Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Алтын күз

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Балаларға күздің ерекше сыйы – жемістер туралы мағлұмат беру, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Жүрісі: Музыкалық әуен ойнап тұрады. «Алтын күз» ханшасы сахнаға шығады.

Қош келдіңіздер, ата-аналар! Армысыздар,ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, жас достар! Сіздерге мерекелік көңіл күй сыйлауға келген Күз ханшасы мен боламын! Берекелі, мерекелі, «Алтын күз» құтты болсын!

Мұнда назар салайық,

Мерекесі халықтың,

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық.

Жүргізуші:

ubn

Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі — күз мезгілі. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді. Көктем мен жаз бойы тер төгіп еткен еңбектің нәтижесінде уылжып піскен, пайдалы түрлі жеміс жидектер — дастарханымыздың сәні, өміріміздің мәні екені сөзсіз. Олай болса, құрметті қонақтар, бүгінгі күз кеші осы жеміс жидектерге арналмақ.

Бүгінгі сайыс түрінде өткелі отырған мерекелік кешімізге мектебіміздің әр 4 сыныбынан 1 ұл, 1 қыз қатыспақшы. Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, сайысқа төрелік етуші әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1.

2.

3.

4.

Ал енді ортаға жеміс-жидектерімізді шақырайық, қарсы алыңыздар!

Алғашқы боп ортаға бал дәмі таңдай татқызар тәтті алмалар келе жатыр. Қарсы алыңыздар! 4 А сынып оқушылары: …………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Күз ханшасы:

Ғалымдардың айтуы бойынша жемістердің ішінен ең пайдалысы, ол — алма. Алма — өте кең тараған жеміс ағашы. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Өмір сүру ұзақтығы 20 — 100 жыл. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы. Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет екен.

Жүргізуші:

Көздің көргіштігін жақсартатын құлпынайларды ортаға шақырамыз! 4………………………

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Күз ханшасы:

Құлпынай – жемісі жидек, тәтті, хош иісті көп жылдық жарықсүйгіш шөптесін өсімдік. Құлпынайдың табиғи түрі тек Еуропада өседі. Бізде екпе түрлері ғана өседі. Сұрпына қарай ерте көктемде, жазда, күзде жеміс береді. Сонымен қатар жаз бойы, күздің суық күндеріне дейін жеміс беретін сұрыптары бар. Құлпынай дәрумендерге аса бай. Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.

Жүргізуші:

Ертеде шырыны уланған адамдарды емдеуге пайдаланылған емдік қасиеті бар алмұрттарды қарсы алайық! 4 ………………………………………………………………………………………..

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Күз ханшасы:

Алмұрт — алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. 5 000-нан астам сорты бар. Қысқа өте төзімді. Жемісі тәтті, ерте піседі және ірі болады.Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Алмұрт – бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды.Алмұрт ағашының жемісі – өте пайдалы, әрі тәтті. Емдік мақсатта жаңа піскен немесе кептірілген жемісін және жапырақтарын пайдаланады. Алмұрттың құрамындағы арбутин деген антибиотик микробтарды жояды. Алмұртты тамақ, кондитер өнеркәсібінде қолданады.

Жүргізуші:

Жемістер шеруін енді апельсиндер жалғастырады. Қарсы алайық! 4…………………………..

………………………………………………………………………………………………………………………………………. Күз ханшасы:

Апельсин — тәтті, шырынды жеміс.Ол –цитрустық жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Υндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар. Еуропалық саяхатшылар апельсинді XV ғасырда әкелген. Ағаштары жылуды сүйеді. Түсі ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін әр түрлі болып келеді. Жемісі көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Ағзадағы зат алмасу үдерісін жақсартып, бауыр және жүрек сырқаты бар адамдарға пайдалы.Қабығының тұнбасы дене қызуын түсіреді.

Жүргізуші:

Өседі екен топтанып,

Өседі екен шоқтанып.

Жүр оңтүстік қазағы,

loading...

Жүзімімен мақтанып, дей отырып, ортамызға жүзімдерді шақырамыз! 4………………………..

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Күз ханшасы:

Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микро элементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырады. Жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартады. Жүзімнен эфир майы,сірке су алынады.

