Зат есімнің тәуелденуі

Сынып:3

Пәні:Қазақ тілі                          

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты:

  1. 1.      Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіретінін, үш жағы болатынын және олардың І,ІІ жақтарының адамға меншікті айтылатынын, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға қатысты екенін ұғындыру.
  2. 2.      Жаттығулар орындау барысында сөзді дұрыс тәуелдей білу дағдыларын арттыру
  3. 3.      Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қималар, үлестірме қағаздары

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, қызығушылықтарын ояту, баяндау, әңгімелеу, т.б.;

Сабақтың барысы:І. Қызығушылықтарын ояту (оқушылардың көңіл-күйін бақылау, сабаққа дайындықтарын тексеру)

Үй жұмысын тексеру. Жазған шығармаларын оқу.  ІІ. Мағынаны ашу.

-Балалар бүгінгі сабақта біз  сендермен жаңа тақырыппен танысамыз.  Ол зат есімнің тәуелденуі.(Ең алдымен мұғалім  меншік, тәуелді, ие деген сөздердің мағынасын ашады. Мысалы, мынау менің қаламым, дәптерім, кітабым т.с.с Мұнан соң менің, сенің, сіздің, оның деген сөздер заттың иесін білдіретіндігі түсіндіріледі. )

-Тәуелдік жалғаудың І,ІІ жағы әрқашан адамға қатысты болса, ІІІ жағы адамға да, заттарға да қатысты бола береді. Мысал келтіру.

Көркем жазу. ИИИИИИИИ

ииииииииии(үзбей жаз)

Көру диктанты.

Менің кітабым өте қызықты. Сендер дәптеріңді ашып қойыңдар. Бұл сіздің журналыңыз. Ол қылқаламын алды.

-Қарамен жазылғын сөздерге назар аудар.

Оқулықпен жұмыс

-Оқулықтың 158-бетін ашайық.

38-жаттығу (жазбаша).  Сөйлемдерді оқы. Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Менің сағатым үйде қалды. Сенің мысығың терезенің алдында отыр. Жақсылықтың қаламы партаның үстінде жатыр.

  • Сөздерге жалғанған қосымшалардың қандай мағынаны білдіріп тұрғанын байқа.

39-жаттығу.(жазбаша)  Сөздерді үлгі бойынша өзгертіп жазайық.

Менің  анам,қолым,қозым етігім

Сенің анаң,қолың,қозың,етігің

Сіздің анаңыз,қолыңыз,қозыңыз,етігіңіз

Оның анасы, қолы,қозысы,етігі

Біздің анамыз,қолымыз,қозымыз,етігіміз

Сендердің аналарың,қолдарың, қозыларың,етіктеріңіз

Сіздердің аналарыңыз,қолдарыңыз,қозыларыңыз,етіктеріңіз

Олардың аналары,қолдары,қозылары,етіктері.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017