнады ма? Ұнады. Несімен қызықты болды? Қызықты ойындар ойнадық.

Даладан нені көрдік? Қарды? Қардың түсі қандай? Ақ, ол суық, қолға ұстағанда еріп кетеді. Біз таза ауада серуендедік. Шаңғымен сырғанап жүрген сияқты жүру. Сырғанап жүріп, тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Күтілетін нәтижелер: Орындайды: таза ауада ойнатылатын қысқы ойындарды;

Түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінен орындай білушарттарын;

Қолданады: ойын ережесімен таныстырып және оларды орындау дағдысын.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

комментария 2 Пікір қосу

  • Таза ауадағы ойындар балаларға өте қызықты ұйымдастырылған. Балаларға қимылды ойындар денсаулықтарына падасы көп. Осындай ойындарды оқу қызметтерінде пайдалану өте тиімді.

  • балалардың таза ауадағы серуендері өте тамаша ұйымдастырылған.Таза ауа денсаулыққа өте пайдалы.Көп рахмет

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017