Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Өз ойым

Балабақшаларда балаларды көркем әдебиеттің түрлі жанырларымен: әңгімемен, ертегімен, өлеңмен, мысалмен таныстырылатынын білеміз. Кез келген шығарманы санаға сіңіру формасы жанырға және баланың жас мөлшеріне тәуелді. әйтседе барлық топтарда тәрбиеші әңгімелейді, кітаптан оқиды немесе жатқа айтады. Оны тәрбие бойынша жоспарлай отырып, баланың жас ерекшелігін ескеру және оларға мазмұны, қзінің мәнерлеу құралдары, орындалуы бойынша түсінікті шығармаларды іріктеп алу керек.өскен сайын шығармалар күрделене түседі. Оларды түрлі жанырлармен таныстырамыз. Толғанудың, аяудың, араласудың алғашқы формалары пайда болады. Тыңдағаны жайлы сұраққа жауап бере алады. Өлең айтуда еркіндік, табиғаттылық, қарапайымдылық, пысықтық қалыптасады.

Мысалы: 1 жастағы бала жартысында гуілдейді, екінші жартысында қарым-қатынас үлкеннің еркелеткен, әндеткен, ырғақты сқйлеумен қатарласқан эмоция – қимылды ойындар формасында болады. Сәбидің талпынысына қарай оның қимылды сүйемелдегенде және жетелегенде айтатын қысқа тақпақтар, оған балаға деген жылы сезім, деніне саулық тілеу енеді. әлпегтеу, ойнату тақпақтары қысқа, екі сөзден тұратынын білеміз.

Ал 2 жастағы кезеңді – ана тілін ынталы қарқынмен игеру езеңі десек қате айтпағанымыз. Өледер, ертегілер, әңгімелердің мәнін түсіну, олардың дыбыстық ұйқасына, сөз қайталауына, эмоциялы үн қосу қалыптасады. Үлкен әңгімелегенде ойыншықтарды, суреттерді көрсетіп отырады.

loading...

3 жастағы балалар сөз тіркестерін, күрделі сөйлемдер айта алады. Үлкендерге шығарма бойынша сұрақтарды қоя алады. «Ол кім?», «Не істеді?» т.б.

4 жастағы балалар өз еріктерімен қысқа әңгіме құрастыра алады. Еркін сөйлеп, үлкендердің мазасында алуы мүмкін. Және үлкендермен  қарым-қатынасқа жақсы түседі.

Жалпы алғанда 4-7 жастағы бала көркем әдебиет шығармаларын тереңірек қабылдайды. Өз ойын айтады. Жаттаған өлеңдерін  әр жерде есіне түскен кезде қайталап жүреді. Оқылған кейіпкер жайында пікірін айтып отырады. Шығармалар ауқымы кеңейеді.

Ересек тобындағы балаларды, кішкентайларға қарағанда мазмұны мен формасы жөнінен әлде қайда күрделі ертегілермен, әңгімелермен, өлеңдермен таныстырады. Көрнекілікті пайдалана отырып, тәрбиеші балаларға сұрақ қояды «Әңгіме ұнады ма?», «Несімен ұнады?». Кейін шығарма мазмұнын түсінуге көмектесу мақсатындағы сұрақтар қойылады.

Көркем әдебиет пен педагогикалық жұмысында қолданылатын мынадай әдістерді бөліп көрсетуге болады:

  1. баланы прозамен, поэзиямен, ауыз әдеббиетімен таныстыру алдындағы әңгімелесу;
  2. балаларды шығарманы қабылдауға даярлайтын тақырыптық экскурциялар;
  3. мазмұны мен формасының тұтастығымен эстетикалық қабылдауға және талдауға көмектесетін әңгімелесулер;
  4. тілдің граматикалық дұрыстығын және мәнерлігін жетілдіруге арналған жаттығулар;

Балалармен  бұл жұмысты істей отыра, сөздердегі әрбір дыбысты анық шығарып, табиға дауыспен ашық айтуға, оқып тұрған нәрсеге өзінің қарым-қатынасын көрсетуге үйретуге ұмтылу.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016