Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

«12 жылдық білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі»

«Сабақ беру үйреншікті шеберлік емес,
ол үнемі жанадан жаңаны табатын өнер»
Ж. Аймауытов.

loading...

«ХХІ-ші ғасырдың әлемдік экономикасындағы өзгерістер, экономикалық ортадағы бәсекелестіктің бейімделуін туғызып, білім сапасының мәселелері көбейді. 2012-2016 жылғы оқушылардың сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспарында айтылғандай халықтың «біліктілік ой өрісі» еліміздің ең маңызды стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Сондықтан да бүгін, қазақстандықтардың алдына отыз дамыған елдің қатарына кіру мәселесі қойылғасын, біздің мемлекет білім саласына көп көңіл бөліп отыр. Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында да «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек», бұл жағдайды Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біздің алдымызда ұлттық білімнің сапасын барлық жағынан жақсартудың үлкен бір жұмысы тұр» деп ерекше атап өтті.
Мектепте басты тұлға мұғалім болғандықтан, ол мектептің жүрегі. Мұғалім мамандығын таңдаған әрбір адам бұл қызметтің аса жауапкершілікпен сапалы білімді талап ететіндігін ұққаны жөн.Мұғалім еңбегі үнемі жанарып , дамып, өзгеріске ұшырап отыратын үрдіс. Яғни бұл мамандықты таңдаған адам үнемі ізденіп, жаңалыққа құмартып, өзін-өзі жетілдіріп, қоғам дамуынан кеш қалмай, мектеп, қоғам өміріне белсене араласып отыруы керек. Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті: ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған тұлғаны оқытып, тәрбиелеу.
Менің ойымша, негізгі білімнің басы, оның іргетасы бастауышта қаланады. Балалардың оқуларының дағдылары, жазулары, санаулары, логикалық ойлары осы кезеңде қалыптаспағанда, қай кезеңде қалыптасады? Сондықтан бастауыш мұғалімдері жайында өздігінен сұрақтар туындайды. Жаңа формация мұғалімі қандай болуы керек? 12 жылдық мектептің мұғалімі қандай болуы керек?
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі оның ой-өрісінің биік болуы, кәсіптік білім, білік дағдыларын меңгерген, рухани дамыған, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын, интерактивті әдіс-тәсілдерін емін-еркін қолдана алтындығынан байқалуы тиіс. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, шығармашылығы, біліктілігі, жаңашылдығы, әр тұлғаға деген қарым-қатынасы, жүрегі жылы әрі жұмсақ болуы керек.Болашақ бастауыш сынып мұғалімі өз саласын жетік білуі тиіс және әрдайым ізденіс үстінде болуы керек. Ұстаздың кәсіби біліктілігінің даму жолдары көп: бұл әдістемелік жұмыста, шығармашылық топтарда, зерттеу жұмысында, әртүрлі педагогикалық сайыстарға қатысуда, өз шеберлігімен бөлісуде, АКТ-ні қолдануда,жана инновациялық технологияларды игеруде. Яғни осы қасиеттердің барлығы жаңашыл мұғалімнің бойында болуы тиіс.
«Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» — деп ұстаз еңбегіне ерекше баға бере отыра, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын кәсіби деңгейі биік мұғалім жайлы айтады.Қорытындылай келе,шығармамады төрт жол өлеңмен аяқтағым келеді.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016