Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Көбейту және бөлу кестесін пысықтау

Сабақтың тақырыбы: 6-ға көбейту және бөлу кестесін пысықтау

Сабақтың мақсаты: 6-ны көбейту және бөлу кестесі туралы алған білімдерін бекіту; ойлау логикасын,есептеу дағдыларын арттыру; адамгершілікке,тез есептеуге,шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Типі:өткенді пысықтау

Әдісі: сұрақ-жауап,ойындар

Түрі: аралас

bastauishsinipmuglimis

Күтілетін нәтиже:6-ны көбейту және бөлу кестесін меңгеру

Көрнекілігі:қақпа,сиқырлы таяқ,музыкалық шкатулка,плакатқа салынған сурет,сары жапырақ, жетондар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық «Менің есімім» ойыны

Әрбір оқушы өзінің есімі қандай әріптен басталса,сол әріптен басталатынын жақсы сөздерді қосып,өзін таныстыру.Мысалы:Сұлу,сымбатты,салмақты Самал

ІІ.Білім,білік,дағдыларын белсендіру

Алдарыңа үлкен қақпа тұр.Қақпаның аузында сиқырлы құлып.Ал оның кілті жоғарыда ілініп тұр.Қақпаны ашу үшін «Миға шабуыл» деп аталатын ойынға қатысайық

1.6-ға көбейту және бөлуді пысықтау

-6-дан 60-қа дейін 6 бірлік аттай отырып тура санау

-5-тен 50-ге дейін 5-бірлік аттай отырып тура және кері санау

-24:6= 5х6= 36:6= 9х6=

ІІІ. Өткенді пысықтау

«Компьютер» ойыны

Музыка ойналады,қақпа ашылады

Ерте,ерте,ертеде

Ешкі жүні бөртеде

Әлемді таң қалдырған

Орда болыпты.

Оны ақылды,білімгер Математика басқарыпты.Математика өз Ордасына жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен.Не істейміз?

Математикаға жазған өлеңді хормен айтып берейік:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан

loading...

-Менің қолымда «Сиқырлы таяқ» Алдымыздан күндей жарқырап, түлкі шықты.Бұл жерде барлығы бір-біріне дос,жолдас.

№2 Баған түрінде есепте және дұрыстығын тексер

(2оқушы тақтаға,3 оқушы орнында отырып шығарады)

Міне,әдемі үйдің алдына келдік.Мұнда сандар тұрады. Олар сандар 3 түрлі дөңгелектерден,яғни көк,жасыл,қызыл.Өзара байланысты сандармен жүздіктер құрастырайық

№3 тапсырманы ауызша орындалады

Көк пен жасылдың көбейтіндісі қызылға,қызылдың жасылға бөліндісі көкке тең.

Таяғымның көмегімен келесі тапсырма.Мынау қандай шартты белгіні білдіреді?

-Өрнек жаз.№4 тапсырманы бәріміз бірге ұжым болып орындайық

а) 20см:5см = 4есе артық

ә) 20см- 5см = 15см артық

б) 6х4 = 24 кітап

в) 4х2х5 = 40

Сергіту сәті:Логикалық тапсырма:

1.Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр?

2.Таразы табақшасында 2 аяғымен тұрғанда тыырна 2кг болды,егер бір аяғымен тұрса,оның салмағы қанша болады?

3.Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?

Таяғымның көмегімен келесі зәулім үйге келдік.Бұл жерде 4 қабатты үй екен.

№5 тапсырманы орындайық

№1 №3

Белгісіз қосылғышты табу Белгісіз азайғышты немесе азайтқышты табу

Қандай керемет өзен.Өзенде нелер бар? (балықтар)

-Қандай өзендерді білесіңдер?

№6 тапсырма бойынша …….есе артық(кем) тіркесті пайдаланып,сурет бойынша бір,екі амалмен шығарылатын есептер құрастырайық

«Төгілген күзгі жапырақтар»

-Қазір қай мезгіл?

-Күз мезгілінің соңғы айы?

Жапырақтардың барлығы төгіліп жатыр.Ендеше жапырақтарды жинайық.Жапырақтардың артқы жағына сұрақтар берілген.Сұрақтарға жауап беру.

ІҮ. Сабақты қорыту

Семантикалық картамен жұмыс

Ү. Оқушылардың жинаған жетондарын санап,ең көп жинаған оқушыны анықтап «Алтын кілтті» тапсыру

Оқушылардың білімін бағалап,күнделікке қою

ҮІ. Үйге тапсырма: №5(2,3)


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016