Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ұстаз – ұлы есім!

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Гастелло орта мектебінің

бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Шәкір Айнагүл Бахытжанқызы

Өз шығармашылығымнан

 

Ұстаз –  ұлы есім!

Ең аяулы есім ғой «Ұзтаз» деген,

Әрқашанда биікке самғатқан

Баланың бақыты ұстазбенен

Оқушыны қуанышпен нұрлатқан.

Қашанда қиын кезде табылады,

Барлық әлем оған табынады.

Мен сені мақтан етем «Аяулы ұстаз»

Шәкірттің ұстазсыз өмірі не болады?

бастауыш сынып мұғалімі,ұстаз туралы өлең, Ұстаз –  ұлы есім!

loading...

Алғашқы ұстаз

Әліппені ұстатып,

Әріптерді үйреткен.

Менің ұстаз апайым,

Қуанышқа бөлеткен.

Әрқашанда өзіңді,

Мақтан етем ұстазым.

Сөйлетуге үйретіп,

Менде ұстаз атандым.

Ұстаз

Ұстаз…Ұстаз…….

Неткен адал жан едің,

Әрқашанда күлімдеп жүретін.

Оқушыны жан — жақтылыққа үйретіп.

Құттықтаймын мен сізді мерекеңмен,

Биіктерден көріне берсін шәкіртің,

Шығармашылығыңыз арта берсін.

Ол сенің ерең еңбегін.

Кәсіподақ ұйымына

Бізді әрқашан қолдайды

Кәсіподақ ұйымы

Он жыл толды міне маған

Менде оның мүшесі

Кәсіподақ ұйымы

Қолдай берсін біздерді

Шығармашылық жұмыспен

Өрлей берсін   еңбегің!

 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментария 2 Пікір қосу

  • Кез келген қоғамның өміріндегі ұстаздың ұлы міндетіне баға жетпейді. Мұғалім күнінің халықаралық мәртебеге ие болуы кездейсоқтық емес. Педагог болашақтың басты құрылысшысы және жасаушысы болып табылады.
    Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады — деп бекер айтылмаған. Сондықтан еліміздің ертеңі және ұлт болашағы-білімде деп санасаң, ұстаздардың ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Балауса балғын өмірдің нәзік үмітін жалғаған, тәуелсіз еліміз үшін жас ұрпақтың амандығынан, біліктілігінен, жүйрік ойларынан асқан бақыт жоқ. осындай өмірде әр азаматтың тәрбиесіне үлес қосып отырғаныңызға ыстық ықыласпен ризашылығымды білдіремін.
    Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беруде, жақсы қасиеттерін бойына дарытып, ел алғысына, ата-аналар алғысына бөлене беріңіз!
    Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

  • керемет! Жұмысыңа шығармашылық табыс, отбасыңа амандық,денсаулық, табыс тілеймін. қанатың талмасын,қаламың тозбасын!

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016