Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жалқаубектің оқиғасы

Сахынаға Жалқаубек келеді.

Жалқаубек: осы мектеп, оқу, сабақ дегендерді кім шығарды екен?

Шіркін ай сол шығарған адамдар менен неге ақыл сұрамады екен. Егер олардың ақылдары жетпесе мен ақ айтып берер едім ғой. Оқығаннан ойнаған әлде қайда жақсы. Ойнаған адамның миы да, ақылы да тез толмаушы ма еді. Сонымен қоса ойынды көп ойнаған баланың денсаулығы да жақсы болмай ма? Түсінбей ақ қойдым. Мына сөмке де аппауыр осыны арқалап бойым да өспей қалды. Ішіне салғаным кітап, дәптер, қалам, сызғыш, өшіргіш барлығын ұстамақ түгілі көргім де келмейді. Сыныптастарым да қызық. Менің атым Жалғасбек ал олар мені өздерінше Жалқаубек деп бұрмалап алған. Сен жалқаусың, сен жалқаусың деп мазақтап қояды. Бірақ мен шындығында ешқандай да жалқау емеспін айыбым тек көбірек ұйықтап, көбірек ойын ойнағым келеді. Бүгін де қатты шаршадым, енді жатып жақсылап тұрып ұйықтап алайын сосын ойнауға шығармын.

Алыстан «Балам үйде су жоқ су әкеле қойшы» деген анасының дауысы естіледі.

Жалқаубек: Қазір, қазір анашым әкеліп беремін деп жатып қалады.

Осы уақытта қорқынышты әуен ойнайды. Жалқаубек түс көріп жатыр.

Сахынаға сөмке кіреді.

ASuzdddd

Мен мына жатқан Жалқаубектің сөмкесімін. Осы мені анасымен жүріп таңдап, қымбат бағаға қарамай жылап алғызған еді. Сол сәттегі көзінен аққан жасына қарап осы бала білім алуға құштар, ынталы жақсы бала екен деп қуанған едім, қателескен екенмін. Мені сатып үйіне әкелген күні сыйпалап қойнына алып жатқан. Ал мектепке келген күнен бастап аяққа салып мыжғалауды бастады. Жап жаңа сөмке едім ендігі халім осы.

Осы сәтте сахнаға кітап пен дәптер кіреді.

Сөмке достым менің де халім мәз емес. Кітапханашы мені Жалқаубекке бергенде осынша ескертіп күтіп ұстауын сұраған еді. Сол сәтте иа апай мен ұқыптап ұстап жыл соңында сізге тапсырармын деген болатын. Бірақ алған күнен ақ бетімді сызып бояй бастады. Бояғанды қойып жырта бастады. Сөйтіп әбден қорлап болды.

loading...

Дәптер: сендерге қарап жаным ашып тұр. Менің де жағдайым дәл сондай. Мен де алғаш дүкеннен шыққан кезімде жап жаңа аппақ болатын едім. Сыртын тыстап ,күтіп ұстаудың орнына шимайлап жыртып қорлап болды. Алғашқыда он екі бетім бар еді, жыртып жыртып екі ақ бетімді қалдырды.

Осы біз қорланып жүре береміз бе Жалқаубекке жазасын беру керек Біз үшін жасаған жамандықтары үшін жауап берсін. Барлығымыз жиналып әрекет жасайық. Достарымыз сызғыш, қалам, өшіргішті де шақырайық.

Сахнаға Өшіргіш , Қалам, Сызғыш кіреді.

Сызғыш: Жалқаубек менімен барлық сыныптастарын сабап, қылыштасып ойнап ақыры сындырып тынды.

Өшііргіш: Ал мені ше айнала лақтырып тістелеп өшірмейтінді өшіріп әбден қинады.

Қалам: Ал мына маған қараңдар. Ендігі халім осы. Күнде тісіне салып тістейді де отырады. Өзінің азу тістерімен тістеп тістеп ақыры басымды сындарды. Онымен қоймай сынған басыма сірінкенің бірнешеуін тығып қойды.

Өшіргіш: достарым осы көрген қорлығымыз да жеткілікті. Бәріміз осы жалқау баладан кетіп қалайық. Біздің қадірімізді түсініп, құрметтеп ұстайтын үлгілі балаларды көптеп кездестіруге болады. Одан да сондай білімге жаны құмар жақсы дос іздеп табалық, бірлесіп жолға шығайық.

Осы сәтте ұйықтап жатқан Жалқаубек орнында жатып сандырақтап өзінің өкпелеп кетіп бара жатқан оқу құралдарына айғайлайды.

Эй, қайда барасыңдар? Сендер менен кете алмайсыңдар мен сендердің ақыларыңды төлеп қойғанмын. Сендер менікісіңдер, ешкімге де кете алмайсыңдар! Тоқтаңдар ! Тоқтаңдар!

Осы сәтте «Балам ау тұрсаңшы енді. Үйге әлі су әкелмедің енді тамақты немен пісіремін» деген анасының дауы естіледі.

Тоқта, тоқтаңдар! деген үреймен Жалқаубек оянып кетеді де еңбектей өзінің лақтырып тастаған сөмкесін іздей бастайды да тауып алады.

Осы мен неге осындай жалқау болдым екен? Менің көрген түсім шындығында мені қатты ұялтты. Оқу құралдарымның алдында кіналімін.

Мен де жақсы бала бола аламын, менің де жақсы оқуға, ұқыпты болуыма болады ғой. Ендеше мен бүгіннен бастап Жалқаубек емес өзімнің анам қойған есімім Жалғасбек болуым керек.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016