Бақша ағаштары

Сынып: 2 «Ә» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Пән Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Бақша ағаштары
Жалпы мақсаттары: Әңгіменің мазмұны мен негізгі идеяны анықтау.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Әдебиеттік оқудан әдістемелік қүрал «Алматыкітап-2015» баспасы
2-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы «Алматы кітап-2015» баспасы
«Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011ж.
Оқу нәтижесі: Әңгіменің мазмұнын адам тәрбиесімен байланысып айтылғанын түсінеді
Негізгі идеялар: Оқушылардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім көлемін меңгерту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірме (тақырып бойынша)
Тақырыптық суреттер
Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері. Сыныппен жұмыс.
Жеке жұмыс.
Дерек көздері: «Бақша ағаштары» тақырыбына берілген материалдар.
Тапсырмалар:
Әдебиеттік оқу оқулығы бойынша 113 б. тапсырма материалдары, мәтін, сурет.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабаққа даярлық.
Мұғалім сөзі
Шаттық шеңбері
Қане, қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрсақ енді шеңберге
Алақанды ұрайық
Топтастыру
Оқушыларды топ атауларының басқы әріптері арқылы топтарға бөлу, әр топ әріп артына жасырылған суреттер арқылы мозайка құрастырады.
1-топ Еңбекқор Менің елім – Мәңгілік ел
2-топ Білгір Қазақ елі – Мәңгілік ел
3-топ Қайырымды Ұлы дала елі – Мәңгілік ел
4-топ Әдепті Мәңгілік ел – менің мекенім
Алдыңғы оқылым
«Атам туралы» өлеңді мәнерлеп оқыту.
Бағалау критерийі
Мәтінді тұтастай дауыстап, түсініп оқи алады
«Атам туралы» өлең бойынша кластер құрап, үлкен кісі бойындағы қасиеттерді атау.
Сабақ мақсатын айқындау
Ағаш макетін жасау
1. Бұл қандай ағаш?
2. Бұл ағаш қайда өседі?
3. Оны кім өсіреді?
4. Тобымыздың атауы қандай?
5. Ағаш макеті мен топ атауын сәйкестендіре келе, біз бүгін сабақта нені білеміз деп ойлайсыңдар?
Білу
Әдебиеттік оқу 2 сынып

Өсімдік түрлерін атау
1-тапсырма Сурет бойынша өсімдік тіршілігіне қажет басқа қандай жағдайларды атап көрсетуге болады? Жеміс беретін ағаш атауын атап, жазады (арқа қағу)
Бағалау критерийлері Дескрипторлар
• Жемісі тәтті, әрі нәрлі Ағаштың өсуі үшін қажет жағдайларды анықтау. • Өсімдік тіршілігінде адамның рөлін көрсетеді;
• Табиғаттан алатын қажеттіліктерді атайды?
• Жеміс беретін ағаш атауларын атап көрсетеді.
Тапсырманы дұрыс орындалғанын слайд арқылы тексеру;
Тапсырманың барлығы дұрыс оқушы 3 санын қояды
Тапсырманың бір бөлігі қамтылмаса 2 санын қояды
Тек біреуін ғана дұрыс орындаған оқушы 1 санын қою арқылы бағалайды
Түсіну
Ж. Әбдірашевтың «Ыбырай» өлеңін оқу арқылы тақырып атауын ашу.
Ы. Алтынсариннің өмірбаяны туралы кіріспе шолу жасау.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айту. (от шашу)
Қолдану /Түсіндіру/
2-тапсырма Мәтінді тұтас оқып шық. Орындары ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін ретке келтір. Дәлелде. Таныс емес сөзді белгіле. (баспалдақ)
Бағалау критерийлері Дескрипторлар
• Мәтінді әңгіме мазмұнына сай ретке келтіру • Мәтін бөліктерін мазмұнға сай орналастыра алуы;
• Ой жүйесінің сақталуы;
• Мәтін құрылымы бойынша ойын дәлелді жеткізе білуі;
• Мәтінді дауыс ырғағына сай оқуы.
Талдау
Мәтінмен жұмыс
7 сұрақ әдісі арқылы мәтінді талдау
Кім? Мәтіннің авторы кім?
Не? Әңгімеде не туралы айтылған?
Қашан? Әңгімедегі бұл оқиға қашан болды?
Қайда? Әңгіме қайда орын алды?
Қалай? «Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық? Сұрағына төре қалай жауап берді?
Неліктен? Неліктен әкесі ұлына «сен жас ағашсың саған да күтім керек» деді?
Егер … болса не болар еді? Егер бала ағашты күтіп-бағудың мәнін білмесе не болар еді?
Әңгімедегі басты идея не?
Әңгіменің тәрбиелік мәні қандай?
Бағалау критерийлері Дескрипторлар
• Мәтінді толықтай зерделеу арқылы негізгі идеяны табу • Сұрақтарға толық жауап беру арқылы мәтінге талдау жүргізе алады;
• Негізгі идеяны анықтауы
Әңгіме желісі бойынша сахналау.
Бағалау критерийі
Әңгіме желісі бойынша сахналай алады
«Ыстық орындық» стартегиясы
— Сен қандай ағашқа жатасың?
— Сен жас ағаш ретінде сені кім күтіп – бағуда?
— Ата-анаң сені қалай күтіп-бағады?
— Сендерге қандай тәлім-тәрбие берілуде?
— Бұдан қандай қорытынды шығардың?
Бағалау критерийі
Өзін кейіпкер орнына қойып сұрақтарға жауап бере алады

Қошемет көрсету арқылы бағалау
Жинақтау
Төрттік Венн диаграммы арқылы түзу және қисық ағашты, күтумен және күтімсіз өскен адам тәрбиесін, күтіммен өсен адам және күтіммен өскен ағаштың ортақ қасиетін, күтімсіз өскен ағаш пен күтімсіз өскен адам арасындағы ортақ қасиеттерін табу және айырмашылықтарын анықтау.
Үш тілде білім алу
Алма – аррle – яблоко
Бақша — сад — garden

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

комментария 4 Пікір қосу

  • Маған осы сабақ ұнады.Ізденімпаз ұстаз екендігі байқалып тұр.Жұмысыңызға табыс тілеймін.

  • Бағалау критерийлері дүрыс жазылған. Сабақ құрылымы өте жақсы құрылған. Маған үнады.

  • саламатсыз ба? мен мақаланы қалай енгізу керек екенін білмеймін.көмектесіп,рет ретімен айтып жіберіңіз.

  • Сабақ балалардың білім деңгейіне сай.Мен де екінші сынып оқушыларына осындай тапсырма берер едім.Өте ауқымды тақырып.Балаларға қызықты.Тапсырмалары жақсы.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017