Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ашық сабақ«Сүт қалай ұйықтады?»

Сабақтың білімділігі:Қазақтың белгілі сатирик-ақыны Оспанхан Әубәкіровтің өмірбаянымен таныстыру,ертегінің мазмұнын ашу,сүт тағамдарымен  таныстыру.Нақыл сөздер,тыйым сөздер,мақалдардың мағынасын ашу.

Сабақтың дамытушылығы:Оқушыларға бағыт-бағдарбере отырып,өздіктерінен жұмыс істеу,ой-өрісін дамыту,білім,іскерлік дағдыларын қалыптастыру,өзіндік талдау,жинақтау,жеке топтық жұмыста шапшаңдық таныту.

Сабақтың тәрбиелігі:Ертегі арқылы еңбексүйгіштікке,мейірімділікке баулу,төрт-түлікті құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:О.Әубәкіров суреті,әр бөлімге байланысты суреттер,сүт тағамдары өнімдері.

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Күлімде ,күн,күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін!

Күлімде,күн,күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Мысалдың мазмұнын 3-4 оқушыдан сұраймын.

Үй  тапсырмасын қорыту.

1.Мәтіннің авторы кім?

2.Автор кімнің басынан өткен жағдайды баяндайды?

3 .Салақтыққа сай келетін нақыл сөзді айт

4.Керім қандай жігіт?

5.Керімнің үстіне не қаптап кетеді?

6.Ол қайда жатып емделеді?

7.Керім қайда жұмысқа жалданыпты?

8.Қолын жумай не жейді?

9.Керім қандай күйге түседі?

BKTuzdddd

Сұрақтарға жауап ала отырып,салақтық,жалқаулық   сияқты жаман әдеттерден аулақ болу керектігін үйрету.Міне,осындай жаман әдеттердің бірі ұйқышылдық.Бүгінгі өтетін тақырыбымыз осы кереғар қасиет төңірегінде екендігін, «Сүт қалай ұйықтады?»ертегісінің өлең түрінде жазылғанын айтып түсіндіру.Оның авторы О.Әубәкіров-сықақшы,шығармаларында қоғамға жат қылықтарды өлеңмен,өткір тілмен сынап отырған.1934 жылы 4-мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.1986 жылы дүниеден өткен.

Ой қозғау.

-Сүт туралы не білесіңдер?

Мысалды оқу.Ертегіні оқушыларға оқыту.Сұрақ-жауап:

-Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?

Өздік жұмыс.

1.Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?

2 Ертегідегі нақыл сөзді  тап.

3.Ертегіден елдің сөзін тауып оқу.

4.Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап

Сөздік жұмыс

Суретпен жұмыс.Көрнекі түрде көрсету.

Балқаймақ-шұңғылдау ыдысқа шикі қаймақ/кілегей/ құйылады.Ол баяу жанып жатқан отқа қойылып,бетіне майы шыққанша араластыра отырып пісіріледі.Құмшекер,бал қосылады.

Қойыртпақ-қатық,айрант.б сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын.оны жолаушылар торсыққа құйып,қанжығаларына байлап жүрген.

loading...

Қорықтық/тасқорықтық/-тек қана қой-ешкінің сүтінен қойшылар өрісте жүргенде пісіріп ішетін тамақ.Ағаш тостаққа немесе саптыаяққа сауып алған қой сүтін отқа әбден қыздырғанша малта тасты бір-бірлеп салып отырады.Шикі сүт екі-үш минутта піседі.

Сергіту сәті: «Төлдер әні»

Топпен жұмыс  I-топ:Берілген буындардан сөз құрап жазу

қай рім сүз шұ мыз кө шұ қол і
і ай шік же бат ран ғап лық шік
ран мақ бе ай қы май ты тон Мақ

Қаймақ,ірімшік,сүзбе,айран,шұбат,қымыз,көже,шұлық,қолғап,тон,ішік

II-топ:Адам бойындағы жақсы,жаман қасиеттерді атау

III-топ:Жұмбақ шешу.Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? /Сүт/

Мал төлдеп әр ауыл

Пісірдік ақ бауыр.Бұл не? /уыз/

Күбіге құйып піскен не? /Қымыз/

Ұйытып қойып ішкенім не? /айран/

Кілегей шайқап алғаным не? /май/

Сөреге кептіріп жайғаным не? /Құрт/

Ой толғаныс.Бес жол өлең

1.Не?                     Сүт

2.Қандай ?           Сұйық,ақ

3.Не істеді?         Ұйықтап қапты

4.не үшін?            Өз қамын ойлап.

5.Жалпы ойды түйіндеу-өлең.

Венн көрсетуі

Сусындар                            Тағамдар

Айран              екеуі де         Балқаймақ

Қымыз            сүт өнімі        кілегей

Шұбат          денсаулыққа      Май

Шалап            пайдалы            Құрт

Іркіт                                            Сүзбе,уыз

Қойыртпақ                             ірімшік

Сабақты қорыту.

Шығарма аты:           «Сүт қалай ұйықтады?»

Авторы:                        Оспанхан Әубәкіров

Жанры :                        Ертегі

Жақсы қасиеттер:      Ұйқышылдықтан қашу,еңбекті сүйе білу

Жаман қасиеттер:      Ұйқышылдықтың зияны

Негізгі ой:                      Жаман әдеттен аулақ  болу

Қорытынды:                  Сүт өнімдерінің жасалуын біле жүру

Блинц-турнир сұрақтары.Кім жақсы меңгерді?

1-қатарға:1.Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген?

2.Сүттің аянышты халін кім байқады?

3.Жұрт « сары су» жайлы не дейді?

4.Ертегінің авторы кім?

2-қатарға:1.Бір күні сүтке не бопты?

2.Сүт неліктен жылады?

3.Ақын осы ертегі арқылы не айтпақ болды?

4.Оспанхан Әубәкіровтың туған жылы?

3-қатарға:1.Ел-жұрт неге қайран қалды?

2.Ұйықтаймын деп сүт қандай күйге ұшырады?

3.Өлең неліктен ертегіге жатады деп ойлайсың?

4.Оспанхан Әубәкіровтың туған жері?

Бағалау

Үйге:Ертегіні мәнерлеп оқу.

«Ұйқы дұшпан» тақырыбына шығарма жазу


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016