Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жыл мезгілдеріне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдеріне саяхат

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын салыстырып айта білуге үйрету. Табиғаттың ерекшеліктері туралы білімдерін дамыту.Туған табиғатқа жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,жұмбақ айту,сурет бойынша әңгіме айту

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, дидактикалық құралдар, т.б жыл мезгілдеріне таласқан хайуанаттардың атрибуттары,мазмұнды суреттер т.б мазмұнды суреттер

bastauishsinipmuglimis

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар,мен қазір күйтабақтан сендерге музыка тыңдатамын

(Музыка ойналады)

-Ойналған әуен көз алдарыңа нені елестетеді?

-Бұл музыка нені бейнелейді деп ойлайсыңдар?

-Жыл мезгілдерін

Ойын «Жыл ағашы»

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі

-Қай ай?

-Сәуір айы

-Бір аптада неше күн бар?

-Бір аптада жеті күн бар

-Кәне,осы жеті күнді айтып шығайықшы?

-Оқушылар жеті күнді айтып шығады

-Табиғат дегеніміз не?

-Айналаны қоршаған орта

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Табиғат екіге бөлінеді.Тірі табиғат және өлі табиғат

-Бір жылда неше ай бар?

-Бір жылда 12 айбар

-Он екі айды не деп атаймыз?

-Бұл «жыл» деп аталады

-Ал,енді балалар, «жыл мезгілдеріне таласқан хайуанаттар» ертегісін білеміз бе?

-Кәне,сол ертегіде қай жәндік жыл басы болады?

Оқушылар жыл аттарын атайды: Тышқан,Сиыр,Барыс,Қоян,Ұлу,Жылан,Жылқы,Қой,Мешін,Тауық,Ит,Доңыз

-Дұрыс,балалар өте жақсы

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Оқушылардың жауабы:Жаз,Күз,Қыс,Көктем

Олай болса балалар бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Жыл мезгілдеріне саяхат»

Балалар біз саяхатқа шыққанда таулардан,өзен-көлдерден,жазық далалармен жүреміз бізге ең қолайлы көлік мына тұрған тік ұшақ болады.Олай болса мына тік ұшаққа отырып саяхатқа шығамыз.Педагог жаз мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіреді

Жұмбақ: Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Шомылып суға ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

-Жазда өандай жеміс-жидектер піседі?

-Өрік,алма,шие,қауын,дарбыз

-Ал,кәне,кім осы жеміс-жидектерге байланысты тақпақ айтады?

Оқушы: Көктемде ерте гүлдеймін

Кешігуді білмеймін

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр»деймін

Уылжыған өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін

-Жаз бен қыстың айырмашылығы неде?

Оқушылардың жауабы

-Жыл мезгіліне қандай айлар жатады?

Оқушылардың жауабы:Маусым,Шілде,Тамыз

-Осы «жаз» мезгіліне байланысты кім тақпақ айтады?

Оқушы: Көл жағалай көп құстар,

Ұшып-қонып жатады

Қиқуланып әр тұстан

Сызылтып үн қатады

Дөңгеленіп төбеден

Сәулесін күн төгеді

Жарқын жаздың не деген

Жасыл түсі көп еді

loading...

Сергіту сәті: «Қорбаңдаған аю»

-Балалар,енді біз жаз өтіп,келесі жыл мезгіліне саяхат жасаймыз.Ол қандай жыл мезгілі екенін сендер мына жұмбақты шешсеңдер білесіңдер?

Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Педагог сурет бойынша күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырады.

-Күз мезгілінің айларын кім айтады?

Оқушылардың жауабы: Қыркүйек,Қазан,Қараша

-Күз мезгілінің қанша кезеңдері бар?

Оқушылардың жауабы: Күз мезгілінің үш кезеңі бар:

1.Ерте күз-жапырақтар жаңадан сарғая бастайды

2.Алтын күз-жапырақтар сары күйге еніп,жеміс-жидек,көкөністер піседі.

3.Қара күз-ағаштар жапырағынан айырылады,шөптер қурайды,қыстың белгілері біліне бастайды

-Күз мезгіліне байланысты қандай өлең-тақпақтар жаттадық?

-Кәне, кім айтады?

Оқушы: Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары боп тұрғанда

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Сергіту сәті:Жұмбақ жасыру

Балалар,біз күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстық.Енді күз мезгілінен өтіп қай жыл мезгіліне түстенетінімізді сендер мына жұмбақты дұрыс шешсеңдер білесіңдер.

Жұмбақ: Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын.

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Қыс мезгілінде қандай айлар бар?

Оқушылардың жауабы:Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан

-Педагог қыс мезгілінің ерекшеліктерін сурет арқылы таныстырады

-Ал енді осы қыс мезгіліне байланысты кім мәнерлеп өлең оқиды?

Оқушы: Көкті бұлт тұмшалап,

Жер ақ тон киеді

Шұнақ аяз шымшылап,

Ақ бетіңнен сүйеді

Құлақтарын үсіктен

Шынықпаған қай бала?

Осы болар қыс деген

Айтсақ жауап жай ғана

Сергіту сәті: «Семантикалық картамен» жұмыс

Балалар, біз қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстық.Енді қай мезгілге саяхатымызды жалғастыратынымызды мына жұмбақты шешсеңдер білесіңдер.

Жұмбақ: Бұлтты айдай желдеткен,

Нөсерлеткен селдеткен

Қозы-лақ қуып ойнатқан

Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем)

-Көктем мезгіліне қандай айлар жатады?

Балалардың жауабы:Наурыз,Сәуір,Мамыр

Педагог кқктем мезгілінің ерекшеліктерін сурет бойынша баяндап шығады

-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

Оқушылардың жауабы: Ұзақ, қараторғай,бозторғай,тырна,қарлығаш

Оқушы: Қар су болып жөнелді

Қалды дала жалаңаш

Күн нұрына кенелді,

Бүршік атып бар ағаш

Келіп көктем құстары

Бау-бақшаға ән салды

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды

Сергіту сәті: «Сұр қоян»

-Жыл мезгілдеріне саяхат сендерге ұнады ма?

-Ал,енді ұнаса бар ойымызды бір арнаға келтіру үшін жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін «Топтастырамыз»

Сабақ соңында «алғаш ұшақты» рахмет айтып аэродромға қайтарамыз. «Өте жақсы», «Жақсы», «Орташа», дегенадам бейнесінің символын өою арқылы сабақты аяқтау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімдерін бағалап,мадақтау


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016