Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ас-адамның арқауы

Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру, септік жалғауларын білу, сөздерге дұрыс жалғай алу;
Оқушылардың білімін , ой – өрістерін, тілдерін, ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту.
Денсаулық сақтауға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

-адам өміріндегі астың маңызды рөлін түсінеді;
-септік жалғауларын сөзге дұрыс жалғай алады;
-салауатты өмір салтын ұстануға үйренеді.
Сабақтың құрал-жабдықтары
Оқулық,тақта, интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, түрлі түсті қарындаштар, стикерлер, слайдтар, видеоролик, бағалау парағы, лента

ас адамға күш қуат береді.Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Кіріспе
5 мин
Үй тапсырмасын тексеру
Психологиялық ахуал қалыптастыру «Күндей жадырап, таңдай арайланып, судай мөлдір таза көңілмен сабағымызды бастайық». Топқа бөлу ( 2 топ, лента арқылы). Топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру
1-топ: «Жемістер»
2-топ: «Көкөністер»
-Кім ас, тамақ, денсаулық туралы мақал-мәтелдер жаттап келді? Оқушылар хормен айтады.
Сынып оқушылары топпен жұмыс жасайды.
Оқушылар дайындап келген мақал-мәтелдерін айтады.
Тұсаукесер бөлімі — «Ас – адамның арқауы» дегенді калай түсінесіңдер?
Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Негізгі бөлім

Біздің бүгінгі сабағымыз – «Ас-адамның арқауы деп аталады»

Видеоролик көрсету.
Сөздікпен жұмыс:
Дәрумен-витамин
Тағам-пища
Көкөністер-овощи
Жемістер-фрукты
Топпен жұмыс: постер қорғау
1-топ: «Денің сау болу үшін не істеу қажет?»
2-топ: «Тамақ ішерде және ішіп отырғанда қандай әдеп-салттарды сақтау қажет?»

Дәптермен жұмыс
1-топ: нан сөзін
2-топ: тағам сөзін септейді.
Сергіту сәті:
«Дастархан» әнін айту
Кітаппен жұмыс:
Сөзжұмбақ шешу
Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.
Постер қорғайды.
Сөздерді септейді, оқиды.
«Жемістер» тобы: 69-бет
«Көкөністер» тобы:72-бет
Қорытынды
Стикерлер беріледі.
Бүгінгі сабақ қалай өтті?
Нені білгің келеді?
Не қызықты болды? Стикерге жазып, тақтаға іледі.

Үйге тапсырма

Бағалау 1-топ: ұлттық тағамдарды
2-топ: тағамдар туралы жұмбақтар жазып келу
Топ басшысы тобының оқушыларын бағалайды. Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау парағына бағаларын жазып, қорытындысын айтады.

комментариев 7 Пікір қосу

  • Сабақ жоспары жаңартылған бағдарламаға сай құрылған. Сабақта екі тілді қолдану тиімді ойлаймын.

  • Сабақтың құрылымы өте жақсы. Жай ғана тағам туралы теориялық жақта айтылып қана қоймай, әр түрлі тәсілдер арқылы, постер, жұмбақ, ән айту, т.б. тиімді тәсілдер арқылы сабақтың мақсатқа жетуіне біршама еңбектер атқарылған. Авторға шығармашылық табыс!

  • сабағыңыздың құрылымы жаңа бағдарламамен құрылған.Қызықты әрі көлемді. Қазіргі таңда үш тілді меңгеру қажет қой, сондықтан ағылшын тілі де артық болмас еді. Сабағыңызға рахмеет!

  • Оқушыларға тәрбиелік маңызы бар сабақ екен.Балалар дұрыс тамақтануды білетін болады.Зиянды тамақ пен пайдалы тамақты ажыратады деп ойлаймын.Асты қадірлейді.

  • Сабақтың құрылымы өте жақсы, әрі баланың жасына сай құрылған. Сонымен бірге , сабақта әр түрлі әдістерді тиімді қолдана білген.

  • Сабақтың құрылымы жақсы жасалған. Өзара пәнаралық байланыс орнатылған.Сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланған.сабағыма жоспар жасауда сабағыңыздан керекті әдістерді қолдандым. Сізге шығармашылық табыс тілеймін.

  • Оқушыларды дұрыс тамақтануға баулу маңызды тақырып. Осыған қарап әр оқушы келешекте астың қадірін білуді үйренеді. Маған ұнады, мұндай пайдалы сабақ жоспарлары көп болсын, рахмет»

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017