Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

«Математика –ғылымдар патшасы»

Білімді ұрпақ мәңгілік ел болашағы болып табылады. Айқын айтылған сара жолда көшбасшы болып  Елбасы  дәлелденген болатын. Н.Назарбаевтың мектеп оқушыларына айтқан сөзі: «Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, сондықтан өз тілдеріңмен  қатар математика ілімін жақсы біліп, өскелең ұрпақты білімді, білікті маман иесі болуға шақырамын.»- деп өсиет айтқан болатын.

Өйткені болашақтың иесі бүгінгі мектеп оқушылары болса, білімнің нағыз қайнар көзі бастауышта деп түсінемін.

Опорный орта мектебінде 17-22 қараша аралығында 2-4 сыныптар бойынша «Математика – ғылымдар  патшасы» атты математика апталығы болып өтті. Оқушыларға логикалық сұрақтар қойып, қызықты математикалық ойындар ойнатылып,жарыс сайыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Математикаға байланысты тақпақтар мен санамақтар айтылып, патриоттық сананы оятатын әндер мен билер арқылы математика апталығының тақырыбын ашып, дүйсенбі күні  жоспармен таныстырылды. Апталық жоспарға сай өткізілді. Апталықтың екінші күні «Адымда,ойлан!» тақырыбында 3-4 оқушылары арасында дойбы жарысы ұйымдастырылды. Ойын  ширату, қызығушылығын ояту,шапшаңдыққа баулу мақсатында ойлау қабілетін қалыптастыратын бұл бөлімде ерекше көзге түскен оқушылар  Құсайын Нұрсұлтан, Шынжырбекова Лаура, Қосым Сырым,Нәсіпбай Нұрлы жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, 2 сыныптардан алған білімдерін байқау,білім,білік дағдыларын  тексеру негізінде «Кім тез есептегіш?» тақырыбында бақылау жұмысы жүргізіліп, тексеріліп, бағаланды. Ерекше көзге түскен 2 «А» сыныбы болды.

loading...

ZzhA

«Геометриялық фигуралар пішіндері» деп аталатын үшінші күнгі бөлімде көрме ұйымдастырылды.Онда геометриялық фигуралардан жасалған оқушылардың  алуан түрлі қиялынан жасалған заттар көрмеге қойылды.

Апталықтың төртінші күні «Математика елінде» деп аталатын бөлімде 4 сынып оқушылары өлшем бірліктерді айтып, сахналық қойылым көрсетіп, қалашық тұрғызуғу тырысты. 3 сыныптар «Фигуралар  елінде» оқушылар өздерін ертегі әлемінен үлкен әсер алғандай көрініс тапқызды. Ең керемет қаланы тұрғызу шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу  болып табылады. Ал 2 сыныптар «Сандар әлемі» еліне барып, санның ерекшелігін, маңызын атап көрсетті.

Міне, оқушылар жасампаз елімізді гүлдендіруге , математикалық білімін көрсетуге, білгенін дамытуға «Логика әлемінде» атты сайысқа қатысу арқылы білімдерін кеңейтті.Сайыста жетістіктерге жеткен оқушылар марапатталды.

Апталықтың соңғы күні  «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты кешпен қорытынды жасалды. Ерекше апталыққа  қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ізденімпаз,білімді  шәкірттеріме болашағы жарқын болып, мақсаттарға жетуге тілек білдіремін.

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Опорный орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Зульфия Жумабаева Алматовна


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016