Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сабақтың тақырыбы:Жапырақ

Сабақтың тақырыбы:Жапырақ.

Сабақтың мақсаты: жапырақтың маңызын біледі.

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушылар жапырақтың  негізгі қызметін түсінеді

  1. Шығармашылық қабілеттері дамып, өз ойларын еркін жеткізе алады.

3.Топта жұмыс істеуге, тыңдауға ,табиғатты сүюге үйренеді.

Қолданылатын стратегиялар: ассоцциациялық карта, хат жазу, 5жолды өлең.

Қажетті құралдар:слайдтар,өсімдіктер топтамасы,тасымалды электронды тақта, ақ парақтар ,жапырақтар, фломастер.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту

Көктемде тұрады, бұтақта асылып,

Күзде жатады, жерде шашылып. Ол не?

—Балалар, «Жапырақ» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

Проблемалық сұрақ: өсімдікке жапырақ неге керек?

Оқушылар кезектесіп тақтаға шығып өз ойларын жазады.

Zavodkhan

  1. Мағынаны тану.

1.Мәтін тарату

  1. Бөлігімен таныстыру

Жапырақтың адам өміріне қандай пайдасы бар?

loading...
  1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
  2. Жапырақтар қандай болады?

(мәтіннің үш бөлігін алып,ассоциациялық карталарды толтыру)

Жапырақ  сабақ пен бұтаққа орналасқан. Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады. Жапырақ көмір қышқыл газын жұтады да , оттегін бөліп шығарады.Өсімдік ауаны тазартып, адамның таза ауамен тыныс алуына жағдай жасайды. Жапырақ бетінен артық ылғал буланады да ,өсімдік қызып кетпейді. Сондықтан орман іші қоңыр салқын, тыныс алуға жеңіл болады.

Жапырақта өсімдіктің өсуі үшін қажетті қоректік заттар- қант пен крахмал түзіледі. Олар түзілуі үшін ауа, су және күн сәулесі керек. Топырақтағы су тамыр мен сабақ арқылы жапыраққа түседі де, онда қоректік шырын пайда болады. Жапырақтағы шырын сабақ арқылы өсімдіктің бойына тарайды. Яғни тек тамыр ғана емес , жапырақ та өсімдікті қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Жапырақтың пішіні мен көлемі түрліше болады. Емен,жүзім,қымыздық,қызылша және асқабақтың жапырақтары  ірі. Қайың, жөке, итмұрын, түймедағы және ақжелкеннің жапырақтары ұсақ.

  • Ой толғаныс. Жапыраққа хат жазу.

(қима жапырақтар тарату) 5жолды өлең құрастыру.

  1. Бағалау, үйге тапсырма беру.

KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016