Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жаңа форматтағы педагог

ZzhA

Опорный орта мектебінде 27.11- 02.12 аралығында «Өрлеу БАО ІІІ деңгей» курсы жайлы бастауыш сынып пән бірлестігінде ӀӀӀ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жаңа форматтағы педагог» тақырыбында семинар болып өтті.
Мұғалімдерге семинардың мақсатын түсіндіріп өтті.
Мақсаты: Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау. Заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыру.
27.11 күні Г. Қосымбаева 4 сыныбына әдебиеттен «Қазына көтерген бала»тақырыбына ашық сабақ өткізсе, Г. Сапарова 3 «А» сыныбына өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ өткізді. 29.11 күні З. Жумабаева 4 «Б» сыныбына дүниетанудан «Ауаның құрамы» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Мұғалімдер сабақтарға қатысып, өздерінің сабақтан алған әсерлерін ортаға салды. Заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді сабақтарында қолдана отырып, өз тәжірибелерін толықтырып, жетілдіруге мақсат қойды.
2 желтоқсанда семинарды қорытындылау мақсатында Г. Қосымбаева « Білім берудің жаңарту жолдары» атты баяндама дайындап, оқыды. Мұғалімдер талқылап, өз бағаларын берді. Сонымен қатар Г. Сапарова мұғалімдерге «Ой өзгермей,адам өзгермейді» атты коучинг ұйымдастырды. Мақсаты: Сыни тұрғыдан оқушыларды да,мұғалімдерді де дамытуды саналы оймен қабылдауын түсіну. Мұғалімдерге «Сөздер»ойынын ойнату арқылы 4 суреттің ортақ қасиетін тауып, сөз құрастыру тапсырылды. Топқа бөліп, ассоциация құрып, «Сыни ойлау дегеніміз не?» тақырыбында постер қорғады. Бейне ролик көрсетіп, мини лекциямен жұмыс жүргізілді.Психологиялық тренинг «Елестету…» көңіл күйлерін көтеру мақсатында өткізілді. Кері байланыс болды, рефлексия «Екі» жұлдыз,бір тілек» Мұғалімдер стикерлерге коучингтен алған екі жағымды әсерін, бір ұсыныс жазады.
З. Жумабаева курс барысында 7 модульге негізделген жаңа әдіc-тәсілдермен танысқандығы жөныінде айтып өтті, оның тиімді жақтарын атап кетті. Жалпы курстан мұғалімдердің көптеген тың, жаңа дүниелерді оқып-үйренгендерін айтты. «Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып,, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің ақталғаны деп білемін.» деп сөз соңында қорытындылады.
Мұғалімдер жұмыстарының жоспарлы түрде алға ілгерілегенін айта отырып, ризашылықтарын білдірді.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016