Жүйріктер мен Шапшаңдар

Тақырыбы: «Жүйріктер мен Шапшаңдар»
Мақсаты: Спортқа деген құштарлығын дамыту. Ептілікке, шапшаңдыққа қызыға ойнауға баулу. Балалардың бұлшық еттерінің қатаюына, жалпақ табандылықты болдырмауға көмектесу. Жаңа таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Тәрбиешімен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Барысы: Құрметті балалар, тәрбиешілер!
Бүгінгі «Жүйріктер мен Шапшаңдар» атты топ аралық сайысымызды бастаймыз.
Жатып алмай төсекте,
Ерте тұрып жүрсең.
Шынықтырып денеңді,
Күш-қуат жинап бойыңа
Өзіңді сондай нағыз спортшы деп есепте.
Спортшыларға сәт сапар!-деп жарысымызды бастаймыз

Ортаға қошеметпен тәрбиешілермен, балаларымызды шақырамыз.
1. «Қыран» командасы — Сұңқар тобы
2. «Күншуақ» командасы –Таңшолпан тобы
3. «Тұлпар» командасы –Тұлпар тобы

Әділ баға беретін Әділқазылармен таныстыру.
С.К.Қосыбаева меңгеруші
Қ. Орынгалиева психолог
Ж.Жумагул тәрбиеші

Ойынды бастамас бұрын ант қабылдау
1. Ойынды адал ойнауға
2. Қарсыласты аяқтан шалмауға
3. Ұрыс- жанжал шығармауға
4. Жеңілгенді мойындау білуге
5. Ойын шартын бұзбауға
6. Жығылғанда жыламауға
7. Әділқазы шешімімен дауласпауға
8. Шын жігермен, бар күш-жігерімді салып ойнауға
9. Салауатты өмір салтын дәріптеуге

Әр топ өздерін таныстыру.
Жүгіріп қоян келеді.
Жүгіруші: Сәлеметсіз бе қоян! Сен асығып неістеп жүрсің?
Қоян: Үлгердім-ау,
Жарыстың бірінші ойынын жүгіруден бастасаң деп едім.
Жүргізуші: Солай ма, олай болса сайыстың

1-ойын. «Жүйріктер»
Шарты: 100 м жүгіру

спорттық ойын.2-ойын: Аю келеді қорбаңдап.
Жүргізуші: Аю жан сен жарыстың 2-ші ойынына қандай ойын ұсынасаң?
Аю: мен сияқты тенис қалақшасымен шариктерді ұрып жүру ойыны.
«Кім шапшаң»

3-ойын. Кенгуру қолында добы бар сайысқа асыға келеді.
Жүргізуші: Кенгру сен қандай ойын ала келдің?
Кенгуру: Допты аяқтың ортасына қойып секіру.

4-ойын: Аңдардың жүрісін салып жүру. (аңдарша жүру)
1. Маймылша
2. Қазша
3. Бақаша

5-ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Ортада 3 түсті доптар жатады. Әр топ өзінің түстерін жинайды. қайысы бірінші болса сол жеңімпаз.

Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында. Марапаттау.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Сценарий құрылымы өте жақсы. Ертегі кейіпкерлерін қатыстырғаны өте ұнады. Балалар ойнай жүріп шынығады.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017