Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Көбейтудің терімділік қасиеті

Cабақтың тақырыбы: Көбейтудің терімділік қасиеті

Мақсаты: а) Есептер шығаруда көбейтудің терімділік қасиетін тиімді

қолдануды меңгеру

ә) Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, тез, дұрыс

есептеу дағдысын жетілдіру

б) Оқушыларды отансүйгіштіке, достыққа, ынтымаққа, бірлікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Әдісі: Түсіндірмелі көрнекі, жаттығу.

Көрнекілік, техникалық құралдар: Интербелсенді тақта, электронды оқулық, жаңа тақырыпқа байланысты презентация.

2novemuzddddkbd

Сабақтың барысы

1. Үй тапсырмасын тексеру

* Балалар біз көбейтудің қандай қасиеттерін білеміз?

* Ауыстырымдылық және үлестірімділік қасиеттерін.

* Дұрыс айтасыңдар. Қазір көбейтудің сол қасиеттерін бір пысықтап алайық. (Электронды оқулықтан пысықтау )

Көбейтудің қасиеттеріне байланысты тапсырмалар орындау, тексеру (Ауыстырымдылық қасиеті №1,2-тапсырма және үлестірімділік қасиеті №1,2,3-тапсырма)

2. Жаңа сабақ

* Ал енді бүгін көбейтудің тағы бір қасиетімен танысамыз(Электронды оқулық арқылы түсіндіру)

3. Оқулықпен жұмыс

Есеп 1. Слайд арқылы ауызша шығару

Есеп 2. Сурет бойынша түсіндіре отырып, қай тәсілдің тиімді екенін анықтау.

Ережені оқып, жұпта талдау.

4. Сергіту сәті «Қазақстан халықтары ассамблеясына-20 жыл» тақырыбындағы тәрбие минуты(слайд арқылы түсіндіру).

* 2015 – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы

loading...

Өмір – өзен, өз кезегімен жылыстай жылжып, тағы бір жыл артта қалды. Жасампаз Қазақ елінің жарқын жетістіктерін жылнамаға жазу еншісіне тиген келесі жыл, 2015 – қой жылы табалдырықтан аттады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялағаны белгілі. Айтулы жыл мызғымас бірлігі мен бұлжымас татулығын ту еткен еліміздегі ең белді институттардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр.

Ассамблея жылы қатардағы көп мерейтойлардың бірі емес. Бұл – Елбасы айтқандай, той тойлайтын емес, ой ойлайтын жыл. Себебі, елдегі бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен татулықты сақтап, дамытудың бірегей тетігіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің өшпес құндылығы – Тәуелсіздікке тірек болған Ел бірлігінің ең басты тұтқасы.

* Соңынан «Бала тілегі» әнін би қимылдарын жасап тұрып айту.

5. Дәптермен жұмыс

Есеп 3. Кезекпен тақтаға шығып, түсіндіре отырып, орындау.

(5*3)*2=30 (7*2)*5=70 20*(5*8)=800

4*(3*20)=240 6*(3* 5)=90 (50*4)*2=400

Есеп 4. Сынып болып талдап орындау.

3 сөреде — 8 қораптан

Әр қорапта- 6 құтыдан

Барлығы -? құты

1-т. ( 3*8)*6=24*6=120+24=144

2-т. 3*(8*6)=3*48=144

Жауабы: барлығы 144 құты.

3 подъезде- 10 пәтерден

Әр пәтерде-4 терезеден

Барлығы -? терезе

1-т. (3*10)*4 =120

2-т. 3*(10*4) = 120

Жауабы: барлығы 120 терезе

6. Сабақты қорытындылау. Электронды оқулықтағы тапсырмалар арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

7. Білімдерін бағалау. Оқушылар бір-бірінің білімдерін түсінік бере отырып бағалайды.

8. Үйге тапсырма Есеп 5,6. Ереже жаттау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016