Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Шығармашылық есебі

Жамбыл орта жалпы білім беретін
мектеп-балабақшасының бастауыш
сынып мұғалімі Касимов Казбек
Рыскалиұлының әдістемелік тақырыбы
бойынша шығармашылық есебі

Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көп нұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.

«Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, « Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу» әдістемелік тақырыбымен жұмыстанудамын. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында 2010 ж. қаңтар айында
kkrБҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының 12 жылдық бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған курсынан (сертификат №0133770) , 2012 ж. сәуір айында «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасы бойынша курстан «ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе» (2012 ж.сәуір куәлігі, Облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығынан) 2009 ж. қарашада «ACTIVStudio 3,5 қолданбалы бағдарламалық жабдықталуын қолдау тренингтік курстарынан өттім.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Осы орайда өз мектебімізден тыс аудандық, облыстық,республикалық түрлі семинар,кеңестерге қатысып, өз тәжірибеммен бөлісіп, кәсіби шыңдалу мақсатымен облыстық білім басқармасы тамыз маслихатында Онлайн режимінде « 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби тұлғасы» тақырыбында баяндама ,www.45minut.kz. сайтында «Жаңа білім-жаңа ғасыр» тақырыбында қашықтықтан өткен семинарға, мектепішілік семинарда «Интерактивті әдістің тиімділігі» тақырыбында баяндамалар оқылды.

Білім беру ісіндегі шығармашылық еңбегімнің нәтижесі мен тәжірибе алмасу мақсатында ғаламторда www.45minut.kz. сайтында «Ауа.Ауаның қасиеттері», «Ұ ұ дыбысы мен әріпі», «Абайлаңдар,балалар!», www.e-cabak.kz. сайтында «Жұрнақ пен жалғау», «Әкешім-бәйтерегім». «Қуант бізді, жаңа жыл!», www.bilim.idhost.kz сайтында «Дауыссыз дыбыстың түрлері»,www. ustaz.kz сайтында «5 санын қосу және азайту», «Біздің тегіміз-Түркі,дініміз –ислам» тақырыбында сабақтар,сыныптан тыс кештер таратылды.


Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017