Жүргізуші:

Оңтүстік Америкадан келген ананастар бүгінгі кешіміздің басты қонақтарының бірі. Олай болса, қарсы алыңыздар! 4………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Күз ханшасы:

Ананас — көпжылдық жылусүйгіш, жарықсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді шөптектес өсімдік. Ананастың отаны — Оңтүстік Америка құрлығы. Қазіргі кезде тропиктік аймақтарда өсіріледі. Бір қызығы, тропиктен шалғай жатқан Голландияда ананас өсімдігі жылыжайда өсіріледі. Ананастың жемісі өте дәмді әрі пайдалы. Оның шырынындағы ферменттер ас қорыту барысында пайдасын тигізеді. Ананас жемісін жеген кезде ол піскен болуы керек. Піспеген жеміс ерін мен ауыз қуысын зақымдайды. Ананастың құрамындағы минералды заттар: калий, темір, мыс, мырыш, марганец, магний, кальций және йод. Ананас қан қысымын төмендетуге және қан тамырларының қызметін жақсартуға қызмет етеді.

Жүргізуші:

Кезекті шиелерге берейік.Ортаға 4……………………………………………………………………………..

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Күз ханшасы: Шие ағашы – биіктігі 7 метрге дейін жететін ағаш. Мәдени өсімдік ретінде көп жерлерде егіледі. Гүлі ақ, кейде қызғылт. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін, жапырағы мен майда бүршіктерін пайдаланады. Шиенің құрамында қант, эфир майлары, А, В, С, РР дәрумендері, лимон және алма қышқылдары, илік заттар, мыс бар. Дәнін көп мөлшерде жесе, кісіні уландырады. Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті.Шиенің емдік қасиеті бар.

Жүргізуші:

Жемістермен таныс болу үшін сөзді өздеріне береміз.

1. Алғашқы сайыс кезеңі: Таныстыру.

Шарттары:

А) таңдаған жемістерін қатыстырып, өлеңдетіп таныстыру;

Ә) таңдаған жемістерін бейнелейтін киім үлгісін көрсету;

Б) таңдаған жемістері туралы қабырға газетін дайындау.

(Сайыскерлер өздерін таныстырады. Әділқазы алқасы бағалайды.)

Жүргізуші:

2. Сайыстың келесі кезеңі: Білім сайысы

А) Жұмбақ шешу

Ә) Мақал-мәтелдің жалғасын табу

Б) Логикалық тапсырманы орындау.

Күз ханшасы:

Қане, менің «жемістерім», енді білімдеріңді тексеріп көрейік. Өздеріңе дайындаған тапсырмаларым бар. Мына күзгі жапырақтарды жинауға көмектесіңіздер! Әр жапырақтағы тапсырманы өз жұбыңызбен бірігіп орындап, ортаға шығып жауап берулеріңіз керек! Қане, бастайық!

(Сайыскерлер жауап береді. Жауап бергендер келесі сайыс бөліміне арнап киіне береді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)

Жүргізуші:

3. Өнер сайысы.

Бұл сайыста сайыскерлеріміздің ән айтуына немесе би билеуіне, сондай-ақ көркем сөз оқуына болады.

(Сайыскерлер өнер көрсетеді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)

Жүргізуші:

4. «Күзгі дастархан»

Сайыстың бұл бөлімінде құрамында таңдаған жемістері бар тағам түрін дайындап әкелу тапсырылған болатын. Дастарханымыздан молшылық кетпесін дей отырып, сайыскерлерге сөз береміз.

(Сайыскерлер дайындап әкелген тағам түрін көрсетеді де, келесі бөлімге арнап киінуге кетеді.Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)

Жүргізуші:

Бүгін мейрам,бүгін той,

Қуаныш күн, біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой, — дей отырып, күзгі киім үлгісін көрсетуге келген сайыскерлерімізді қошеметтеп отырайық. Сайыстың соңғы бөлімі сән үлгісіне кезек келді.

(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)

Күз ханшасы:

Өңі қашқан бәрінің Оңып кеткен атырап, Қолдарындай кәрінің Қалтырайды жапырақ, Соңғы кезде жерге күн Қырын қарап алыпты, Қара бұлттар жөргегін Кептіре алмай қалыпты, — демекші, міне, балалар, күздің екінші айы қазан да аяқталып қалды, енді қарашамен бірге қылышын сүйреткен қыстың ызғары да келмекші. Жылдың қай мезгілінде болмасын барлығыңыздың амандықтарыңызды тілеймін. Балалар, білімді болыңыздар, өнерлі болыңыздар!

Жүргізуші:

Күз ханшасына арнап …………………………………………………..

Жүргізуші:

Күзге айтарымыз, берер сыйың жылдан-жылға көп болсын, елде тыныштық болсын дейміз.

Ал енді кешіміздің қорытындылау үшін, әділқазы алқасына сөз береміз.

Осымен кешіміз аяқталды, қатысқан сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне, көңіл қойып тыңдаған көрермендерге көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016