Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Анам және мен сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:  Балаларды жерін, елін, дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу, білімін көтеру, ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаз Бен ата-ананың бірлескен жұмысын жандандыру.

 

Сабақтың өтілу әдісі:  Пікір, сайыс

 

Сабақтың көрнекілігі:  нақыл сөздер, қима қағаздар, шарлар, түрлі безендірулер.

 

 

Сайыс бағдарламасы:

  1. Мыңның түсін білгенше,

Бірдің атын біл.

(таныстыру)

 

  1. Мақал – сөз мәйегі

а) Оқу-білім туралы  (баласы )

ә) Ұл мен қыз туралы, бала тәрбиесі туралы  (анасы)

  1. Өнерлі өрге жүзер. (анна, әлдиі)
  1. Өнерлінің қасы алтын.

а) Үй тапсырмасы

ә) Иткөйлек пішіп, тігу

б) Ою ойып, жапсыру

  1. Ситуациялық сұрақтар

Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым

Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізге

Қымбатты, “Жаңа мазмұнды сабақтарды енгізе отырып, оқушының шығармашылығын дамыту” бастауыш класс семинарына келген ұстаздар, аяулы ата-аналар, оқушылар!

3- класс оқушыларымен өткізгелі отырған “Анам және мен” сайысына хош келдіңіздер!

Aknuruzdik

Сайыс бағдарламасымен таныстырып өтейік:

  1. Мыңның түсін білгенше,

Бірдің атын біл.

(таныстыру)

 

  1. Мақал – сөз мәйегі

а) Оқу-білім туралы  (баласы )

ә) Ұл мен қыз туралы, бала тәрбиесі туралы  (анасы)

 

  1. Өнерлі өрге жүзер. (анна, әлдиі)

 

  1. Өнерлінің қасы алтын.

а) Үй тапсырмасы

ә) Иткөйлек пішіп, тігу

б) Ою ойып, жапсыру

 

  1. Ситуациялық сұрақтар

 

Әділ қазылар алқасымен таныстырайық:

  1. Әділқазылар алқасының төрағасы
  2. Мүшелері:

 

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай, әрбір күнің, әр айың.

loading...

Тойларыңыз құтты болсын аналар,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!

 

Сайысымыздың І бөлімі «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» бөлімі.

Әр ана мен бала өздерін таныстырады.

Қарсы алыңыздар!

  1. Әмет Гауһар анасы Маржан
  2. Тұрлыбек Әсел анасы Феруза
  3. Есіркеп Нұрдәулет анасы Айнаш
  4. Жолдасбек Парасат анасы Гүлнар

 

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік

Сөз кезегін мақалшыға берелік

 

Сайысымыздың ІІ – бөлімі «Мақал- сөз мәйегі» бөлімі.

 

Балалары оқу-білім туралы аналары ұл-қызы, бала тәрбиесі туралы мақал-мәтелдер айтады.

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық.

Қонақтарды таңдантып

Өнерден күмбез жасайық.

Сайысымыздың ІІІ – бөлімі «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі.

Бұл бөліміде Б. Момышұлы атамыз: «Мен қазір бір нәрседен қорқамын. Ол баланы бесікке салып, әлдилік айтатын аналар азайып бара жатыр» деген екен аналар  «Ана әлдиін айтады баллары өнерін көрсетеді»

 

Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ

Сайысымыздың ІV – бөлімі «Өнерлінің қолы ортақ алтын» бөлімі.

Алдымен аналарымыз бен балаларымыз үй тапсырмасымен таныстырады.

Аналарымыз сәбидің иткөйлегін пішіп тігеді.

Балаларымыз ою ойып, жапсырады.

«Бала — біздің болашағымыз» демекші, бала тәрбиелеу ісінде ата-ана бірінші кезекте орын алады. Ал ендігі сұрақтарымыз бала тәрбиесіне арналған ситуациялық сұрақтар.

  1. Балаңыз мектепте біреумен ілінісіп қалыпты. Сіздің әрекетіңіз?

 

  1. Үйде қонақтар бар. Балаңыз сіздің ең қымбат ыдысыңызды сындырып алды. Сіздің әрекетіңіз?

 

  1. Балаңыздың достасқан баласы тәртібі қиын, нашар бала. Сіз қандай кеңес бересіз?

 

  1. Балаңыз өте тәртіпті. Оны кластастары ынжық деп мазақ еткен соң, ол мектепке бармаймын деді. Сіз қалай көндіресіз?

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Көріскенше қош, аман бол ағайын.

Аман болсақ сіз бар, біз бар дегендей

Өткізерміз сайыстың да талайын

Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына баралік.

Қорытынды.

Марапаттау. Қонақтарға сөз беру.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016