Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Әдебиеттік оқу сабағы 3-сынып

Әдебиеттік оқу сабағы 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Туған жер. Ө. Қанахин.

Сабақтың мақсаты: мәтін мен тарау тақырыбын үлкен ұғымдағы мағыналық байланыста ашуға мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Мәтін мазмұны мен идеясын ашуға, мәтіндегі көркемдегіш құралдарға көңіл бөле отырып, талдауға мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту; тез, өнімді жұмыс арқылы уақытты үнемді пайдалана білу мүмкіндігіне дағдыландыру.

Тұлғалық нәтиже. Өзгенің де пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жағдай туғызу, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тек қана туған тіл арқылы ғана жеткізуге болатынын сезіндіру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: Қазақстан картасы, табиғат суреттері, үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Түртіп алу», «Топ болып зерттеу», стратегиясы, туған жер туралы әндер, бейнефильм, слайд.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

І. Қызығушылықты ояту.

Табиғат     Отан      Ұлан      Отбасы   сөздері бойынша  4- топқа бөліну.

Ой шақыру стратегиясы. 1. Туған жер сөзін естігенде  ойларына не келеді дәптерге түртіп алу.

  1. Жазылған мәтінді оқушылар өз топтарында оқиды, әр топтан бір оқушы яғни спикер ортаға шығып ойын айтып береді.

ІІ.  Мағынаны тану.

  • а/ Мұғалімнің  кіріспе сөзі: 

Imuz

Туған елім – туған жерім

Туған елдің жұпар атқан ауасы, жүректей болып желмен лүпілдей соққан гүлдері, оның шынайы табиғаты,  туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі біздің туған елді құрайды. Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен — көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз –пайдалы қазбалардың ордасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына  қуанамыз.  (картадан көрсету).

  • ә) «Менің өлкем» бейнефильмін көрсету.

Балалар бүгінгі сабақта Өтебай Қанахиннің «Туған жер» әңгімесімен танысамыз.

  • Әңгіменің авторымен таныстыру.  (слайд көрсету).

Өтебай Қанахин (1923-1990) Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Мұрагер», «Көл жағасында» т.б кітаптардың авторы.

loading...

Мұғалімнің сыйы: Мәтіннің мазмұнын  әңгімелеп беру.

Сөз маржаны айдары:

Сөздікпен жұмыс.

Киелі – ерекше қасиеті бар.

Ризық – бұйырған нәсіп, ырыс.

Маңғаз – кербез, паң, тәкаппар.

Зеңгір – аспандай  биік.

Оқушылардың сұрағына жауап беру.

Оқулықпен жұмыс.

1«Туған жер»  мәтінін  4- топ, 4  абзацты оқып шығады.

Топта мәтін бөлігін мазмұндайды. Әр топтан 1 орқушы шығып ортаға мазмұндап береді.

1 – топ Туған жер сөзіне мәндес сөздер жазады.

2 – топ. Азаматтық  парыз, борыш сөздерінің мағынасын ашып жазады.

3 – топ Туған жерге қызмет ету дегенді қалай түсінетдерін жазады.

4- топ Туған жер тақырыбына мақал мәтел жазады.

Әр топ тапсырмаларын орындап ортаға шығады.

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар.

Дәптермен  жұмыс.

  • Балалар әңгімеде пейзаж яғни табиғатты қандай сөздермен суреттеген?

дәптерге жазу.

ІІІ. Ой толғаныс.

1-топ.   «Менің елім» сурет салу

2-топ. Туған жеріңде нені мақтан етесің? сұрағына жауап беру.

3- топ.Өлең құрастыру. «Туған жер» Қ. Шаңғытбаевтың өлеңі. Оқушылар жасырынған сөздердің орнына сөз қойып өлең шығарады.


Туған жер

Туған жер –   . . .      бесігім,

Тербеттің     . . .        төсіңде.

Жүреді сенің               . . . ,

Мәңгі де       . . .        есімде.

 

Туған жер –   . . .      мекенім,

Бақытым        . . .      аңсаған.

Мәңгі де         . . .      өтемін,

. . .         болып   . . .  саған

 

Туған жер

Туған жер – алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің,

Мәңгі де бақи есімде.

 

Туған жер – алтын мекенім,

Бақытым сенсің аңсаған.

Мәңгі де бақи өтемін,

Қарыздар болып мен саған.

 

Оқушыларға ақынның жазған өлеңін оқып беру.

4- топ. Бес жолды өлең құрастыру.

Әр топтың тапсырмалары тыңдалады.

Мұғалім:

  • Балалар жазушы өзінің туған жеріне қандай сезімін білдірген?
  • Туған жердің ризығына нелер жатады?
  • Өз туған жеріміз Бурабайдың қандай сұлулығын айтар едіңдер?
  • Ақындар өлең шығарып, композиторлар ән шығарып, туған жерін әркім еске алып отырған. Бәріміз бірге «Өз елім менің» Сөзін жазған: Қ. Мырза Әли, әнін жазған: Н. Тілендиев әнін орындайық.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: « Менің еліме қосар үлесім» эссе жазу.
ІХ.Бағалау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016