Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Тігінен тұрған нысанаға лақтыру

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы, «Балбөбек» бөбекжай балабақша тәрбиешісі
Махмутова Гүлжазира Сиражеденқызы
Тақырыбы: Тігінен тұрған нысанаға лақтыру. Мақсаты: Тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды жетілдіру.Негізгі қасиеттерді шапшаңдық, ептілікті дамыту.Гимнастикалық орындықтың үстімен еңбектеуге үйрету. Қолданылатын құрал-жабдықтар: сылдырмақтар, құм салынған қапшықтар, бала санына қарай доптар, 1-2 гимнастикалық орындықтар, 3-4 үлкен шығыршық. Әдіс-тәсілдері: Жүру түрлері, жүгіру, ойын
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивация-лық қозғаушылық
тігінен қойылған нысанаға доп лақтыру сабақ жоспарыКең, еркін қадаммен педагогтің соңынан жүру және жүгіру. Педагог әр кезде дұрыс жүрістің және жүгірудің үлгісін көрсетеді.
Педагог көрсетуі бойынша сылдырмақты көтеріу және шашырап тұру немесе бір сапқа тізіліп тұру және педагогке қарау.
Ұйымдастырушы –іздестіру
1.Сылдырмақпен орындалатын ЖДЖ: Б.қ. аяқтарың арасын сәл ашу, бір қолына сылырмақты ұстау. Әл солай екінші қолмен орындау. Жаттығуды тез қарқынмен орындау.
Б.қ: сылдырмақ алға қарай созылған екі қолда. Алға иілу. Б.қ. шалқадан жату, сылдырмақ екі қолда, қолдарын екі жанына ұстау. Отырып, сылдырмақтарды екі аяқтың ұшына тигізу. Б.қ. Бір аяқпен бір орында секіріп тұру. Бір-бірінің артынан жүру. Сылдырмақты қою.
2. Гимнастикалық қабырғада өрмелеу.
3. Тігінен қойылған нысанаға құм салынған қапшықтарды лақтыру, әр қолмен 2-3 реттен орындалады
Жаңа оқу іс-әрекетін түсінді.
Жаттығуларды 6-8 рет қайталады
Жаттығуларды өз бетінше орындады.
Жұптасып «паровоз» секілді жүріп-тұру.
Бір-бірінен қалыспай, жаттығуды орындауға үйрету.

Рефлексивті түзетушілік
4. «Мені қуып жет! Қимыл-қозғалыс ойыны. 1.Бір тізбекпен жүру.
2. «Өзіңе жұп табу» тыныш ойыны.
Педагог өз бетінше тапсырманы орындай алмайтын балаларға көмектеседі. Педагог көрсетеді, содан соң балалар өрмелейді.
Ойын барысында бала өзіне жұп таңдайды, оны қолынан ұстап, онымен бірге жұптасып жүреді.
Күтілетін нәтижелер: Орындайды: тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды;
Түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінен орындай білу шарттарын; Қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017