Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Кішілерге қамқор бол(1сынып Ана тілі)

Тараз қаласы №51 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Бейсеу Алма Байдалықызы

  1 сынып.Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Кішілерге қамқор бол.Бүркіт Ысқақов.

Заттың атын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.Жақсылық,қамқорлық жасауға үйрету.Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау.

Дамытушылығы: Өлеңді мәнерлеп оқуға, оның негізгі идеясын ашуға жетелеу. Ойлау қабілетін сөздік қорын дамыту. Өз ойын жеткізе білуге баулу.Адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке,қайырымдылық жасай білуге,мейірімділікке елжандылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: қайталау-жинақтау

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: өзін- өзі тану,дүниетану.

Сабақтың әдісі: Ақпараттық технология, проблемалық оқыту әдісі, ойын әдісі, дамыта оқыту технологиясы,СТО стратегиялары.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,семантикалық үлестірме қағаздар,ағаш шаблондары.

BBuzddddBB

Күтілетін болжам: «Кішілерге қамқор бол» өлеңін түсініп,мәнерлеп оқиды.Автор Б.Ысқақов туралы мәлімет алады. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алады.Заттың атын білдіретін сөздерді ажыратып,сұрақ қоя біледі.

                              Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгендеу

ә)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

б)Психологиялық дайындық

«Гүлденсе қала, гүлденеміз бәріміз.»

— Қазір қандай сабақ?

— Ана тілі.

-Балалар, биылғы елбасымыздың жолдауы қандай атпен аталатын еді?

-Қазақстан 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

— Жақсы.

— Елбасымыздың жолдауындағы міндеттелген тапсырманың негізгілері.

Білім, денсаулық, тілді дамыту.

Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт — бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.

Елбасымыздың жолдауының орындалысына өз үлесімізді қосуымыз керек.

-Ол үшін не істеу керек?

— Білім алу, спортпен шұғылдану,еңбек ету.

-Олай болса бүгінгі сабағымызда еңбек ете отырып, білім аламыз.Білім ала отырып, еңбек етеміз.

Денсаулық жақсы болу үшін, таза ауа, таза жер, тал өсіру, гүл өсіру қажет. Бүгінгі сабақтағы тапсырмаларды орындаған сайын көшеге тал, гүл егеміз.

Сөйтіп, қаламызды жасыл желекке бөлейміз.

1-тал. слайд

II.Үй тапсырмасын сұрау

Батырмен кездесу.Мәнерлеп оқу.

195-жаттығуды тексеру

Сұрақтарға жауап алу.

-Бауыржан Момышұлы кім? Ол туралы не білесің?

-Бауыржан кімнің үйіне келді?

loading...

-Қарақұл ата ұлына неліктен батырдың атын қойған?

Заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар келтіру.

Сұрақтар қойғызу.

2-тал слайд

Шаттық шеңберін құру.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан

Қызығушылықты ояту.

-Қамқорлық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Өзің қамқорлық жасап көрдің бе?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Слайдтардағы суреттермен жұмыс.

-Суреттерден не байқадыңдар?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

3-тал слайд

-Ал енді  мына суреттерге не айтуға болады?

(Оқушыларға кішілерге қамқорлық туралы суреттер көрсету)

Оқушылар өз ойларын айтады.

4-тал слайд

 III.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын жариялау.Автормен таныстыру.

Бүркіт Ысқақов туралы еске түсіру.

Б.Ысқақов 1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Көкмөлдір деген жерде туған. Қарағанды оқытушылар институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. 1942 жылы әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

5-тал слайд

« Кішілерге қамқор бол» өлеңін мәнерлеп оқу.

Оқушылар өлеңді оқып шығады.

Сұрақтарға жауап алу.

-Сүйкімді бала атану үшін не істеу керек?

-Сүйкімді бала қандай болады?

mb1

-Кішкентай балаларға қандай қамқорлық жасайсың?

-Үлкендерді сыйлай білесің бе?

   Сергіту сәті

Кешірімді боламыз,

Жұлдыздай боп жанамыз.

Кішіпейіл боламыз,

Құстай қанат қағамыз.

 

6- тал слайд

197-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,сөйлем құрап жаз.

Сүйкімді………..бол.        …………….. сыйла. Кіші……….қамқор бол.

7-тал Топпен жұмыс

Үш қатарға үлестірмелі семантикалық карта таратамын.

8-тал

198-жаттығу.Сурет бойынша жұмыс.Заттардың орнын тап.Ауызша орныдалады.

9-тал

Сабақты қорыту

-Балалар бүгін қандай тақырып өттік?

-Ақынның сендерге айтайын деп отырған ойы не?

-Өлеңнен қандай әсер алдыңдар?

10-тал  слайд

Жүректен-жүрекке

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, «Мен қамқорлықты қалай түсінемін?» деген сауалға жауап айтады.

«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

  1. Үлкендердің алдын-
  2. Кішкене баланы-
  3. Құстарды-
  4. Қыз баланы-
  5. Сабақтан-
  6. Үйге жүгіруге —
  7. Оқу –құралдарын-
  8. Сыныпта айғайлауға-
  9. Ысқыруға-
  10. Құстың ұясын-

-Бүгінгі сабақта сендер қаламызды көркейтуге ат салыстыңдар.яғни ағаш отырғыздыңдар.Ағаш туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

1.Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
2.Ағаш тамырымен, адам досымен мықгы.
3.Артында мал калғанша, тал калсын.
4.Дала көркі — мал, қала көркі — тал.
5.Бір тал кессең,он тал ек.

Бағалау  Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағалау

Үйге тапсырма   Өлеңді мәнерлеп оқу.198-жаттығу жазбаша орындау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Өте жақсы

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016