Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы қадамдар

Биылғы оқу жылынан бастап республикамыздың 30 пилоттық мектебінде бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша білім мазмұнын жаңарту жұмысы басталған. №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі осы 30 мектептің қатарындағы бірден-бір мектеп. Біздің ұжымға үлкен жауапты міндет жүктеліп отыр. Аудан бойынша бұл жобаны алғаш болып жүзеге асыру біздің ұжымға тапсырылуы, әрине, бізге зор сенім ғана емес, екі есе міндет те жүктеп отыр.

2011–2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімді дамыту бағдарламасын іске асыру және Елбасының айқындап берген 100 нақты қадамының 76 мен 89 қадамын орындау мақсатында биылғы жылы еліміз бойынша 30 пилоттық мектепте бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ресми сынаудан өткізу үстінде. Осыған орай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 26 мұғалім курстан өтті. Бүгінгі таңда бес бірінші сыныпта 96 оқушы жобаға сәйкес 5 күндік оқу кестесі бойынша білім алуда.

Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Г.Н.Жукенова бастаған ұжым мүшелері мен №1 Майқайың жалпы орта білім беру директоры С.С. Мажитова екі мектеп бірлесе отырып, 2015-2016 оқу жылына жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Павлодар қаласындағы химия-биология бағытында жұмыс жасайтын Назарбаев Зияткерлік мектебімен ынтымақтастық аясында жұмыстар жүргізілудің барысында мұғалімдер өздерінің ой пікірлерін бөлісе отырып, іс-тәжірибе алмасуда.

Бірінші сыныптарда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқулықтары, «Алматыкітап», «Атамұра», «Мектеп» баспа оқулықтарын сынаудан өткізуде. Алматы, Астана қалаларына «Атамұра», «Мектеп» баспасының НЗМ оқулықтарын талдауға осы оқулықпен жұмыс жасап жүрген мұғалімдер авторлармен кездесіп, оқулықта кеткен кемшіліктер мен оқулықтың бағдарламасы жайлы талдауға қатысып, авторлардың ой-пікірлерін тыңдап, ой бөлісті. «Алматыкітап» баспа оқулықтарының авторларымен кездесуді мамыр айына жоспарлауда.

loading...

hakimova-aliya

Жыл ішінде мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері жаңа бағдарлама бойынша тынымсыз еңбек етуде. 2015-2016 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнын оқу үрдісіне пилоттық еңгізуде мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата- аналар болып бірлесе жұмыс атқаруда. Кез келген ата-ананың көкейінде «бұл бізге не береді?» деген сауалдың болуы заңды. Қолданыстағы білім мазмұнымен салыстырып көретін болсақ, мәселен, қолданыстағы білім «мектепте нені оқытады?» деген сұрақ аясында болып, баланың теориялық біліміне, яғни, бала біледі және түсінеді дегенге бағытталған. Ал қазіргі жаңартылған білім мазмұны «мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы

түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Қыркүйек айынан бастап 1 сынып сабақтарына ену барысында, мұғалімдердің оқушыларға бағдарламадағы оқу мақсаттарын игертуге қарқынды жұмыс жасап жатыр. Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі — пәндер бойынша ортақ тақырыптардың болуы. Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, жаратылыстану және ақпараттық технология сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жекеленген пәндерде үш тілділік мақсатын жүзеге асыруда тақырыпқа қажетті тірек сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақта қолданылуы жүзеге асады. Оқу мақсаттарының белгіленіп беріліп, сол мақсаттар бойынша оқушылардың оқу жетістігін «жетті», «талпынды» деп бағалау жүргізіледі. Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегі оқушының үлгерімін көрсететін портфолио жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін қолданылады. Бұл бағдарлама бойынша жетістіктермен қатар, жекелеген пәндер бойынша қиындықтар да кездесті. Атап айтсам, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен кезекші сөздерін қолдануда қалыптастырушы ортаның жоқтығынан оқушыларда тілге төселу баяулық танытуда. Әйтсе де пән мұғалімдерінің шеберлігімен оқушыларға жеке жұмыстар жүргізіліп, оқушыларды алға жылжыту үшін саралау жұмыстары атқарылуда.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Пилоттық жоба ретінде таңдалған мектептегі бірінші сынып оқушыларын жалпы мектептің ортасына бейімдеу жүргізіліп, оқытуда әріп тануға, оқу мен жазуға үйрету, ана тілі , орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен айтылым–тыңдалым дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

А.Д. Хакимова директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі КММ


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016