Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Бақылау диктанты 4-сынып

«Құралайдың  салқыны»

Мамыражай  жайнаған  мамыр  айы  болатын.Күннің  көзін  табан  астында бұлт  шала  бастады.Көп  ұзамай  күн  күркіреп, найзағай  ойнады. Бұл «Құралайдың   салқыны»  еді.Осы  ұғымның  терең  сыры  бар екен. Киіктер жаңадан  төлдеген  кезде  лақтары  ұйықтап  қалатын көрінеді. Енді сол  лақтарды  шошытып  оятатын,өз аяқтарымен  тұрып, жедел  тіршілікке  ілесіп  кетуі үшін  Алла-тағала  үркітетіндей  табиғат   құбылысын  болдырған. Мұндай  құбылыс,әрине, лезде  тоқтамайды.Ол  кемінде бір аптаға  дейін   созылатын  көрінеді. Табиғаттың  әлі   жұмбақ,әлі де  құпия  қаншама сыр  жатыр ?!

/76сөз/

loading...

bastauishsinipmuglimis

Арланмен   айқасқан  жолаушы

Жалғыз атты   жолаушы  жан-жағына  сескене  қарады.Айсыз  қараңғы  түн.Оңында да, соңында да қып-қызыл шоқтар  жалтырайды. Аш бөрілер  қусырып  келеді.

Жалғыз  атты  салған  айқай-сүреңнен  аш  қасқырлар  сескенетін  емес. Онан   сайын  жақындай  түседі. Батылдау   біреуі  тіпті,алдын  орағытып,кес-кестеп жүргізетін  емес.

Әлгі  арлан  қапталдап  келеді.Тістері  сақ-сақ  етеді. Бұл жолы  үйірілген  қамшыны  да  тыңдаған  жоқ. Арс  етіп, қарсы  шапты. /63сөз/


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016