Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану

Шеберлік сыныбының тақырыбы: Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану
Жалпы мақсаты: Бастауыш сыныпта білім беру мазмұнын жаңарту тәсілдерінің қолдану тәжірибесімен бөлісу, ой қорыту.

Күтілетін нәтижелері: Оқушылардың жетістікке жетуі үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігін түсінеді және жаңа әдіс –тәсілдерді қолдану барысымен танысады.

Қосымша материалдар Презентация, маркер, стикер, түрлі-түсті парақтар, постер
Коучинг барысы
Іс-шаралар Коучтың және коучингкке қатысушының іс-әрекеттері

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 3 мин Жүрекшени алып «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз … қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүректі алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.

Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерТопқа бөлу 3 мин Өлең арқылы топқа бөлу

1 топ Қызыл өрік
2 топ Армандастар
3 топ Анашым
4 топ Ана туралы жыр
5 топ Атамекен
Қызығушылығын ояту кезеңі

10 мин 7-модуль
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық

1. Ассоциациялық карта құру
« Модуль идеялары»
2. Топтық жұмыс. Әр топ 1 модулден таңдап, кластер құрастырады
Мағынаны тану кезеңі 10 мин Әр топқа тапсырма таратып, топта акылдасып постер арқылы корсетеді және бір сабақтағы қолдануды жоспарлайды (сабақтың үзіндісі)

1 топқа Дарынды және талантты балаларды калай анықтауға болады.
2 топқа Оқушылардың оқу белсенділіктерінін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?
3 топқа Оқытудың сапасын арттыруда диалогтік оқытуды пайдалану
4 топқа Топтық жұмысты сабақта қолданудың тиімділігі неде?
5 топқа Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ой толғаныс кезені
7мин 1.Видео презентация «Жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану»

2. Видео «Бәрі өз қолыңда»
Видео ролик көрсету. Топ мүшелері бейне таспаны көру арқылы ой бөліседі
Кері байланыс 5 мин Екі жұлдыз, бір тілек арқылы стикерге ойларыңызды жеткізіңіздер.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

комментария 3 Пікір қосу

  • Коучингде мақсат дұрыс таңдалған.Қазіргі заманда адамдарға жүрек жылулығы туралы өз қасиеттерін осындай коучинг сабақтар арқылы көрсетіп,оқушыларғада үйрете алады деп ойлаймын.

  • Коучинг өте ауқымды әрі мағыналы , оқушыларға осындай коучинг сабактар жүргізіліп тұрғаны дұрыс.

  • Әр ұстаз оқу үрдісінде осындай әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білсе жан-жақты дамыған, білімді, көшбасшы шәкірттерді дайындайтынына кәміл сенемін.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017