Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

«Жұлдызды сәт» сайысының сценарийі

Тақырыбы: Жұлдызды сәт.

Мақсаты: оқушылардың білім қабілеттерін тексеру арқылы логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін дамыту;

Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру;

Білімді, дарынды болуға тәрбиелеу;

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді 2 сынып оқушыларының арасында өтетін «Жұлдызды сәт» атты сайысымызды көруге шақырамыз.

Бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

ОІМ: Хабибуллинова Г.Т.

ТіМ: Дулатова Т.Б.

Бастауыш сынып мұғалімі: Абдуова Қ.Қ.

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,

Бәрінен де ең бастысы-барлығының

Қатты істейтін миы бар!-дей келе, сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

1-нөмірлі  Ақылбекова Дильназ

2-нөмірлі  Кәпкеш Бейімбет

3-нөмірлі  ОмаровРауан

4-нөмірлі  Касенова Ажар

5 -нөмірлі Искаков Нұрхат

6-нөмірлі Оразхан Кәусар

7-нөмірлі Жүнісбекова Жансая

Сайыс  5 турдан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.

Әрбір турдан кейін ұпайы  төмен оқушылар шығып отырады.

І тур Бәйге. (ауызша сұрақтарға жауап беріледі)

ІІ тур. Полиглот ( жұмбақ жасырылады  жауабын қазақ және орыс тілдерінде жауап беру керек. Толық жауапқа 10 ұпай , біреуіне 5 ұпай)

ІІІ тур. Жұмбақ сандық (пәндер бойынша жасырылған сұрақтар берілген.)

!У тур. Ертегіден үзінділер

У тур. Тапқырлар сайысы (сұрақ-жауап)

Ендеше сайыскелер дайын болса бастайық

І тур.  Бәйге . Сұрақтарға тез және нық жауап береміз.

  1. «Білімді » сөзінің түбірі? (Біл)
  2. Ақыл тозбайтын тон

Білім таусылмайтын ….     ( кен)

  1. Құрманғазы шәкірті кім? (Дина)
  2. Адам тіршілігне қажет жылыуды қайдан алалды? (Күн)
  3. Ғылым теңіз,

Білім ….  (кеме)

  1. Көлік күтетін жерді не деп атайды? (Аялдама)
  2. Іс тігетін құрал. (ине)
  3. Ұлттық аспаптарды ата. (домбыра. Сырнай)

9.Сәбиді өлеңмен әндетіп, тербетіп ұйықтататын ән. (бесік жыры)

  1. «Мәлімдеме» сөзінде неше буын бар? (төрт)
  2. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (үш)
  3. Оқу ненің бұлағы. (білім)

Ұпайы аз 2 бала ойыннан шығады.

MZHBZH

ІІ тур: Полиглот  ( жұмбақ жасырылады  жауабын қазақ және орыс тілдерінде жауап беру керек. Толық жауапқа 10 ұпай , біреуіне 5 ұпай)

1.Жылт-жылт етеді,

Жылғалардан өтеді.

(су-вода)

2.Онсыз астың дәмі жоқ,

Ассыз оның мәні жоқ

(тұз-соль)

  1. Мұртымен туады,

Мұртын күнде жуады.

(мысық-кошка)

  1. Алыстан қарасаң аппақ,

Татып көрсең, тәтті-ақ.

loading...

(қант-сахар)

  1. Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау.

(жұмыртқа-яйцо)

  1. Жұдырықтай қызыл шар,

Тілді үйірген шырынбал.

(алма-яблоко)

7.Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

( аю-медведь)

  1. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сөлі тәтті.

(қарбыз-арбуз)

  1. Құстан аумайды,

Көкте зулайды.

(ұшақ-самолет)

 

ІІІ тур. Жұмбақ сандық (пәндер бойынша жасырылған сұрақтар берілген.)

 

20)Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

20) Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады? (2 сағат)

20) Көкжиектің негізгі тұстарын ата. (о. С. Б. Ш.)

30) Сізге 10 ұпай

30) Үйленгелі жатырмын, мазамды алма, -дейді. (қарлығаш пен дәуіт)

30) 1 метрде неше сантиметр бар (100 м)

 

ІІІ тур. Жұмбақ сандық (пәндер бойынша жасырылған сұрақтар берілген.)

1-20 Қазақ алфавитінде неше әріп бар? «42»

2-20 Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады? «2 сағат»

3-20 Көкжиектің негізгі тұстарын ата. «о, с, б, ш»

1-30 Сізге 10 ұпай

2-30 -Үйленгелі жатырмын, мазамды алма, -дейді. «Қарлығаш пен Дәуіт»

3-30   1 метрде неше сантиметр бар.  «100 см»

ІУ тур. Ертегіден үзінділер

1, Ертеде бір кішкентай қыз сегіз жасында әке-шешесінен бірдей айырылыпты, тұл жетім қалыпты. Көнетоз көйлегі мен бір жапырақ орамалынан басқа киімі, ішерге асы жоқ екен.

Жұлдыздар

2,Арыстан жар салып, аңдардың бәрін жинап алды да:

-жараңдар, мына алып темірді орнынан қозғалтқаныңа берер арнаулы сыйлығым бар. Кімде-кім өзіне-өзі сенсе, бір адым алға шықсын, -деп күжілдеп.

Кім күшті?

3,-Бұл жерде әнші құс өзін жұмақтың төрінде отырғандай сезінсін. Көңілімізді әсем әнмен хош етсін,-депті император бас уәзірге.

Туған жер туралы  жыр

  1. Қызметші күн сайын өз ұлдарының ескі-құсқы киімдерін әкеліп, ханзадаға киіндіреді екен

Ханзаданың достығы

У тур. Тапқырлар сайысы (сұрақ-жауап)

1-сайыскер

  1. Есту мүшесі. (құлақ)
  2. Үш биді ата. (Қазыбек би, Төле би, әйтеке би)
  3. Балды жақсы көретін аң? (аю)
  4. Соңында түлкі жеп қоятын ертегі қалай аталады? «Бауырсақ»
  5. Астанамыз қай қала? (Астана)
  6.  1 Дм неше см? «10 см»
  7. Жуан дауысты дыбысты ата?  (а, о, ы, Ұ)
  8. Мәтін түрлерін ата? (пайымдау, сипаттау, әңгімелеу)
  9. Біздің ауылдың аты? (Ақши)
  1. Кітап алатын жер (кітапхана)

2 сайыскер сұрағы:

  1. Көру мүшесі? (көз)
  2. Мемлекеттік рәміздерді ата? (әнұран, елтаңба, Ту)
  3. Бүгін аптаның қай күні?  (12)
  4. Күйді орындайтын адам?  (Күйші)
  5. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
  6. Қ.Р.президенті кім? (Н.Назарбаев)
  7. Ең қадірлі ас? (нан)
  8. Үнді дыбыстарды ата? (р, л, м, н, ң. Й, у)
  9. Ертегідегі алдайтын адам (Алдар көсе)
  10. Мемлекеттік тіл (қазақ)

Ендеше , сайыстың қортындысын шығарып, сайысымыздың ең тапқыр оқушысын атап өтсек. Оқушыларды марапаттау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016