Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Әдебиеттік оқу 3 сынып «Көл басында»

KKKAT

Сабақтың тақырыбы: Көл басында

Сабақтың мақсаты: Көл басында мәтінін дұрыс түсініп оқуға жағдай туғыза отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу

Міндеттері: 1.Көл айналасындағы жазғы табиғат көрінісін тамашалай отырып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін арттыру.

2.Құстарға қамқорлық жасау жолдарын анықтау.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,

Көрнекілік: АКТ, карта, құстардың суреттері

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлдім. Ашықхаттың қиындысын құрастыру арқылы. Топ басшыларын сайлайды. Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.

І. Қызығушылықты ояту.

Ой шақыру. «Көл басында» әңгімесі не? туралы немесе кім? туралы болуы мүмкін? (Әңгімедегі негізгі ойды анықтау үшін Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету) Оқушыларға ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

Оқушылар өз ойларын жұпта талдап, топ ортасына талдауға салады. Әр топтан бір оқушы ортаға топтың өз ойын айтады.

loading...

ІІ. Мағынаны тану. Оқушыларға мәтін бөлмге бөліп оқытылады. Оқушылар жеке оқиды. Жұпта талқылайды. Топта ортаға ойларын айтады. Әр топ өз бөліміне тақырып қояды. Тақырыпты дәлелдейді. Бөлім бойынша сұрақ дайындайды. Сұраққа басқа топ жауап береді. Әңгіме мазмұнын талдайды.

Топтарға топтық тапсырма беріледі. Әр топ топтық жұмыс істейді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдандым.

1. Құстарға қалай қамқорлық жасайсыңдар?

2. «Жақсы бала»

3. Қандай көлдерді білесіңдер?

4. «Жаман бала»

Ақпараттар беріледі.

Көлдер: Балқаш көлі, Зайсаң көлі, Алакөл, Марқакөл,

Қорғалжын қорығы 1958 жылы Ақмола облысыа облысыың бірнеше көлді алқабын табиғат байлығын қорғау, құстарға қамқорлық жасау мақсатымен ашылды.Басты байлығы- су құстары. Көктем, жаз айларында құстарға толы көлдері бар бұл қорықты «Құс базары» деп атайды.

ІІІ. Ой толғаныс. Саматқа хат жазыңдар.

Оқушылар әңгімелер кестесін толтырады.

«Әңгіме кестесі»

1. Әңгіменің аты

2. Әңгіме кейіпкерлері

3. Оқиғаның болған жері

4. Жағымды кейіпкер

5. Жағымсыз кейіпкер

6. Әңгіме бізге не үйретті?

7. Әңгімені оқығаннан кейін қандай қорытынды жасар едің?

Сабақты қорытындылау: Бағалау. Топ басшылары бағалайды.

Үйге тапсырма: Өз басыңнан өткен осыған ұқсас оқиға жайлы шығарма


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016