Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Тәрбие сағаты: «Анамның аялы алақаны»

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Айнур Жуматаевна. Жұмыс өтілі 20 жыл, санаты І.

19

Тәрбие сағаты:  «Анамның аялы алақаны»

(8 наурызға арналған екі бөлімнен тұратын тәрбие сағаты.)

Тәрбие жұмысының мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: слайд, презентациялар, сынып бөлмесін безендіретін құралдар, шарлар, гүлдер.

І-ші бөлім.Аналарға арналған монтаж.

Мұғалім:

Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,жайма шуақ сәулелерін төгетін,көңілдерге қуаныштар егетін,имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетінкөгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді! 

Осы мерекенің иелері,бар адамзаттың табынары мен киелері,қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,сүйкімді қылығымен сағындырған,қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,әсем көркімен, жүрегінің өртіменнебір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар,аяулыаналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!

Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!


комментария 2 Пікір қосу

  • Өте жақсы ойлап тапқан!Өте қызықты сынып сағаты!Рахмет!

  • Сынып сағатының тақырыбы арқылы оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеті дамиды. Сонымен қатар әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиеленеді.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017