Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Қазақ тілінен диктант түрлері 3 сынып І тоқсан

Жыл бойы өткенді қайталау.

 И, й, у әріптерінің жазылуын қайталау.

Сөздік диктант

  1. Уақыт, уылдырық, меруерт, уыстау, қырау, тұсау, ашудас, хайуанат, миуа, қиюластыру, уағда, уілдеу, уылдырық, татулық, шашу, бурыл.
  • Өзің қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрастыру.
  1. Қайық, күйші, тыйылды, байиды, қайықшы, сыйлық, қайшы, торғай, лайықты, сыйымды, таңдай, сыйлау, тайлақ, шайнек, түйнек, тыйым.
  • Сыйлық сөзінің түбірін тап, басқа қандай сөз жасауға болады? Жаз.
  1. Инелік, жиен, киім, тәрбиеші, биыл, жиналыс, биік, табиғат, сиыр, сирек, иірім, қия, хикая, пирамида, жиһаз, қария, аквариум.
  • Пирамида сөзін қалай тасымалдауға болатынын жазып көрсет.

Көру диктанты

Берекелі алтын күз

Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім, келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Ескен Елубаев.

  • Өлеңнің бір немесе екі шумағын жатқа жазу. У дыбысы бар сөздердің астын сызу.

Я, ю әріптерінің жазылуын қайталау.

Сөздік диктант

Тиянақты, ою, аяз, сарғаю, зиянды, биязы, көркею, марқаю, аяқ, тою, сия, оюшы, молаяды, Әсия, тою, күю, дария, сыяды, қою.

  • Биязы, молаяды, тиянақты, зиянды сөздерін буынға бөліп жаз.

Терме диктант

Жаңылтпаш

Қырықаяқ, қырықаяқ,

Қырық аяғы —  қырық таяқ,

Қырықаяқтың өзі – құрттай-ақ.

  • Я әрпі бар сөздерді теріп жаз, сол сөздермен сөйлем құрастыр.

Шығармашылық диктант

  1. Жақсы, уәде, оқуға, берді, Әбу.
  2. Иса, әзірледі, сыйлық, анасына.
  3. Тікті, Сәния, қуыршағына, тақия.
  4. Үйлер, зәулім, көбеюде, Астанада.
  5. Әсия, әжесінен, үйренді, ою, оюды.
  • Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаздыру.

basuzd

Дауыссыз дыбыстардың түрлерін қайталау.

 Б мен п, қ мен ғ, л мен р, к мен г, н мен ң.


комментариев 17 Пікір қосу

  • бұл диктант түрлері біз мұғалімдер үшін керек әрі уақытыңды үнемдейді әрі өте тиімді құрылған маған ұнады.

  • Көп рахмет!Керекті материалдар таптым.

  • Айнұр Жұматайқызы көп рахмет.Шығармашылық табыс тілеймін.

  • Көп рахмет!

  • Рахмет

  • жұмысқа өте керек сайт

  • Жас мамандар ушин оте пайдалы екен. Рахмет

  • Озиме керекти коп нарселерди таптым. Сизге коп рахмет.

  • Мына заманауи заманда уакытынды унемдейсын ари тез керекти нарселеринди таба аласын.

  • Құрастырылған тексеру жұмысыңыз үшін сізге көп рақмет!

  • Өте жақсы

  • Өте жақсы.шығармашылығыңа табыс тілеймін!

  • рахмат сизге

  • Сізге көп рахмет!

  • Өте пайдалы материал. Көп рахмет сізге. Жұмысыңыз табысты болсын!

  • Әріптестер ,бір-бірімізге осылайша демеу болайық!Рахмет.

  • Сәлеметсіз бе? Бастауыш сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы өте ауқымды. Оқушылардың Ю,Я дыбыстарын ажырата алуына көп септігін тигізеді. өте жақсы.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017