Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Арман қанатында

«Бал балалық, балдырған шақ, бала арман,

Барлық бала армандауға жаралған» — деген өлең жолдарының әсем ырғағындай, мен де бала кезімнен арманшыл едім.

Отбасында екінші бала болғандықтан, қазақ отбасында қалыптасқан дәстүр бойынша, мен нағашы ата-әжемнің қолында тәрбиелендім. Отбасымызда мемен 11 жас үлкен нағашы ағам ғана болды. Мен әрі кенже, әрі жалғыз қыз бала болғандықтан, ерке, тентек болып өстім. Қожағұл атамды ағам сияқты мен де «папа» — деп, әжемді «апа» деп атадым. Папам мен ес білгеннен бас-тап, неше түрлі ғажайып ертегілер мен қиссалар айтып, түрлі тақпақтар жаттатқызатын. Содан кейін, үйдің есігін тақта қылып, алфавиттің барлық әріптерін үйрететін. Бүгінгі өткен сабағымды ертеңіне «комиссияның» ал-дында, яғни көрші аталардың алдында айтып беретінмін. Папам болса, менің әр жетістігіме «төбесі көкке жеткендей» қуанатын. Өйткені, күнде таңертең папама әңгімелесуге келетін көрші аталар менің сабағымды «өте жоғары» бағалайтын. Менің ұстаздық мамандығын таңдауымның себебі де, осы «алғашқы ұстазымның» ерен еңбегінің арқасында –десем артық айтқан болмас едім.

2novemuzddddkbd

Осылайша, папамның қажырлы еңбегінің арқасында, мен оқи да, жаза да алатын, дайын оқушы болып, мектеп табалдырығын аттадым. Мектепте озат, үлгілі оқушы болдым. 7-сыныпта оқып жүргенде, ағам үйленіп, жеңгелі бол-дым. Жеңешем Ажар біздің ауылымызға жолдамамен келген, атына заты сай ақылды да, ажарлы бастауыш сынып мұғалімі болатын. Менің мұғалім болам деген арманыма жеңешем одан әрі қанат бітірді. Өйткені, Ажар тәтем өзінің студенттік өмірін, оқып-білгендерін ертегідей етіп әңгімелейтін.

«Арман қанатында» қалықтап, сегізінші сыныпты жақсы бітіріп, Ә.Майкотов атындағы Целиноград педучилищесінің бастауыш сыныптар бөліміне оқуға түстім. Ұлағатты ұстаздарым Сара Мақшанована, Әлия Назаровна, Елемес Қабылдиновна, Оспан Омарович, Жақсылық Айтеми-рович сияқты ұлағатты ұстаздардан дәріс алып, 4 жыл ұстаздықтың қыр-сырын меңгердім. Училищенің домбыра үйірмесіне қатысып, оркестрдің белсенді мүшесі болдым. 1979 жылы училищені жақсы аяқтап, жолдамамен Ұялы негізгі мектебіне мұғалім болып орналастым. Ол мектепте де Идрисов Ғалымжан Идрисович, Түсіпбекова Нұржамал Шәріпбекқызы, Хасенова Рәш Хасеновна сияқты тәжірибелі ұстаздар бағыт, бағдар беріп, ұстаздық жолына тәжірибе жүзінде баулыды.

loading...

1980 жылы Кеңбидайық ауылының Жетпісбай атты азаматына тұрмысқа шықтым. Жұбайым 90 жастағы қарияның жалғыз ұлы екен. Енем мен келін болып түскеннен кейін көп ұзамай дүниеден озды. Үйдің барлық тіршілі-гімен қатар, мектептегі жұмысым, үйдегі кішкентай сәбиімнің, тоқсаннан асқан атамның күтімі менің мойнымда еді.Жолдасым таңертеңнен кешке дейін жұмыста болатын.

1982 жылы мектеп директоры мені шақырып алып, жодама бойынша жоғарғы оқуға баруды ұсынды. Тұңғышымыз Гүлдана бір жастан жаңа ғана асқан, үйде жасы келген атам бар, мен тіпті барам деп ойламадым. Сонда да, үйге келіп отағасымен ақылдасып едім, ол: « Бағыңды сынап көр, түсіп кетсең сырттай оқып бітіріп аласың» –деп жолымнан қақпады. Иманды болғыр атам да қарсы болмады. Атамның ақ батасымен, туған туысқанда-рымның қолдауының арқасында, cол жылы С.Сейфуллин атындағы Цели-ноград пединститутына түстім. Бір қолыма бесігімді, бір қолыма сәбилерімді қысып жүріп, 1987 жылы институтты бітірдім. Атамның арқасында жұмыс-тан қол үзген жоқпын, үш сәбиімді де қанатының астына алып, бағып-қақты. 1990 жылы 100 жасқа келіп дүниеден озды.

Содан бері, бүгінгі күнге дейін, 35 жыл бойы бастауыш сыныптың балдай тәтті балдырғандарына алғаш қалам ұстатып, әріп танытып, білімнің іргета-сын қалап келемін. Шәкірттерім еліміздің әр түкпірінде, түрлі салада жемісті қызмет етіп жатыр. Кейбіреуі өз жолымды қуып, өзіммен үзеңгілес, туған ауылында, өз мектебінде еңбек етуде. Алдымнан тәлім-тәрбие алып, хат таныған әр оқушымың жеңісі, менің мақтанышым. Кейбір әріптестерім: «Бастауыш сыныпта оқыту қиын ғой? Жоғары сыныпқа неге ауысып кет-пейсің?»-дейді. Ал маған бастауыш сынып балаларынан артық, олардан ақылды, олардан мейірімді бала жоқ сияқты. Мектепке барып, күнде оларды көріп, олардың жайнаған жүздерін көру, олардың сан қилы сұрақтарына жауап беру, мен үшін үлкен бақыт. Мектепке кірген бойда, алдымнан шығып, «апай, апай»-деп біреуі сөмкемді көтеріп, біреуі қолымнан ұстап, таласып-тармасып қарсы алғандарынан артық не бар, шіркін…

Қазір үш баламыз да отбасын құрған, жоғары білімді мамандар. Тұңғышым өз жолымды қуып, мектепте тәрбиеші болып қызмет етеді. Екнші қызымыз Жұлдыз ҚР ІІМ училищесінде кадр бөлімінің маманы, полиция капитаны. Кенжеміз Досхан Әскери полиция қызметкері. Алла берген сегіз немереміз желкілдеп өсіп келеді. Бәрі де жақсы оқиды. Жақында Жұлдызымыздың тұңғышы Әлкей Астана қаласында бокстан өткен жарыста, 1-орын алып, өз салмағында Астана қаласының чемпионы атанды.

«Армансыз адам, қанатысыз құсқа тең» дегендей, отағасымыз екеуіміз енді осы немерелеріміздің азамат болғанын көрсек, бізден бақытты адам болмас еді — деп ойлаймын.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016